1.Appendix testis-атабездің жоғарғы шетіне орналасқан кішкентай өсінді ,жарып қарағанда ол жіңішке өзекшелерден тұрады.
2.Appendix epididymidis-Қосалқы без басында әдетте аяқшада орналасқан mesonephros –дың қалдығы .
3.prostata- Қуықасты безі prostata-тақ бұлшықетті безді мүше,сперманың құрамына кіретін секрет бөледі.
Топографиясы.Қуықасты безі кіші жамбас астауының алдыңғы төменгі бөлігенде,несепқуықтың астында,несеп жыныс диафрагмасында орналасады.
Құрылысы.Қуықасты безінің негізін basis prostatae және алдыңғы facies anterior,артқы facies posterior,төменгі бүйір беттері facies inferolateralis және бездің ұшы apex prostatae ажыратылады.Қуықасты безінің екі үлесі:оң lobus dexter және сол үлестерін lobus sinister ажыратады.Қуықасты безі сыртынан қапшықпен capsula prostatica жабылады,одан бездің ішіне дәнекер тінді талшықтар-қуықасты қалқалары тармақталады.Ол безді тіннен parenchyma glandulare және бірыңғай салалы бұлшықеттік тіннен substantia muscularis құралған.
Қызметі:сперманың құрамына кіретін секрет бөледі.
4.Utriculus prostatieus
5.Ductus deferens Шәует шығаратын түтік -жұп мүше,аталық без қосалқысы түтігінің тікелей жалғасы және шәует қуықшасының шығарушы түтігімен қосылатын жерде аяқталады.
Топографиясы.Шәует шығаратын түтікті топографиялық орналасуына байланысты 4 бөлікке бөледі.Ең қысқа бастапқы бөлігі аталық бездің артында,оның қосалқысынан медиалді орналасып,аталық бөлігі атауын алады.Келесі бөлігі шәует шылбырының құрамында жоғары вертикалді көтеріліп,оның қантамырларынан медиалді орналасып,беткей шап сақинасына жетеді.Бұл бөлігі өзекшелік деп аталады.Кейін шәует шығаратын түтік шап өзегіне кіреді,онда шап бөлігі орналасқан.Шап өзегінің терең сақинасы арқылы өтіп,кіші жамбас астауының бүйір қабырғасымен шәует қуықшасының шығарушы түтігімен қосылғанға дейін төмен және артқа бағытталады.Бұл бөлік-жамбас астау бөлігі деп аталады.Ол төменгі құрсақүсті артериясын латералді жағынан бүгіп,сыртқы мықын артериясы мен венамен қиылысып,несепқуық пен тік ішектің аралығынан өтеді.Кейін несепағарды тесіп,несепқуықтың түбіне жетіп,қарама-қарсы түтікпен бірге қуықасты бездің үстінде орналасады.Түтіктің ең соңғы бөлігі кеңейіп,ұршық пішінді шәует шығаратын түтіктің ампуласын түзеді.Ампуланың төменгі бөлігі біртіндеп тарылып,қуықасты бездің жоғарғы деңгейінде,шәует қуықшасының шығарушы түтігімен қосылады.
Құрылысы.Ductus deferens-тің қабырғасы үш қабықтан; сыртқы-дәнекертінді қабық, tunica adventitia, ортаңғы бұлшықетті қабық, және ішкі шырышты қабықтан, tunica musculares tunica mucosaтұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |