1316-нұсқа
1-мәтін
Адыраспан туралы ақиқат...
Адамзаттың тіршілік етуі барысында өсімдіктер әлемінің алатын орны ерекше зор. Қазіргі медицинада қолданыста жүрген дәрі-дәрмектердің 40 пайыздай бөлігі тап өсімдіктер дүниесінен жасалады екен. Қоршаған орта өскіндерінің адам ағзаларын жақсартуға осындай өлшеусіз көмегі барын біздің ата-бабаларымыз бағзы замандардан бері жақсы білген. Халқымыз дәрулік шипасынан бөлек әулиелік қасиеті мол санаған шөптерінің бірі
«Адыраспан» деп аталады. Біздің ата-бабаларымыз сондықтан оны үйдің босағасына іліп қойып, осы арқылы отбасын алуан түрлі бәле- жаладан сақтауға тырысқан. Осы өсімдіктің түтінімен үйдің ішін ыстап, бәле- жаладан шаңырақты аластайтын болған.
Атам қазақ өзі аса киелі деп білген бұл өсімдікті өсіп тұрған жерінен жұлып аларда да оның әдеп-ибасын қатаң сақтаған.
Мәтін мазмұнына сай емес сөйлем
Адыраспанды жұлып аларда ережелерін қатаң сақтаған.
Біздің ата-бабаларымыз өсімдіктердің қасиетін жақсы білген.
Адамзат тіршілігінде өсімдіктер әлемінің орны зор.
Медицинада қолданыста жүрген дәрі-дәрмектердің 40 пайыздайы адыраспаннан алынады.
Атам қазақ адыраспанды киелі деп санаған.
Ата-бабаларымыздың адыраспанды үйдің босағасына іліп қоюының мәні A) Отбасын түрлі бәле-жаладан сақтайды деп сенгендіктен
B) Үйдің ішін ыстау үшін
C) Шипалық қасиеті мол болғандықтан
D) Ата-бабаларымыздан қалған дәстүр болғандықтан E) Өсімдік әлеміндегі орны зор.
2-мәтін
Теңіз жұлдызы
Теңіз жағасын жағалап келе жатқан бір кісі жерден бір нәрселерді алып теңізге лақтырып жатқан бір баланы көреді. Жақындағанда оның толқынмен жағаға шығып қалған теңіз жұлдыздарын құтқармақ болып жатқанын байқайды. Ал көкжиекке дейін созылып жатқан жаға болса, теңіз жұлдыздарына толып-ақ қалған екен.
Сен не істеп жатырсың? - деп сұрайды әлгі кісі.
Бұлар ертең су қайтқанға дейін жағада қалып қойса, өліп қалады ғой, - дейді бала таңырқап.
Бұл ақымақтық қой! - дейді әлгі адам, - қарашы, олар қаншама, жағада мың емес, миллионы жатыр. Бір өзің ештеңе өзгерте алмайсың, сенің осы жасап жатқан тірлігіңнің мәні бар ма? Бала шамалы ойланып, келесі теңіз жұлдызын қолға алады да, теңізге қайтарып жатып:
Дәл осы жұлдыздың тағдыры үшін жасағанымның мәні үлкен, - депті.
228
Мәтін мазмұнынан тыс ой
A) Бейтаныс адам C) Жұлдызды аспан
E) Теңіз жағасы
B) Теңіз жұлдыздары D) Мейірімді бала
Баланың соңғы сөзіне қатысты мақал A) Жамандық жақын, жақсылық алыс B) Жақсылықтың үлкен-кішісі болмайды C) Еңбегі аздың - өнбегі аз
D) Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен E) Көп - қорқытады, терең - батырады
Мәтіндегі баланың іс-әрекетіне сәйкес мінездеме
Баланың соңғы сұраққа жауап бергендегі іс-әрекеті
A) Ойланады
|
C) Ашуланады
|
E) Таңырқады
|
B) Үндемейді
|
D) Ұялады
|
3-мәтін
|
|
|
Мақсатқа жету жолындағы қиындықтар
- Ұстаз, - деді бір күні шәкірті бірдеңе сұрамақ болып, - өз әлсіздігімізді сездіретін, жолымыздан тайдырғысы келетін, мақсатымызға жетуге кедергі келтіретін қиындықтар неге туындайды?
- Сенің қиындық деп отырғаның, - деді Ұстаз, - негізінде мақсатыңның бір бөлігі. Мұнымен күресуді доғар. Жол таңдағанда жай ғана осыны ойла да, есепке ал. Садақ атып жатқаныңды елестетші. Жерге қалың тұман түскендіктен сен нысананы көрмейсің. Алайда сен тұманмен күресесің бе? Жоқ, сен жел соққанды күтіп, тұман өздігінен тарап кеткенін күтесің. Енді нысана көрінді дегенде, жебеңді жел басқа жаққа ұшырып әкетеді. Сен желмен күресесің бе? Жоқ, сен оның бағытын аңдып, садақты басқа бұрыштан атуға кірісесің. Садағың да қатты әрі ауыр, кейде садақтың адырнасын тартуға күшің жетпей жатады. Сондайда садақпен күресесің бе? Жоқ, бұлшық еттеріңді жаттықтырып, күн өткен сайын адырнаны жеңіл тартасың.
- Бірақ желсіз, жайма-шуақ күні жеңіл әрі иілгіш садақтан ататын адамдар бар ғой, - деді шәкірт өкпелеп. - Неге дәл менің атысым өз жолында көптеген қиындыққа ұрынады? Әлде тағдыр менің алға ұмтылуыма қарсы ма?
- Ешқашан ешкімге қарама, - деп жымиды Ұстаз. - Әр адам өз
садағын, өз нысанасын және атуға қолайлы уақытты өзі таңдайды. Біреулер дәл тигізуді мақсат тұтады, басқалар - атып үйренгісі келеді. Ұстаз даусын бәсеңдетіп, шәкіртіне тура қарай:
- Саған тағы бір құпияны ашайын, балам. Тағдыр саған қарсы шықпайды және көмектеспейді де, ол сенің ісіңе араласпайды. Тұман сенің атысыңа кедергі болу үшін түспейді, жел оғыңды басқа жаққа ұшырып әкету үшін соқпайды, ал садақшы садақты адамдар өз әлсіздігін ұғынсын деп жасамайды. Мұның бәрі сенің қалауыңнан тыс іске асады. Барлық қиындыққа қарсы тұрып, нысанаға дөп түсемін деген - өз ойың. Сондықтан, қиындыққа шағымдануды доғар немесе менменшілдікке салынбай, өз қолыңнан келетін мақсатты таңда.
Мәтін бойынша ұстаздың шәкіртіне айтқан ақылына сәйкес келетін мақал
A) Түсі келіспей, ісі келіспес D) Алып - анадан, ат - биеден B) Еңбегі ештің - күні кеш E) Ерте тұрған өкінбес
Қалауын тапса қар жанар
Мәтін мазмұнында кездеспейтін ой
Жеңіл әрі иілгіш садақтан ататын адамдар бар ғой.
Ешқашан ешкімге қарама.
Сенің қиындық деп отырғаның — мақсаттың бір бөлігі.
Өз қолыңнан келетін мақсатты таңда.
Біреулер өз нысанасына дәл тигізуді мақсат тұтпайды.
Шәкірттің «бәрі маған қарсы» деген пікірі немен байланысты?
A) өз тілегімен C) өз жолымен E) өз арманымен B) өз әлсіздігімен D) өз мақсатымен
Мәтін бойынша шәкірт садағының оғын нысанаға дөп тигізуге кедергі болмайтын жағдай
A) Ауа райының қолайсыздығы D) Қалың тұманның түсуі B) Шәкірттің садақ ата алмауы E) Қатты желдің соғуы
229
Бұлшық еттерін жаттықтыру
Мәтіндегі ұстаздың пікірінше «тұманның түсуі, желдің соғуы, садақтың қаттылығы» немен байланысты?
A) Жолы болмайтындар үшін болады D) Тағдырдың қарсылығымен болады
B) Қалауыңнан тыс болады E) Әлсіздерді әшкерелеу үшін болады
Адамдарды сынау үшін болады
Мәтіндегі шәкірттің ойынша жолында кездесетін қиындықтардың себебі
A) Өзінің әлсіздігі D) Тағдырдың қарсылығы
B) Ештеңені үйренгісі келмеуі E) Басына түскен істі қиынсынуы
C) Кедергінің көп болмауы
4-мәтін
Он жеті жасқа қараған кезде Ибн Сина дәрігер ретінде Бұхарада үлкен атаққа ие болып, Бұхарадағы әмір сарайына шақырылды, Нух ибн Мансұр ұзақ уақыт бойы ауырды, оны емдеген сарай маңындағы дәрігерлер оған көмектесе алмады. Ибн Сина аз уақыт ішінде басқарушыны емдеп шығарып, әмірдің жеке дәрігері болып сайланады. Сөйтіп Таяу Шығыстағы ең жақсы және бай кітапхананы пайдалануға рұқсат алды. Мүмкін дәл сол Бұхара кітапханасында оның медицина бойынша қорытынды еңбегін жасау идеясы туындаған шығар. Бірақ ол кезде ғалымның ойлағанының бәрі орындала бермейтін. 900-ші жылдардың соңында Бұхара соңғы тыныш күндерін бастан өткізеді. Мемлекет жан-жаққа бөлініп, қарахандықтар, түрік көшпелі тайпалары астананы жаулап алды. Қала тоналып, кітапхана жанып кетті...
1002 жылы әкесі қайтыс болған соң, Ибн Сина Хорезмнің астанасы Гурганджыға (қазір Үргеніш) көшіп келеді. Жергілікті басқарушы шах сарайындағы Мамун Академиясына пікір таластыру үшін келген ғалымдарға қолдау көрсетті. Ибн Синаның соңынан Хорезмге Бируни мен Масихи келді. Біраз жыл ғалымдар тыныштық тауып, ғылыммен шұғылдануға мүмкіндік алды.
Көрші Газна мемлекетінің сұлтаны Махмуд басқарушы Хорезмнің бай жерін басып алғысы келді, 1008 жылы ғалымдардан оның астанасына қоныс аударуын талап етті. Ибн Сина мен дәрігер Масихи сұлтанға барудан бас тартып, түнде Қарақұм арқылы қашып кетеді. Аңыз бойынша үшінші күн жол жүріп келе жатқанда, дауылға тап болып, адасып, сусыз және тамақсыз қалған. Масихи шөл далада жантәсілім етеді. Ибн Сина әзер дегенде аман қалады. Сұлтан Махмуд Газневи барлық қалаларға Ибн Синаның сыртқы түрін суреттеп адамдар жібереді. Кімде-кім данышпан дәрігердің тұрақтаған жерін көрсетсе, үлкен сый алатын болады.
Сол кезден бастап Ибн Синаның өмірі Иранның түрлі қалаларын аралаумен етті. Ғалым Хамада және Исфаханда өмір сүрді, онда ғылыми шығармашылықпен айналысты, нысана қызметімен шұғылданып, сондағы әмірлердің сарай дәрігері болды. Ибн Сина басынан қиын жағдайлар өтеді. Бірнеше рет қуғынға ұшырап, абақтыға жабылды. Сол кезеңдерде ғалымның көптеген еңбектері жоғалып кетті. Кейбір жұмыстарын Ибн Сина ұзақ жол жүрген кезде, ат үстінде отырып жазды.
Өзінің күш-жігері және ғажап жадысы арқылы, қажетті әдебиетті пайдалану мүмкіндігінен айрылса да, Ибн Сина ғылыми, әдеби және дәрігерлік қызметін тоқтатпады. Өмірдің қиын соқпақтары денсаулығына әсер етіп, 1037 жылы 18 маусымда қайтыс болады.
«Өлімнің түйінін анықтауға» талаптану, кұпияны ашу, ауруды жеңіп шығу, адамдардың өмірін жеңілдету үшін барлық мүмкін болатын нәрселерді жасау Ибн Синамен алға басты, ол өзінің медицина бойынша «Китабуль-Канун фит-тыбб» (Дәрігерлік ғылымның ережесі) басты еңбегін жазып шықты. Бес томдық энциклопедия «Дәрігерлік ғылымның ережесі»Ибн Синаға дүниежүзілік атақ әперді, медицина тарихында атағы жайылған кітап болды. Еңбек оның мазмұны мен дәл құрылымымен ерекшеленді. «Дәрігерлік ғылымның ережесі» грек, үнді және орта азиялық медицина білімін және тәжірибесін талдау және жүйелеуді ғана көрсеткен жоқ, Ибн Синаның қызметі дәрігерлік тактикаға жаңалық болып енгізілді.
Бұрын медицина ғылымына белгісіз жаңа мәліметгерді «Ереженің» әрбір бетінен кездестіруге болатын. Ибн Сина ауа және су арқылы тарайтын көрінбейтін жұқпалы аурулардың қоздырушысы туралы ғылыми болжамды алға тартты. 800 жыл өткеннен соң француз ғалымы Пастер қоздырушы микроб туралы ғалымның бұл болжамын дәлелдеді.
Мәтіннің мазмұнына лайықты тақырып
A) Ибн Сина еңбектері D) Танымал Ибн Сина B) Сарай дәрігері Ибн Сина E) Жас дәрігер Ибн Сина
230
Ибн Сина әмір сарайында
«Дәрігерлік ғылымның ережесі» кітабы Ибн Синаға дүниежүзілік атақ әперуінің себебі A) Ибн Синаның дәрігерлік тәжірибесі жаңа тактика болып енгізілгендіктен
B) Европа медицинасының тәжірбиесі талданғандықтан
C) Дәрігерлік тәжірибесіндегі оқиғаларды суреттегендіктен D) Сол кездегі мықты дәрігерлермен бірлесіп жазғандықтан E) Ибн Синаның бірнеше елдердің медицинасын зерттегенінен
Ибн Сина Гурганджыға қашан көшіп келді?
1010 жылы қуғынға ұшырағанда E) 1002 жылы әкесі қайтыс болған соң
Өзінің басты еңбегін аяқтаған соң
Мәтін мазмұнынан алшақ сөйлемдер
Ибн Сина ауруына себепті дәрігерлік қызметін тоқтатады.
Кейбір еңбектерін ат үстінде жүріп жазды.
Ибн Сина Иранның түрлі қалаларында болады.
Ибн Сина Хорезмде өмір сүрмеген.
A) Бірінші мен үшінші D) Бірінші мен төртінші
B) Екінші мен үшінші E) Екінші мен төртінші
C) Бірінші мен екінші
Ибн Сина мен дәрігер Масихидің Хорезмнен қашып шығу себебі A) Басқа қалаларға барып ғылыммен айналысқылары келеді
B) Махмуд сұлтанның ғалымдардың қоныс аударуын талап етуі C) Білімдерін әрі қарай жалғастырғысы келеді
D) Жат жұрттық сұлтанға бағынғысы келмейді
E) Газна мемлекетінің сұлтаны Махмуд сұлтаннан қорқады
Мәтін мазмұнын түйіндейтін даналық ой
A) Білім қымбат, білу қиын. D) Өнерлінің өзегі талмас.
B) Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді. E) Ақыл ойдан туады.
C) Өнерлінің қолы алтын.
Мәтіннің үшінші бөліміндегі айтылған ой A) Ибн Синаның қуғынға ұшырауы
B) Ибн Синаның Хорезмге келуі туралы
C) Ибн Синаның шөл далада қалғаны туралы D) Ибн Синаның ғылыми еңбектері туралы E) Ибн Синаның Масихимен танысуы туралы
Ибн Синаның кейбір еңбектерін ат үстінде жүріп жазуының себебі A) Шел далада ат үсті ыңғайлы болғандықтан
B) Уақыттың тығыз болғандығынан
C) Еңбектерін ешкімге көрсеткісі келмегендіктен D) Қуғын-сүргінге ұшырап жүргендіктен
E) Ат үстінде жаңа идеялар туатындықтан
Достарыңызбен бөлісу: |