1 Бейіндік оқытудың мақсаты мен міндеттері Бейіндік оқыту



бет33/58
Дата22.12.2023
өлшемі9,12 Mb.
#198482
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   58
Байланысты:
12 жылдық сеcсия Т (копия)-1-1

Тұжырымдаманың мақсаты — 12 жылдық мектеп жайында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беру жүйесін жаңарту жолдары мен дамыту стратегиясын айқындау.
Тұжырымдаманың міндеттері:

25)12 жылдық білім беру жүйесіне өтудегі негізгі басымдықтар.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін жетілдірудің басты міндеті - білім берудің қазіргі заманғы сапасын қамтамасыз ету және білім беру жүйесінің барлық құраушыларын жеке тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің өзекті әрі болашақ сұраныстарына сәйкестікке келтіру болып табылады.
Жаһандандыру жолымен келе жатқан қазіргі заманғы әлемде бәсекелестік жағдайына тез бейімделу қабілеті тұрақты дамудың ең маңызды факторы болып табылады. Кез-келген дамыған елдің бәсекелес-тік мүмкіншіліктері көбіне білім беру жүйесінің жай-күйімен анықтала-тын оның әлеуметтік капиталының дамуына байланысты.
Қазақстанда жүргізіліп отырған білім беру жүйесін реформалау білім берудің барлық деңгейлерін қамтиды, дегенмен жалпы білім беру мектебіңің жоғарғы сатысын ауқымды өзгерістер күтіп отыр. Жалпы орта білім беру құрылымын жаңарту еңбек рыногының сұраныстарын ескере отырып, 12 жылдық мектептің жоғарғы сатысындағы оқушыларды әлеуметтендіруді көздейтін бейіндік оқытуды жүзеге асыруға, мектептің
кәсіби білім беру ұйымдарымен икемді байланысын шындауға бағытталған.
Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетте 2006 жылғы 27 мамырда оқыған «Инновация және білім арқылы экономиканы білу» атты дәрісінде: «Әлемнің бәсекеге анағұрлым қабілетті 50 елінің қатарына Қазақстанның кіру міндеті тек мына жағдайда ғана шешілуі мүмкін, егер оны өмірге нарықтық экономикаға бейімделе алатын, басқару тәжіри-белері бар, ғылыми технологиялар білімін игерген жоғары білікті мамандар өндіретін болса», - деп атап өтті.Даму үстіндегі қоғамға әртүрлі салада табысты түрде жұмыс істеуге дайын мамандардың жаңа типі кажет. Қазіргі заманда мамандарға талапты еңбек нарығы қалыптастырады. Проблемаларды шеше алу және команда құрамында бірге жұмыс істей білу дағдысы, мақсатты дұрыс қоя білу қабілеті және оған тиімді жолмен жете білу, тәуекелшілік, бастамашы бола болу, білім деңгейін ұдайы арттыруға ұмтылу және тағы басқалар ерекше құндылыққа ие болып отыр. Сонымен қатар, адамнан жеке жауап-кершілік, міндеттілік, тіл табыса білу сияқты қасиеттер де талап етіледі.Қазақстандық білім берудің қолданыстағы жүйесі еліміздің әлеумет-тік-экономикалық дамуын кадрлық тұрғыдан қолдауды толық түрде қамтамасыз ете алмай отыр, жеке тұлғаны дамыту және мектеп оқушысын кәсіби тұрғыдан өз орнын табуына қажет біліммен қамтамасыз ету, өзінше талдау жасау, өзін-өзі тану қабілеттілігін дамыту міндеттерін жеткілікті түрде шеше алмай отыр. Қазіргі мектеп түлектері өзінің білімін жалғас-тыруына қажет бағыттарды тез әрі дұрыс таба алмай отыр, өзінің болашақ кәсіби кызметі мен мемлекеттің экономикалық технологиялық және қорғаныс қабілетінің дамуы арасындағы байланысты жеткілікті білмей отыр. Қалыптасқан жағдайдан шығудың жолы жоғарғы сынып оқушыларын болашақ кәсіби әрекетке бағыттау бағытында мектептердің жұмысына маңызды өзгерістер енгізу болып табылады.Жалпы орта білім беру мектебінің жоғарғы сатысы қазіргі білім беруде негізгі орын ала отырып, көбіне кәсіби білім беру жүйелерінің мүмкінші-ліктеріне және жас адамдардың кәсіби әрекетінің сапасына үлкен әсерін тигізеді. Жоғарғы деңгей ерекше білім беру кеңістігін құрайды, себебі оның шеңберінде жеке тұлғаның әлеуметтік, кәсіби және азаматтық тұрғыдан қалыптасу сатысы өтеді. Қоғамның қандай білікті кәсіби маман алуы жас адамның қандай азаматтық және адамгершілік позициялар тұрғысынан білім алуды және кәсіп таңдауды жүзеге асыруына тәуелді.
Бейіндік білім беру жүйесі - жоғарғы сынып оқушыларына арналған мемлекеттік және қоғамдық мүдделерге, жеке тұлғаның мүддесіне, жасөспірімнің жас ерекшеліктеріне және білім беру саласындағы әлемдік ағымдарға сай келетін оқыту үдерісін ұйымдастырудың анағұрлым тиімді формасы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет