1. Бие байларда қандай ырым Мәтіннің бірінші бөліміне жасалады? лайықты такырып



бет110/122
Дата06.04.2020
өлшемі6,49 Mb.
#61631
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   122
Байланысты:
OKU SAUAT 2019 (1)-2 (1)


3-мәтін
Біздің ауыл Іле өзенінің арнасына жақын орналасқан. Мұнда қыс қытымыр болғанымен, жазы жайсаң. Әр үйдің ауласында бау-бақшасы бар. Онда алуан жеміс ағаштары: алма, өрік, жиде өсіріледі. Әсіресе бағбан Алмабай атайдың бағы өте көрікті, ағашы қалың, көлеңкесі қою болғандыктан, күннің көзі өтпейді. Шие ағаштары мен қарақаттарының арасынан жол тауып

314


өтудің өзі бір тауқымет.
Жердің беті жасыл желекке бөленгенде, мұндағы бауларды бұлбұл мекендейді де, түнге қарай тыным таппай құбылта сайрайды. Ауыл бұлбұл әніне ұйып қалады. Тындаған сайын тыңдағың келеді.
Өз ауласындағы бақтың арасынан бұлбұл әнін естіген Есен бұталарды аралап, оны ұстап алмақ болып іздей бастады. Сыбдырдан шошынған бұлбұл сайрауын тыя қойды. Ештеңе таба алмаған Есеннің ұзағаны сол еді, бұлбұл қайта сайрап қоя берді. Есен тағы да бұталарды аралап әуреге түсті. Бұлбұл да тым-тырыс.

Есен бірнеше күн тосты. Ешбір дыбыс естілмеді. Мұнысы несі? Басқа бақтардын бәрінде бұлбұл сайрап тұр. Тағаты таусылған Есен жолдасы Сәлімге барды. Сәлім - Алмабай атайдың немересі. Бақшаның ішіндегі бүлдіргенді суарып жүр екен. Есен бакқа кіре бергенде, жап-жақын жерден бұлбұлдың сызылған әні естілді. Есен айқайлап жіберді:





  1. Әне, бұлбұл!

  2. Айқайлама, - деді Сәлім бәсең дауыспен. Есеннен сабыр кеткен.

  3. Жүр, ұстап алайықшы!...




  1. Жоқ, болмайды...

  2. Неге?




  1. Ұстағанды бұлбұл ұнатпайды, тұтқындықты азап көреді. Ән салмай қояды. Бұлбұл еркін жүруге тиіс. Өзіне нұқсан келтірмейтін, ешкім қорқытып, үркітпейтін кең, тыныш жерде ғана қамсыз өмір сүреді. Еркін сайрайды.

Есен ойланып қалды: «Бақшамнан мен үркіткен бұлбұл осында қоныстанды ма екен ?...» Бұлбұл тынымсыз сайрайды. Өзін мәпелеп, қорғаған балаға алғысын жаудырып тұрған секілді.




  1. Неліктен Сәлім Есеннің айқайламауын өтінді? A) Жұмысына бөгет жасады

B) Бұлбұлдарды шошытқысы келмеді C) Есенмен дос болғысы келмеді

D) Атасын оятқысы келмеді


E) Бұлбұлдар әнін естігісі келді


  1. Есенге қандай қасиет жетіспейді?

A) Алғырлық C) Пысықтық E) Өткірлік

B) Сабырлылық D) Сыпайылық


  1. Мәтін мазмұнына сәйкес әнші құс нені ұнатады?

A) Таулы аймақты D) Қараңғылыкты

B) Шулы аймакты E) Жазық даланы

C) Бостандықты


  1. Есен неге ойланып қалды? A) Қателігін түсінгендіктен

B) Бұлбұлға ұя салуды жоспарлағандықтан C) Сәлімге ренжігендіктен


D) Бұлбұлға ренжігендіктен

E) Асыраған бұлбүлдарын қимағандыктан



  1. Мәтіндегі негізгі ой берілген нұсқалар

1 .Құстар әнін тыңдау.


  1. Құстарға қамқор болу.




  1. Құстар тыныштығын сақтау.

A) Екіншісі мен үшіншісі D) Барлығы бұрыс

B) Біріншісі мен екіншісі E) Барлығы дұрыс



  1. Біріншісі мен үшіншісі




  1. Есеннің ауласындағы бұлбұлдар неге сайрамады? A) Тыныштығы бұзылғандықтан

B) Басқа құс болмағандықтан

C) Маңайындағы құстар сайрамағандықтан D) Есенді ұнатпағандықтан

E) Ағаштары аз болғандықтан



4-мәтін
Қазақтың абыройын жер жаһанға көтерген Қажымұқан балуан Семей қаласында ел құрметіне бөленіп жүргенде, бір отырыста мынандай сұрақ қойылыпты:


  1. Осы біздің қазақта дәл өзіңіздей күшті бар ма? Болды ма, кезікті ме?

315


Сонда Қажекең:


  1. Бар ғой, менен де күштілер болған. Балуан Шолақ ағамызды барлығың білесіңдер. Дәл осы қалада да бір мықтыға жолыққаным бар, - деп әңгімесін бастапты.




  1. Осындағы бір азамат жалғыз өзімді қонаққа шақырды. Көбіне елге сыйлы азаматтар, әншілер мен өнерпаздар бірге ілесіп жүретін. Шақырғандар барлығымызды қоса шақыратын да, отырыстьң өзі көңілді, қызықты өтетін. Шақырған үйдің мол дастарқанының төрінде жалғыз мен. Үй иесі сөзге сараң, әлденеге алаңдаулы. Бір уақытта пар ат жеккен пәуеске сартылдата, қатты екпіндетіп келіп, есік алдына тоқтай қалды. Одан дембелше келген жігіт түсіп: «Ассалаумағалейкум!» деп сәлем бере кіріп келді. Бір тізерлеп отыра қалып, нан ауыз тиді де, маған карап:




  1. Қажы ага! Уақытым аз, асығыспын. Сізді қонаққа шақыра келдім. Осы қазір жүріңізші! - деп түрегелді. Атып тұрып, ере жөнелдім. Пәуескеге отырып, Ертіске келдік. Бір қайықшы қайығымен тосып тұр екен. Қайықка отырдық. Содан өзен ортасындағы Түйемойнақ аралына алып келді. Аралда бір жігіт тайқазанға ет асып жатыр екен. Дастарқан жайып, тамақты түсіріп болған соң мені әкелген жігіт қайықшы екеуі кетіп өалды.

Аралда әлгі жігіт екеуміз ғана. Тамақ ішіп болдық. Сонда ғана әлгі бауырдың шақырған себебін түсіндіргені.




  1. Аға, арманым елдің даңқын көтерген сізді бір көру, қонақ етіп, құрмет көрсету еді. Енді сізден бір өтінішім, мені бір сынап көріңізші. Өйткені, өз күшімді сынайтын адамды жолықтыра алмай жүрмін, - дегені.




  1. Қалай, күресіп пе? - деп сұрадым.

  2. Иә.


Аралда екеумізден басқа ешкім жоқ болса да, ағаштардың арасындағы тасалау жердегі алаңкайға ертіп барып:



  1. Жол сіздікі, жасыңыз үлкен, - деп аяғын алшақтау қойып тұра қалды. Әлгіні олай-бұлай итерем, тартам. Тартып тұрып, итеріп қалам. Итеріп

тұрып, тартып қалам. Тамырын тереңге жіберген емен секілді, былқ етпейді. Тұрған орнынан қозғалта алмай-ақ койдым, қақиған мойны да иілмейді.



  1. Ал енді өзің көр, - деп кезекті бердім. Сол-ақ екен ол бір қолымен иығымнан қапсыра ұстады да, шыр айналдырып, дедектете жөнелді. Бір уақытта екінші қолымен қоса ұстады да, жерден көтере айналдырды. Дүниежүзінің қаншама мықтыларымен күрессем де, еш уақытта мұндай күйге түспеген едім. Әлгі жігіттің қолында орамалдай желпілдеп, айнала ұшып жүрмін. Бір уақытта тік көтеріп алды да, жерге екі аяғыммен дік еткізіп қоя койды. Сосын басын иіп, тізесін бүгіп, еңкейе тағзым етіп Кешіріңіз, аға, жауырыныңыз жерге тимесін! - деді.

Күші асып тұр, тағы аға деп сыйлап, жықпай тұр. Басын иіп тұр. Ешкімді маңайына жолатпағаны да менің абырой-даңқыма сызат түспесін деген сақтығы екен.


Мен қазақ болып туғаныма, үлкенді сыйлаған әдет-ғұрпыма, оны білетін інілер барына қуанып, жүрегім елжіреп, иілген басын көтеріп, құшақтап алдым. Көзімнен жас та шығып кетті. Осындай ініні көтеріп, бағын ашсам, армансыз болатындаймын.


  1. Жүр, бауырым, менімен бірге. Дүниежүзінде саған тең келер ешкім жоқ. Өзім аралатам, үнемі жаныңда болам. Дүниежүзінің балуандарын енді сен жығасың. Жүр, менімен бірге! - дедім. Сөзіме, көңіліме риза болып тұр, бірақ басын шайқайды. Өмір бойы көре алмай жүрген туысын тапқандай, елжіреп ағалай береді.

13. Әңгіме соңында Қажымұқан кандай көңіл күйде болды?


A) Сабыр етті C) Ренжіді E) Күмәнданды
B) Басу айтты D) Толқыды

  1. Күресте кім жеңіске жетті?

A) Бейтаныс жігіт C) Қажымұқан E) Тең түсті

B) Балуан Шолақ D) Қайықшы жігіт



  1. Мәтіннің стилі кандай?

A) Ауызекі сөйлеу стилі D) Ресми іс-қағаздар стилі

B) Ғылыми стиль E) Публицистикалык стиль


  1. Көркем әдебиет стилі

  2. Мәтін мазмұнынан жігіттің қандай қасиеті көрінеді?

A) Атаққұмарлығы D) Шешендігі

B) Кішіге мейірімділігі E) Барға қанағатшылдығы

C) Үлкенді сыйлауы


  1. Автордың мәтінді жазудағы мақсаты қандай?

  2. Қазақ халқының қонақ күту дәстүрін насихаттау

316


  1. Қазақ еліндегі ұлттық спорт түрлерін мақтан ету

  2. Қазақ халкының үлкенді құрмет тұтатын салт-дәстүрін дәріптеу




  1. Қазақ еліндегі ұлттық спорт түрлерін мақтан ету

  2. Балуандардың дүниежүзілік күреске жету жолын көрсету

  3. : Жігіттің Қажымұқанды қонаққа шақыруының басты себебі неде? A) Жора-жолдастарымен таныстыру

B) Қажымұқанды жығып, даңққа бөлену C) Дәм таткызып, әнін тыңдату

D) Күшін Қажымұқанға сынату E) Үй ішін балуанмен таныстыру



  1. Түйемойнақ аралында неліктен Қажымұканның жамбасы жерге тимеді?




  1. Қажымұқанның күші басым болғандықтан

  2. Қажымұқанды сыйлағандықтан

  3. Қажымұканның абырой-данқына сызат түсіргісі келмегендіктен

A) Біріншісі мен екіншісі дұрыс D) Барлығы дұрыс

B) Барлығы бұрыс E) Біріншісі мен үшіншісі дұрыс

C) Екіншісі мен үшіншісі дұрыс


  1. Мәтін мазмұнына қай мақал сәйкес келеді? A) Күш атасын танымас.

B) Ep айтқанынан қайтпас. C) Батыр жарасыз болмас. D) Тәуекел тау жығады.
E) Шешінген судан тайынбас



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет