жануарлардың қай түрге жататындығына, олардың генетикалық конституциясына байланысты, яғни бұл ерекшелiк, әр түрге жататын ағзалардың бiр-бiрiнен айырмашылығын көрсетедi.
Түраралық арнайылыққа қандай да болса арнайы антигендер емес, ағзада кездесетiн көптеген заттар ие бола алады. Өзара жақын түрлерiнде ұқсас түр-аралық арнайылық антигендерi бар, ал алшақ түрлерiнiң антигендерiнде – көп айырмашылықтары болады.
Топтық
– даралардың бiр түрiнiң iшiндегi әр-түрлi топтардың ерекшелiгi.
Мысалы ретiнде, адам эритроциттерiнiң изоантигендiк жүйесi жатады, олар 15-тен астам, ал құрамына 100 шамасында антигендер кiредi; олардың негiзгiсi қан тобындағы АВО жүйсенiң изогемагглютиногендерi.
Тіндік
бiр ағзаның әр түрлi тiндерiндегi антигендiк айырмашылық
миокард, өкпе, бауыр және т.б. антигендерi
Сатылық арнайылық
әр даму сатысында тұрған жасушалардағы антигендiк айырмашылығы.
Мысал ретiнде, эмбрион антигендерiн (αфетопротеин немесе сүйек кемiгiнiң бағаналы жасушаларында және Влимфоциттердiң барлық дифференциялану кезеңдерiнде болмайтын плазмалық жасушалардың антигенi – РС-антигенiн) алуға болады.
Органоидтық
әртүрлi жасушалар органоидтарының антигендiк айырмашылығы
ядро, митохондрия, және т.б.
№3 кесте. «Патологияда маңызды рөл атқаратын антигендер»
Антигендер түрлері
Анықтамасы
Мысалдар
Біріншілік аутоантигендер
Бiрiншiлiк шынайы аутоантигендер – ол эмбриогенез кезiнде иммундық жүйенiң қалыптасу үрдiсiнде және де ересек ағзада иммунды хабарлы жасушалармен жанаспаған, гистогематикалық тосқауылдардың артында орналасқан ағзаның өзiндiк қалыпты тiндерiнiң антигендерi.
ми тiндерi, қалқанша маңы безi, аталық без, көз бұршағы жатады.
Екіншілік аутоантигендер
Ағзаның өзiндiк жасушалар компоненттерi мен тiндерi, әртүрлi зақымдаушы факторлар және жұқпалы агенттердiң әсер ету нәтижесiнде, аутоантигендерге айналады.
күйiктiк, үсiктiк, сәулелiк антигендер жатады.
Айқаса-әрекеттесетін антигендер
әртүрлi түрлерге жататын, бiрақ құрылымы бойынша жақын антигендi детерминанттардан тұратын антигендер.
Мұндай антигеннiң мысалы ретiнде 1911 жылы ашылған Форссман антигенiн айтуға болады. Бұл антиген қойдың эритроциттерiнде, сальмонеллаларда және теңiз доңыздарының ұлпаларында болады.
Кешендік антигендер
маңызды түрiне интеграциялық антигендер жатады.
кешендiк вирусөндiрушi антигендер және iсiкерекшелiк антигендер.
2)
· «Лимфоциттердің миграциясы және рециркуляциясы»;
Т-лимфоциттердiң iзашарлары сүйек кемiгiнен шығып, қан арқылы алдымен тимустың қыртыстық аймағына орналасып, кейiн милық қабатқа өтедi (тимуста антигенге тәуелсiз дифференциялануының белгiлi кезеңдерiнен өтедi). Тимустан шыққан Т-лимфоциттер иммунитеттiң шеткi мүшелерiнiң Т-аймақтарына келiп, бұл аймақтарда В-лимфоциттер сияқты антигенге тәуелдi дифференцияланудан өтедi. Бiрақ Влимфоциттерден айырмашылығы, жетiлген Т-лимфоциттер өте қозғалмалы жасушалар, сондықтан олар шеткi қанға, интерстиналдық кеңiстiкке, лимфа түйiндерiне, лимфа ағымына, шеткi қанға шығып, қайта шеткi мүшелерге қайтып келедi де, қайтадан қанға шығады және т.с.с. яғни, Т-лимфоциттер ағзада айналым жасап отырады және ағзада тәулiгiне 5-20 айналым жасайды.