Кездейсоқ шамалар Анықтама. Кездейсоқ шама деп мүмкін мәндер жиынынан алдын ала қандай екені белгісіз мәндер қабылдайтын айнымалыны айтамыз.
Кездейсоқ шамаларды латын алфавитінің бас әріптерімен X,Y,Z,..., ал олардың мүмкін мәндерін: x,y,z,… немесе белгілейміз.
Кездейсоқ шамалар дискретті және үзіліссіз деп бөлінеді.
Егер кездейсоқ шаманың мүмкін мәндер жиыны ақырлы немесе шексіз санамалы болса, онда ол дискретті, егер шексіз санамалы емес болса, онда – үзіліссіз кездейсоқ шамадеп аталады
Дискретті кездейсоқ шамалардың мысалы: 1) Х – үш атыста нысанаға тию. Х мүмкін мәндері: {0,1,2,3} жиыны.
2) X – берілген уақыт ішінде телефон станциясына келіп түскен
қоңыраулар саны. Х мүмкін мәндері: {0,1,2,3,…} жиыны.
Үзіліссіз кездейсоқ шамалардың мысалы: 1) Х – нысана центрі мен оқ тиген нүктенің ара қашықтығы.
2) Х – радиолампаның мүлтіксіз жұмыс істеу уақыты.
Бұл жағдайда мүмкін мәндер қандай да бір аралықты бүтіндей қамтиды.
Кездейсоқ шаманы толық зерттеу үшін оның мүмкін мәндерін ғана емес, оның ықтималдықтарын да білу керек.
Анықтама. Кездейсоқ шаманың мүмкін мәндері мен оның ықтималдықтарын байланыстыратын ереже (кесте, функция, график) оның үлестірім заңы деп аталады.