Мазмұны Кіріспе І ибн Синаның қоғамдық саяси өмірі



бет1/8
Дата27.02.2022
өлшемі255,5 Kb.
#133594
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Ибн Сина
11-13 апта тапсырмасы, Касым хан тусындағы қазақ хандығы

Ибн Синаның пайғамбар туралы көзқарасы

Мазмұны

Кіріспе……………………………………………………………………………..3

І Ибн Синаның қоғамдық саяси өмірі

    1. Ибн Синаның балалық шағы мен өскен ортасы……………………………5

    2. Ибн Синаның философиялық көзқарастары………………………….……8

ІІ Ибн Синаның дүниетанымының қалыптасуы мен даму барысы

2.1 Орта ғасырлық мұсылман, христиандық туралы көзқарастардың

қалыптасуы…………………………………………………...……………..13

2.2 Ибн Синаның пайғамбар туралы көзқарасы…………………………...…25

Қорытынды……………………………………..………………………………31

Пайдаланылған әдебиеттер……………….…………………………………..32

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі: Қазіргі кезде орта ғасырлардағы ғұламалар мен олардың көзқарастарына байланысты көзқарастарды зерттеу өте өзекті болып табылады.

Әбу Әли Хусейн ибн Абдуллах ибн аль-Хасан ибн Әли ибн Сина ((парсыша: ابو علی حسین بن عبدالله بن سینا), батыс елдерінде Авиценна атымен белгілі - ғалым, пәлсапашы, астроном. Толық аты-жөні Абу Али Хусейн ибн Абдаллах Ибн Сина, еуропалық дәстүр бойынша ол Авиценна деген атпен мәлім. Ибн Сина өзінен кейін зор шығармашылық мұра қалдырып кетті: ертедегі деректерге қарасақ, ол 456-ге жуық еңбек жазды, бірақ бізге дейін оның 240 кітабы ғана жетті, ол еңбектер поэзия мен философиядан бастап, геология жәнеастрономиямен аяқталып, білімнің барлық саласына арналған. Үлкен атаққа Ибн Сина дәрігер, ғалым және фармацепт ретінде ие болды. Ол бар болғаны 57 жыл өмір сүрсе де (980-1037 жылдары), оның өмірі мен дарыны осы уақытқа дейін аңызға айналып келеді.


Ибн Синаны еске түсірген кезде, көпшілік былай деп айтады: «Иә, біз оның кім екенін білеміз,» — бұл адамның соншалықты атақты екенін көрсетеді.
Ибн Сина өзінен кейін зор шығармашылық мұра қалдырып кетті: ертедегі деректерге қарасақ, ол 456 жуық еңбек жазды, бірақ бізге дейін оның 240 кітабы ғана жетті, ол еңбектер поэзия мен философиядан бастап, геология және астрономиямен аяқталып, білімнің барлық саласына арналған. Үлкен атаққа Ибн Сина дәрігер, ғалым және фармацепт ретінде ие болды. Ол бар болғаны 57 жыл өмір сүрсе де (980-1037 жылдары), оның өмірі мен дарыны осы уақытқа дейін аңызға айналып келеді.
Ибн Сина 980 жылы 16 тамызда Бұхара маңындағы Афшана ауылында дүниеге келген. Оның өзі жазған (ол оның алғашқы 30 жылын қамтиды) және оның шәкірті Джурджани жалғастырған өмірбаяны сақталған. Өзінің шыққан тегі туралы Ибн Сина былай деп жазады: «Менің әкем Балхадан, Нуха ибн Мансураның билік жасаған саманидасы кезінде Бұхараға көшіп келіп, онда төрелер кеңесінде жұмыс істеді. Оның қарамағына Бұхара өңіріндегі ауданның орталығы Хармайсананы береді. Афшанға жақын ауылдан, менің анам Ситара – жұлдызды өзіне әйел етіп алды. Онда алдымен мен, содан кейін менің інім дүниеге келді».
Хусейн 5 жасқа келгенде (Ибн Синаны ата-анасы солай деп атаған), сол кездегі Шығыстың ірі орталықтарының бірі Бұхараға көшіп келеді. Баланы бастапқы мұсылман мектеп-мактабка орналастырады. Хусейн хатыб Убайдының ең кіші шәкірті болды. Өзінің сирек кездесетін қабілетімен ерекшеленді, 10 жасқа жеткенде Құранды жатқа білді, оның ана тілі парсы-дары болса да, араб тілінің грамматикасын меңгеріп алды. Өзінің үйден оқытатын мұғалімі Абу Абдаллах Натилидің жетекшілігімен ойлау туралы ғылымды, евклидтік геогметрияны, астрономияны оқи бастады. Оқудың соншалықты табысты жалғасқаны, шәкірті мұғалімнен озып, кейде оны тұйыққа тіреп қоятын.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет