Бастауыш мектеп оқушыларының педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері



бет1/12
Дата23.05.2020
өлшемі417,5 Kb.
#70822
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Камалова Дилафруз ДИПЛОМ



МАЗМҰНЫ




Кіріспе




1

Бастауыш мектеп оқушыларының педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері




1.1

Бастауыш мектеп оқушыларының жетекші іс-әрекеті




1.2

Бастауыш мектеп оқушыларының психикалық процестері және олардың көрініс беруі




2

Бастауыш сынып оқушыларын сөйлеуге үйретуде ертегілерді қолдану әдістері




2.1

Бастауыш білім беруде және шет тілін үйренуде ертегілердің рөлі




2.2

2-ші және 3-ші сынып оқушыларын ағылшын тілінде сөйлеуге үйрету кезінде ертегі мәтіндерді қолдану




2.3

Бастауыш сынып оқушыларын сөйлеуге үйретуде ертегілерді қолдану әдістері







Қорытынды







Қолданылған әдебиеттер тізімі







Қосымша




Кіріспе

Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңында», білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шындауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын еңгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық комуникация желілерге тығу деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді.

Оқушылардың оқу – танымдық іс-әрекетін белсенділігін қалыптас- тыруда олардың қабілеттерін дамытуға,танымдық жан қуаттарының оянуына ықпал етіп, іздесіне талабын ұштауға білім деңгейін жетілдірудің маңызы ерекше. Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеті күрделі процесс. Ол іс-әрекет мақсатын, мазмұны мен қорытындысын түрлері мен әдістерін, мотивтерін, деңгейлерін қамтиды.

Оқу-танымдық іс-әрекет шәкірттің білімге деген өте белсенді ақыл-ой әрекеті. Ол танымдық қажеттілікпен, мақсаттан таным қисындарынан және әрекетті орындаудың тәсіл-амалдарынан тұрады.

Қазіргі Қазақстандық қоғам көп ұлттық, көптілділік және көпмәдинеттілік жағдайда. Сондықтан осы қоғамға бейімделген көп тілді меңгерген мәдениетті тұлға қалыптастыру - өзекті мәселелердің бірі. Бүлдіршін жаста меңгерілген білімнің іргетасы берік әрі мықты болмақ.

Ал осы берік әрі мықты білімді санаға себелеп, жанға ұялататын әрине мұғалім. Ағылшын тілі пәні мұғалімдері қазіргі кезде ағылшын тілін оқыту сапасын жақсарту мақсатында тіл үйрету саласында әлемдік озық тәжірибелерді, жаңа технологиялар мен ойындырды барынша қолдануда.

Қазақстанның білім беру жүйесінің әлемдік білім кеңістігіне біртіндеп өтуі жағдайында шетел тілдерін оқытудың рөлі артады. Әрине 12 жылдық білім беру жағдайында ағылшын тілін оқыту әдістемесінің бірі ойын элементтерімен іс-әрекеттер арқылы оқыту. Ойын элементтері оқытудың бір түрі болып табылады.Бұл әдістің тиімділігі оқушылардың белсенділігін пәнге деген қызығушылығын,ынтасын арттыруында болып табылады.

Келешекте жаппай 12 жылдық білімге көшетіндіктен 12 жылдық  білім беру бойынша мемлекеттік стандарт жобасын алып қарасақ та  оқытудың ойын технологиясына үлкен мән берілген. «Пәндік, пәнаралық сипаттағы дидактикалық және сюжеттік, рөлдік ойындар білім алушыға өзін танытуға, жолдастарының пікірімен санасуға, көпшілік алдында сөйлеу қабілетін үйренуге, жан-жақты білімін көрсетуге мүмкіндік береді. Рөлдік, сюжеттік ойындардың көмегімен білім алушылардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыратын оқу міндеттерін шешуге болады.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет