1 Бейіндік оқытудың мақсаты мен міндеттері Бейіндік оқыту


) Білім беру мазмұнын жаңартудың негізгі бағыттары



бет5/56
Дата22.12.2023
өлшемі9,12 Mb.
#198478
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56
Байланысты:
12 жылдық сеcсия Т (копия)-1-1

5) Білім беру мазмұнын жаңартудың негізгі бағыттары
Білім беру мазмұнын жаңартудың негізгі бағыттары мыналар:

  • білім беру мазмұнын қоғамның қазіргі әлеуметтік-экономикалық сұранысына сәйкестендіру;

  • білім беру мазмұнын ізгілендіруді, оның вариативтілігін қамтамасыз ету;

өз бетімен білім алуға, оны практикада қолдана білуге және қажетгілікке тәрбиелеуге бағытталған, негізгі құзырлылық қалыптастыруға ықпал ететін білім беру мазмұнымен қамтамасыз ету;

  • танымдық уәждемелерін калыптастыруға бағытталған білім беру мазмұнын іріктеу,

  • білім беру мазмұнын оқушының ғылыми тәсілмен тануына, өз бетімен ізденуіне мақсатты және жүйелі тартуға бағдарлау;

  • білім мазмұнын ұлттық мәдениетті құрметтеуге, өзге мәдени бастамаларға ашық болуға тәрбиелеуге бағдарлау.

Отандық және халықаралық мектептердің орта білім беру мазмұнын ұйымдастырудағы тәжрибесін ескере отырып, Қазақстан Республикасының білім беру мазмұны құрамына 8 білім саласы енгізілді: «Тіл және әдебиет», «Математика», «Жаратылыстану», «Қоғамтану», «Технология»», «Өнер», «Дене шынықтыру», «Адамтану».
Білім беру саласының мазмұны Мемлекеттік базистік оқу жоспарларында қарастырылған пәндер арқылы іске асырылады.
Білім мазмұнына инварианттық компонент (өзінің мазмұны мен жүйесі бойынша мемлекеттік базалық білім беру стандарттарының талаптарына жауап беретін оқу бағдарламасының жалпы міндетті бөлігі) және вариативтік компонент (оқушылар мектеп ұсынған арнаулы курстардан өздерінің қалауы және таңдауы бойынша игерілетін оқу жоспарының вариативті бөлігі. Мұңда оқушының өзіндік зерттеулік дағдыларын қалыптастыруға арналағн «Зерттеу мәдениетінің негіздері» атты арнаулы курсы беріледі), жоғары сатыға (11-12) сыныптар бейіндік компонент (таңдауы бойынша тереңдетіліп оқытылатын, өзінің мазмұны мен жүйесі бойынша бейінді білім стандарттарына жауап беретін оқу пәндерінің, модульдердің, курстардың жиынтығы) қосылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет