1. Таным философиялық мәселе ретінде



Дата11.05.2022
өлшемі19,45 Kb.
#141882
Байланысты:
Документ Microsoft Word (3)


1.Таным философиялық мәселе ретінде.
Таным — адамның санасындағы ақиқаттылық және нағыздықтың оны одан өрі өзгерту мүмкіндігін мақсат ететін, мақсатты бағытталған белсенді бейнелену үдерісі. Таным барысында болмыстың түрлі қырлары ашылады, қоршаған дүниедегі заттардың, құбылыстардың сыртқы жақтары мен мәні ашылады, сонымен қоса таным қызметінің субъектісі — адам адамды, демек, өзін-өзі зерттейді.
Таным — адам қызметінің қоршаған дүниені және ондағы өзін тануға бағытталған арнайы түрі. Адам таным бойынша әрекеттің екі негізгі түрін жүзеге асырады:
— қоршаған дүниені өзге ұрпақтардың танымдық қызметінің нәтижелері арқылы таниды (кітаптар оқиды, білім алады, материалдық және рухани мәдениеттің; барлық түрлерімен қауышады);
— қоршаған дүниені тікелей таниды (өзі немесе адамзат үмітін бір жаңалық ашады).
Таным — білім алу және дамыту үдерісі үнемі тереңдетіліп және кеңейтіліп отыратын, нәтижесінде, жаңа білім алынатын таным объектісі мен субъектісінің әрекеттесуі. Білім әрқашан тәжірибелік ақпараттық сипатта болады. Егер белгілі бір идеяға практикалық қажеттілік туа қалса, онда олар университет зертханалары мен кафедраларға қарағанда өндірісте, практикада тез жүзеге асырылады.
"Білім" терминінің үш аспектіде қолданылатынын естен шығармау керек:
— бірдеңені істеу, жүзеге асыру үшін хабардар болуға негізделген білім мен машық қабілеттері;
— кез келген танымдық мән бар ақпарат;
— практикамен өзара байланыста болатын ерекше танымдық бірлік.
Соңғы екі аспекті ерекше философиялық пән — таным теориясының (гносеологияның) зерттеу объектісін құрайды.
Таным теориясының философиялық пән ретіндегі зерттейтіні мыналар: тұтас түрдегі танымның сипаты, оның мүмкіндіктері мен шекаралары, білім мен шынайылықтың, білім мен сенімнің, таным субъектісі мен объектісінің ара-қатынасы, ақиқат және оның өлшемдері, танымның формалары мен деңгейлері, оның тарихи, әлеуметтік-мәдени негіздері, сонымен қоса білімнің түрлі формаларының ара-қатынастары. Қазіргі философияда таным ортақ мәселелердің бірі болып табылады.
Қазіргі уақытта танымдық іс-әрекет психологияда, жоғары нерв қызметінің физиологиясында, кибернетикада, формалді логикада, тіл туралы ілімде, семиотикада, структуралық лингвистикада, мәдениет тарихында, ғылым тарихында зерттеледі. Соңғы жылдары психологияда когнитивтік немесе танымдық психология деген бағыт пайда болды. Ол үшін ең бастысы компьютермен аналогия болып табылады. Негізгі мақсаты-белгілі бір жүйедегі информация ағының қозғалысын бақылау.
Жасанды интеллект деп адам бұрын шешіп қойған есептерді электрондық есептегіш машиналар арқылы қайталау үшін жасалынатын программаны дүниеге келтіруді айтады. Философия да осы аталған мәселелерді қарастырады, бірақ оны басқа ракурста, яғни таным процестерінің объективті болмысқа, ақиқатқа қарым-қатынасы тұрғысынан қарастырады. Гносеологияның ең негізгі категориясы ақиқат болып табылады. Түйсік, ұғым, интуиция психология үшін индивидтің өмірлік іс-әрекетінің немесе онық тәртібінің психикалық формасы ретінде анықталады, ол философиялық таным теориясында олар ақиқатқа апаратын құрал ретінде зерттеледі. Ақиқат дегеніміз-қоғам‚ табиғат құбылыстарының адам санасында объективті көрініс табуы.
Таным процесінде объект затсызданады және өмір сүрудің басқа түріне өтеді, яғни идеалды-идея немесе образ түріне өтеді. Игерілген объективтік мәндер, күштер мен олардың заңдылықтары объективтік заттық формада, сол қалпында сақтау үшін ғана емес, адамдар қатынастарында атқаратын әртүрлі функциялары үшін, соның ішінде келесі практикалық процесте қолдану үшін қажет болады, яғни олар үнемі жаңа практикалық процеске тартылып, іс-қимыл, процесс формасына ауысады. Бұрынғы игерілген “адамдық” сипатқа ауысқан табиғат күштері енді жаңа істе адамдардың белгілі бір құралы, адамдық күш, мән, адамдық қабілет ретінде қатысады.
Философияда практика деп адамның өз қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында әлемді немесе оның жекелеген бөліктерін өзгертуге бағытталған іс-әрекетін айтады. Біріншіден, практика танымның қозғаушы күші, негізі мен бастауы болып табылады. Практиканың нақты сұраныстары танымдық қажеттіліктерді және адамзаттық міндеттерін, тіпті танымның өзін іс-әрекеттің түрі ретінде тудырды. Мысалы, Ежелгі Мысырда жер өңдеу геометрия мен математиканың қалыптасуын жеделдетті, ол кеме жөндеу мен сауда ісі астрономия мен басқа ғылымдардың дамуын ілгерілетті.
Екіншіден, практика өзінің сұраныстарымен танымның мақсаты болып табылады. Адамдар алатын білім оларға өмірде пайдалану үшін қажет. Олар заттар мен тауарлар, еңбек құралдарын өндіретін өндіріс үшін бірден-бір қажеттілік. Біздің өмірімізде аса маңызды қажеттілікке айналып отырған радио, теледидар, физика және басқа да ғылымдардың жетістіктері нәтижесінде пайда болған. Егер де білім практикада қажет болмаса, оның әлеуметтік құндылығы төмендей береді.
Үшіншіден, практика адам білімдері мен көзқарастарының ақиқаттығының өлшемі. Ғылыми болжамдар мен теориялардың нақтылығын практика дәлелдейді, немесе жоққа шығарады. Бірақ, бұл өлшем өзінің жетілмегендігінен әмбебап емес, өйткені әлем туралы көптеген болжамдар мен идеаларды практика жүзінде тексеруге немесе бағалауға болмайды. Сондықтан да ғылым білімнің ақиқаттығын негіздеу үшін басқа да тәсілді қолданады, мысалы, логикалық дәлелдеу.
Таным өте күрделі процесс, ол ұдайы даму үстінде болып отырады. Ол адамға зат пен құбылыстардың сыртқы, көзге түсер қасиеттері мен қатынастарынан бастап, оның тереңде жатқан ішкі салыстырмалы тұрақты байланыстарына дейін бойлауға мүмкіндік береді, яғни заттың мәнін, ішкі құпиясын меңгеруге жағдай жасайды. Таным процесі екі сатыдан тұрады: сезімдік таным және рационалдық таным. Бұл екі саты бірінен кейін бірі болатын жекелеген деңгейлер емес, олар біртұтас таным процесінің екі қарама-қарсы жағы‚ бір-бірімен өте тығыз байланысты, бірақ әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар. Оны көрнекті етіп көрсету үшін мынандай жіктелуді жасауға болады:
Сезімдік таным:
Тікелей бейнелеу;
Сыртқыны бейнелеу;
Жекеніі бейнелеу.
Рационалдық таным:
Жанама бейнелеу;
Ішкіні бейнелеу;
Жалпыны бейнелеу.

Бұл кестеде сезімдік танымды сипаттайтын әрбір ережеге қарама-қарсы рационалдық танымға тән ерекшелік көрсетілген. Мұның мәні танымда бір-біріне қарама-қарсы екі процесс өзара әрекеттеседі, оның біреуі шындықты тікелей қабылдаумен, сезімдік образды бейнелеумен, ал екіншісі абстракты ойлаумен тығыз байланысты.
Сезімдік таным-танымның төменгі деңгейі. Адамдар өзінің өмірлік іс-әрекетінде қоршаған ортамен тікелей қатынасқа түседі. Олар заттар мен заттық және адами қатынастар әлемінде өмір сүреді, өзін қоршаған ортада еркін сезіну үшін осы ортаның қисынын түсінуі қажет. Практикалық іс-әрекет процесінде адамдарда түйсіктер, қабылдаулар, елестер қалыптасады. Бірақ сезімдік тәжірибенің аясы тар. Сезімдік таным мен абстрактілі ойлау бір-бірімен тарихи және логикалық байланысқан. Сезім мен ақылдық өзара байланысы тіпті терең. Өйткені, адамның сезімдік образдары ойлы сипатта болады, олар тілмен тікелей байланысты, ал мұның өзі сезімдік образдарда әлеуметтік бағалаудың болуына меңзейді. Сонымен қатар, логикалық ұғымдар, абстракциялар танымда сезімдік тәжірибемен тығыз байланыста қолданылады.
Сезімдік таным түрлері
Сезіну
Түйсіну
Елестету

Рационалдық танымның бейнелеу түрлері:


Ұғым
Тұжырым
Пайым

Субъектің заттармен, құбылыстармен тікелей өзара әрекеттесуі кезінде туындаған сезімдік әсерлері сезіну және түйсіну деп аталады. Сезіну объектілердің жекелеген қасиеттерін бейнелейді-қызыл, қатты, тәтті т.б. Түйсіну -затты, құбылысты тұтас бейнелейді.


Сезімдік түйсіну тек нақты затты бейнелей алады, ал жалпы затты көрсете алмайды. Ойлаудың қарапайым клеткасы ұғым - деп аталады. Ұғым дегеніміз - шындықтағы заттардың, құбылыстардың өзара байланыстарын жүйелеп жинақтайтын, қорытатын ой. Яғни, объективті шындықтың өзіндік табиғатын игеру, бейнелеу ұғымдар түрінде іске асады. “ұғым сезімнен толық арылған ой жүзінде танылған заттың дүниеде болу тәсілін ішкі қажеттілігінде және сондай құбылыстардың бәріне де міндетті түрде тән жалпылығында идеалдық түрде қайта жасайды”.
Ұғымның бастапқы белгісі - танылатын саладағы барлық құбылыстарға тән болудың формасын анықтау. Ұғым-жай ғана жалпылау немесе жинақтау емес, ол заттың не құбылыстың дүниеде болу жолын, болу тәсілін анықтайтын іргелі жалпылау.
Ұғымдардың өзара байланысын тұжырым анықтайды. Тұжырым заттар мен құбылыстар туралы айтылатын кез келген сауал, ол бір нәрсені растап, не терістеп тұжырымдайды. Тұжырым құбылыстардың сан алуан байланыстарын көрсетеді.
Пайым деп бұрынғы қалыптасқан білімнен жаңа білімнің, бұрынғы белгілі ойдан жаңа ойдың шығуын іске асыратын ойлаудың жоғары формасын айтамыз. Адам ойларының жасампаздық сипаты осы феноменде айқын көрінеді. Ойдан ой туады. Белгілі білімдерден белгісіз білімдер Пайым арқылы өрбіп өтеді.
Пайым екі, немесе одан да көп бірнеше тұжырымдар байланысын білдіреді. Қарапайым тұжырымға мысал: “Адам ақылды жан иесі. Сондықтан ол дүниені тани алады”

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет