Қызметі.Еркектің (аталық) жыныс мүшесі зәрді қуықтан сыртқа шығару және аталық ұрықты аналық жыныс жолына енгізу қызметін атқарады.
Голотопиясы. Ересек адамның жыныс мүшесі симфиздің алдыңғы жағында орналасады және оған иілгіш байлам, lig. fundiforme penis арқылы мықтап бекітіледі.
Синотопиясы.Түб жағы қуықасты безімен ішінара іргелес; артында – ductus deferens ампулалары және ұрық көпіршіктері жатыр. Жоғарыда - жіңішке ішектің ілмектері, сигма тәрізді ішек орналасқан.
Нервтенуі: Сезім талшықтарын жыныс нервісінің (п. pudendus) тармағы жыныс мүшесініңдорсалді нервісінен, п. dorsalis penis, алады. Симпатикалык талшықтар төменгі құрсақасты өрімнен, plexus hypogastricus inferior, ал парасимпатикалық талшықтар-ішкі мүшелік жамбас нервтерінен, nn. splanchnici pelvini, s. nn. erigentes, келеді.
Қандануы: Еркек жыныс мүшесінің қабықтары мен терісі сыртқы жыныс артериясының алдыңғы ұмалықтармақтарымен, rr. scrotales anteriores, және ішкі жыныс артериясының еркек жыныс мүшесінің дорсалді артериясымен, a. dorsalis penis, қанмен қамтамасыз етіледі. Еркек жыныс мүшесінің буылтығына жыныс буылтығының артериясы, аа. bulbi penis, және кеуекті денесіне ішкі жыныс артериясының несеп шығаратын өзек артериясы, аа. urethrales, кіреді.
Лимфа: Еркек жыныс мүшесінің лимфа тамырлары ішік мықын жэне беткей шап лимфа түйіндеріне ашылады
Жатыр, uterus, жатыр түтігі, tuba uterina, аналық без, ovarium, және кынаптың бір бөлігі, vagina, (артынан көрініс)
№ 1- ligamentum latae uteri Жатырдың жалпақ байламы , ішастардың алдыңғы және артқы табақтарынан құралған, кұрылысы бойыншажатырдың шажырқайы, mesometrium, болып саналады. Оң және сол жатырдын жалпақ байламдары кіші жамбас астаудың бүйір қабырғасына бағытталып, ішастардың париеталді табағына жалғасады. Жатырдың жалпақ байламының бос жоғарғы жиегінде, оның табақтарының аралығында жатыр түтігі орналасады. Жалпақ байламның жатыр түтігіне жанасқан бөлігі, жатыр түтігінің шажырқайы, mesosalpinx, деп аталынады.