№1 белгіленген құрылымды латынша атаңыз


Қызметі.Шәует сұйықтығын сыртқа шығарады. 6.vesica urinaria-



бет26/34
Дата16.09.2022
өлшемі15,35 Mb.
#149698
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   34
Байланысты:
АНАТОМИЯ РЗЧ СЕССИЯ ! (копия)

Қызметі.Шәует сұйықтығын сыртқа шығарады.


6.vesica urinaria- Несепқуық дүркін-дүркін несеп шығаратын өзек арқылы шығарылатын несеп жиналатын орын болып табылады. Оның сиымдылығы орташа алғанда 500-700 мл және әр адамда өзгеріп отырады. Несепқуығының пішіні мен оның өзін қоршаған ағзаларға қатынасы толуына қарай едәуір өзгермелі келеді. Несепқуығы бос кезінде тұтасынан кіші жамбас астау қуысында symphysis pubica артында жатады және еркектерде оны артында rectum-нан шәует қуықшалары мен шеует шығаратын өзектердің ақырғы бөліктері, ал әйелдерде - қынап пен жатыр бөледі.
Несепқуығы толғанда оның жоғарғы бөлігі пішіні мен көлемін өзгертіп, қасағадан жоғары көтеріліп, қатты созылған жағдайда кіндікке дейін жетеді. Несепқуық несеппен толған кезде жұмыртқа пішінді және оның төменгі, кең бекіген бөлігі - түбі, fundus vesicae, төмен және артқа, тік ішек немесе қынап бағытына қарайды; ол мойын, cervix vesicae, түрінде тарылып, несеп шығаратын өзек жолына ауысады, алдыңғы жоғарғы жағындағы үшкір ұшы, apex vesicae, іштің алдыңғы қабырғасының төменгі жағына жанасып жатады.
Apex пен fundus арасында жатқан ортаңғы бөлігі денесі, corpus Vesicae, деп аталады. Ұшынан кіндікке қарай іштің алдыңғы қабырғасының артқы бетімен оның ортаңғы сызығына дейін фиброзды тәж, fig umbilicale medianum, өтеді.
Несепқуығының алдыңғы, артқы және бүйір қабырғалары болады. Ол алдыңғы бетімен қасаға симфизіне жанасып жатады, одан қуықалды кеңістігі, spatium prevesicale, толтыратын борпылдақ шелмаймен бөлінеді. Несепқуықтың жоғарғы бөлігі төменгі бөлігінен козғалғыш, өйткені төменгі бөлімі fascia pelvis есебінен түзілетін байламдармен, ал еркектерде оның үстіне қуықасты безімен тұтасуы арқылы нықталған. Еркектерде несепқуықтың жоғарғы бетіне ішек ілмектері, ал әйелдерде жатырдың алдыңғы беті жанасып жатады. Несепкуық несеппен керілген кезде, оның жоғарғы бөлігі жоғары қарай көтеріліп, дөңгеленеді, әрі несепқуық қасағадан жоғары шығып, өзімен бірге оған іштің алдыңғы қабырғасынан ауысатын ішастарды да қоса көтереді. Сондықтан ішастарға тиіспей-ақ іштің алдыңғы жабындысы арқылы керілген несепқуық қабырғасын тесуге болады.
Артқы жағынан ішастар несепқуығының жоғарғы артқы бетінен еркектерде тік ішектің алдыңғы бетіне өтіп, тік ішек-қуық ұңғылын, excavatio rectovesicalis, әйелдерде жатырдың алдыңғы бетіне өтіп, қуық-жатыр ұңғылын, excavatio vesicouterina, түзеді.
Ішінара ғана несепқуық қабырғасының құрам бөлігі болып, оның артқы қабырғасы мен ұшын жабатын tunica serosa-дан басқа несепқуық қабырғасын бұлшықетті қабық, tunica muscularis (бірыңғай салалы бұлшықет талшықтары), tela submucosa және tunica mucosa құрайды. Tunica muscularis-те айқаса өріліп жаткан үш кабатты ажыратады: 1) stratum externum бойлық талшықтардан тұрады; 2) stratum medium дөңгелек немесе көлденең талшыктардан; 3) stratum internum бойлық және көлденең талшықтардан тұрады. Бірыңғай салалы бұлшықеттердің үш қабаты несепқуығының ортақ бұлшықетін құрайды, ол жиырылған кезде несепқуықтың қуысын тарылтып, одан несепті айдап шығады (несеп шығарушы бұлшықет, m. detrusor urinae).
Ортаңғы қабат, әсіресе несеп шығаратын өзектің ішкі тесігі, ostium urethrae internum, аймағында, күшті дамыған, ол жерде қуық қысқышын, т. sphincter vesicae, түзеді. Әр несепағардың құятын жерінде де, ішкі бұлшықет қабатының дөңгелек талшықтарының күшеюі есебінен сфинктертәрізді құрылым түзіледі.
Несепқуықтың ішкі беті шырышты қабықпен, tunica mucosa, жабылған, ол несепқуық бос болғанда жақсы дамыған шырышасты негізі, tela submucosa, арқасында қатпарлар түзеді. Несепқуықтың төменгі бөлігінде іш жағынан несеп шығаратын өзекке апаратын тесік, ostium urethrae internum, байқалады. Тікелей ostium urethrae internum артында үшбұрыш пішінді тегіс алаң, trigonum vesicae, орналасқан. Үшбұрыштың шырышты қабығы астыңғы жатқан бүлшықет қабатымен тұтасып өседі де, ешуақытта қатпар түзбейді. Үшбұрышты ұшы жоғарыда айтылған несеп шығаратын өзектің ішкі тесігіне қарайды, ал негізінің бұрыштарында несепағар тесіктері, ostia ureteres, жатады. Несепқуық үшбұрышы негізін екі несепағар құяр жері арасынан өтетін қатпар -plica interureterica шектейді. Бұл қатпарлардың артқы жағында шұңқыр бар - fossa retroureterica; ол қуықасты безі ескен сайын үлкейіп отырады. Несеп шығаратын өзектің ішкі тесігінің дәл артында кейде қуық тілшігі, uvula vesicae түрінде бұдыр болады. Несепқуығының шырышты қабығы қызғылт түсті, несепағарлар эпителиімен ұқсас ауыспалы эпителимен жабылған. Онда кішкене шырыш бездері, glandulae vesicates, сондай-ақ лимфа түйіншелері орналасқан.
Жаңа туған нәрестеде несеп қуығы ересек адамдікіне қарағанда едәуір биік орналасқан да, несеп шығаратын өзектің ішкі тесігі symphysis pubica-ның жоғарғы жиегі деңгейінде жатады. Туғаннан кейін қуық төмен түсіп, 4 айлығында қасаға симфизінің жоғарғы жиегінің үстінде шамамен 1 см-дей ғана шығып тұрады.
Цистоскопия кезінде, яғни тірі адам несепқуығы қуысын несеп шығаратын өзек арқылы енгізілген цистоскоп көмегімен зерттегенде, тор түзетін көптеген қантамырлары бар қызғылт түсті шырышты қабық көрінеді. Шырышты қабық үшбұрышты қоспағанда (ол жерде тегіс) катпарлар түзеді. Қуық сфинктері (қыспағы) жартылай қызғылт түсті бөлік тәрізді, ал несепағарлардың құяр жері үшбұрыш бүйірлерінде батыңқылар түзеді. Оқтын-оқтын (минутына 2-3 рет) несепағарлар тесіктері ашылып, несепті жіңішке ағын түрінде шығарып тұрады.
Несепқуығынан несеп сыртқа несеп шығаратын өзек арқылы шығады.
Уродинамика, яғни несеп жолдары арқылы несеп шығару үрдісі, урорентгенокинематографиялық зерттеулер көрсеткендей 2 кезеңде өтеді: 1) транспорттық кезең, бұл кезде несеп, айдаушы бұлшықеттердің әсерімен несеп жолдарымен жылжытылады және 2) ретенционды (retentio - үстау) кезең, бұл кезде тұйықтаушы бұлшықеттердің (кыспақтардың) әсерімен несеп жолдарының белгілі бір бөлігі керіліп, онда несеп жиналады. Несеп жолдарының бүкіл жүйесі, бүйрек тостағаншасынан бастап несеп шығаратын өзекке дейін, екі бөлігі функционалды байланысқан бірыңғай қуыс бұлшықетті ағза болып табылады. Экскреттік тармақтар транспорттық кезеңде болған кезде, несепқуығы ретенционды кезеңде және керісінше болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет