Мазмұнды деңгей оқу бағдарламалары мен оқу әдебиеттерінің вариативтілігін, кіріктірілген оқу курстарын енгізуді, мектептің бейіндік оқыту бағыттарын, оқушының- таңдау бойынша курстар құрамын таңдау мүмкіндігін қарастырады. Оқу процесі – оқытудың жинақталған жүйесі негізінде құрылады.
Технологиялық деңгей оқытудың тиімді технологиясын енгізумен анықталған. Оқу бағдарламалары тек қана оқылатын материалды ғана емес жоғары сыныптағылардың қызмет түрлерін көрсетеді: зерттеу, пікірталас, құрастыру, жобалау және т.б.
2) 12 жылдық білім беру мәселесі
12 жылдық білім беру жүйесіне көшу-қоғамдағы елеулі өзгерістер мен адамдар арасындағы қарым-қатынас құралдарының қарыштап дамуына байланысты жаңа адамды қалыптастыруды көздеген заман талабы. Жалпы 12 жылдық мектептің мақсаты: жедел дамып келе жатқан ортада өмір сүруге қабілетті,өзін-өзі дамытуға, өз ойын еркін айта білуге, өз қалаулары мен қоғам талабына сай, өзін көрсете білетін жоғары білімді, ұлттық тілді,тарихты жетік меңгерген, отандық және әлемдік мәдениетті бойында қалыптастырған, бәсекеге қабілетті,шығармашылығы дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болып отыр. Жас ұрпаққа білім беруде, оларды болашақ еліміздің тұтқасы етіп тәрбиелеу-әр ұстаздың, әрбір мектептің ең қасиетті міндеті. Осы міндеттерді орындау мақсатында білім беру саласында да елеулі әрі ауқымды өзгерістер өрістеуде.
Осы мақсатта мемлекетіміздің білім сапасын арттыратын түрлі құжаттар қабылданып, бағдарламалар енгізілуде. Білім беруді жаңарту-үнемі алға қарай ұмтылу мен дамыту үрдісі,бұл білім беруде кезең-кезеңімен өтетін және алынған нәтижелерге сәйкес түзету енгізіліп, талданатын өзгерістер. Сонымен қатар білім беруді жаңарту үрдісі салт-дәстүрді, мәдени мұраны, жалпы ұлттық құндылықтарды көздің қарашығындай сақтауды талап ететін тұрақты жүйелерден тұрады. Сондықтан да 10 жылдық оқытуға біртіндеп көшуді жүзеге асыру-оның қажеттілігі мен тиімділігін әр педагогтың, әр ата-ананың сапалы түрде түсінуін, қабылдауы мен оған белсенді түрде араласуына мүмкіндік беруді, асқан ұқыптылық пен сезімталдықты қажет ететін үрдіс. 12 жылдық мектептің басты ерекшелігі: ұлттық құндылықтарды баланың бойына сіңіру арқылы оның жан-жақты дамуына; өз пікірі мен ойын ашық жеткізуіне; адамға табиғатынан берілген шығармашылық қабілетін толық іске асыруына; әр елдің экономикалық, мәдени,саяси өміріне белсенді араласуына мүмкіндік беру.
Достарыңызбен бөлісу: |