Діңгекті жасушалар (стволовые клетки); (cytos trunci; лат. truncus — бағана, діңгек; грек, kytos — жасуша) - маманданбаған, сирек бөліну арқылы сан тұрақтылығы өздігінен реттеліп отыратын жас жасушалар популяциясы.

Бағаналы жасушалар деп қажет кезде адамның әртүрлі мүшелері мен ұлпаларын құрайтын жасушалардың басқа барлық типтерін түзе алатын ізашар-жасушаларды атайды Ғылымға «Бағаналы жасуша» терминін ең алғаш 1908 жылы орыс ғалымы А. Максимов енгізді. Ол бұл жасушалардың «қантүзуші дің» негізінде болатынын айтты. Яғни қызыл сүйек майының жасушалары ескерілді. Олар ізашар-жасушаларға бастама беріп, барлық қан жасушалары: эритроциттер, лейкоциттер мен тромбоциттер түзіледі.