Қазіргі кезде, Татарстанның астанасында әлемге әйгілі мұсылман ғалымы әрі дәрігері Ибн Синаның ХІІ ғасырда хатқа түскен қолжазбасы қалпына келтірілетін болды.
Қазан федералды университетінің қызметкерлері Ресейдегі араб графикалық қолжазбалардың үлкен коллекциясын қалпына келтірумен айналысып жатыр. Аталмыш жоғары оқу орнында араб графикасымен жұмыс істей алатын дайын мамандар болмағандықтан олар шетелде білім алуға мәжбүр.
Осынау университеттегі ең құнды жәдігер саналатын Ибн Синаның қолжазбасында ісік пен өзге де дерт түрлерінің бетін қайтаратын дәрі-дәрмектердің рецептісі қамтылған. Қолжазбаларды сақтау үшін ауа қысымы (температура), жарықтың берілуі, ауаның ылғалдығы маңызды рөл атқарады. Қолжазбалар өте сирек қаралады. Алайда, осының өзі уақыт салған ізден – «тозудан» арашалап алып қала алмайды.
Қазан университетінің қолжазбалар және сирек кітаптар бөлімінің меңгерушісі Эльмира Әмірханова жәдігерлердің көбісінің дұрыс сақталмай, бірнеше ғасыр бойы қалпына келтірілмегенін жеткізді.
«Біздің алдымызда ХІҮ ғасырға тиесілі Құран қолжазбасы жатыр. Көріп тұрғандарыңыздай, ол соңғы рет 1763 жылы қалпына келтірілген. Халқымыздың тарихында маңызы зор осындай қолжазбаларды қалпына келтіру керек. Кішкене суреттері бар түрік қолжазбалары – қордағы інжу-маржандар. Ежелгі суретшілер картинасы үшін алтын түсті жұқа металдан жасалған қабыршақты пайдаланған. Бояуын да өз қолдарымен әзірлеген. Негізгі қоспасы айдаһар қаны деп аталатын қоспа пайдаланылған. Оны сынап сульфидінен алған. Сол себепті, көне кітаптарға ұқыпты қарау керек»,- деді ол.
Ресейде араб графикасымен жұмыс істейтін мамандар қат, қаны жерге тамбай тұр. Мамандар Түркия мен Ираннан оқып келеді. Қолжазбаларды қалпына келтірумен мамандар ретінде шетелге химиктерді, тарихшыларды және биологтерді аттандырады.
«Қолжазбаларға бактериялар үйір болғандықтан қалпына келтіру жұмыстарында ең алдымен оларды залалсыздандыру керек және бүлінген парақтарды қалпына келтіру қажет,- деді осы жоғарғы оқу орнының құжаттану және мұрағаттану кафедрасының доценті Дина Мұстафина. – Оның үстіне, графикасын қалпына келтіру керек. Яғни, осы іспен айналысатын адам белгілі бір дәрежеде суретші болуы тиіс»,- деді ол сөзінің соңында.
Аталмыш университет Ислам дінінің тарихын, өнерін және мәдениетін зерделеу жөніндегі халықаралық орталықпен келісімшартқа отырды. Осы жобаның аясында аталмыш университет ғалымдары араб графикалы кітаптарды қалпына келтіру орталығына келіп қана қоймай, сонымен бірге, татар халқының тарихына қатысты қолжазбаларды да оқуға мүмкіндік алады [15].
Пайғамбар ("پیغمبر" парсы پیغم “пайғам” – хабар және "بر" “бар” – алып барушы) – қауымға Аллаһ ақиқатын жеткізіп, Құдайдың барлығы мен бірлігін мойындауға шақырушы адам. Бүкіл жаратылыс ішінде ақылымен ерекшеленетін адам баласына Аллаһ дүниедегі тіршілік пен мәңгілік өмірдің сырларын ашу үшін Пайғамбарлар мен арнайы кітаптарын және сүйікті құлдарын жіберді. Имандағы жеті парыздың бірі – “Алла тағаланың жіберген пайғамбарларына сену”. Исламтеологиясында бұл мәселе нубууат (пайғамбарлық) деп аталып, зерттеледі. Пайғамбарлық екі түрлі болады: нәби жәнерасул.
Нәби (араб.: نبي) – періште арқылы уаһи (арнайы хабар) түсірілген немесе жүрегіне илһам арқылы білдірілген яки аян-түс арқылы хабар алып отырған Құдай тағала тарапынан таңдалған ерекше пенделер.
Ал расул (араб.: رسول) – пайғамбарлық хабарын қабылдап, Жәбірейіл періште арқылы арнайы кітап түсірілген, Аллаһтағаланың үкімдерін халыққа жеткізуші ретінде жіберілген, кемелдікке жеткен адам. Сондықтан расулдың бәрін нәбидеуге болғанымен, әрбір нәбиді расул деуге болмайды. Пайғамбарлық құдай тағаланың арнайы таңдауымен болатындығы жайлы Құран Кәрімде айтылады (Жұма сүресі, 2, 4-аяттар.).
Пайғамбарлардың бәрі ер кісілерден болған.
Олар күнәдан пәк, бірақ қателіктері болған.
Олар ең сенімді адамдар, Алла тағаланың бұйрықтарын қоспай-кемітпей жұртқа жеткізіп отырған, Алла тағаланың үкімін адамдарға жеткізетін кезде жанқиярлық ерлікпен, аса шыншыл әрі турашылдығымен ерекшеленген.
Кез келген адам ұрпақтары біле бермейтін құпия нәрселерді уаһидің сәулесімен біліп, жұртқа үйреткен, адамдарға Алла тағаланың аяттарын оқыған, кітап пен хикметті үйреткен.
Игіліктің бұл дүниеде адамдардан емес, ақыретте, әлемдерді жаратып тәрбиелеуші болған Алла тағаладан алынатындығын көрсеткен жандар. Пайғамбарлар адамдардың сұрауына байланысты, өздерінің пайғамбарлығын дәлелдеу және Алла тағаланың құдіретін көрсету үшін арнайы мұғжиза (әдеттен тыс жағдайлар) көрсеткен құлдар.
Алғашқы пайғамбар Адам ата (ғ.с.) туралы ең соңғы пайғамбардың сахабаларының бірі болған Әбу Зәр әл-Ғифари былай дейді, мен пайғамбардан: “Я расулаллаһ! Ең алғашқы пайғамбар кім болған?” деп сұрадым. Пайғамбарымыз:“Әзіреті Адам” деп жауап қайырды. “Ол кісі де пайғамбар болған ба?” деп сұрадым. Ол “әрине ол толық пайғамбар болған” деді. Тағы да мен “Расулаллаһ! Пайғамбарлардың саны қанша болған?” деп сұрадым. Ол кісі: “жүз жиырма төрт мың” деп жауап қайырды. “Я расулаллаһ! Олардың нешеуі расул?” деп сұрадым. Ол кісі: “үш жүз он бес кісілік бір жамағаты” деді (Ибн Сад, Табақат 1-т., 32-б.). Кейбір деректерде “үш жүз он үш” деп келтірілген. Ал соңғы Пайғамбар – Мұхаммед пайғамбар расул әрі нәби. Бұл туралы Құран Кәрімде: “...Алланың елшісі және пайғамбарлардың соңы. Алла әр нәрсені толық білуші” делінген (Аһзаб; 40). Құран Кәрімде жиырма сегізпайғамбардың аты кездеседі. Олардың үшеуі Лұқман, Зұлқарнайын және Узайр – пайғамбар ма, әулие ме деген сұрақтар туындап, ихтилафты мәселе болып қалған. Пайғамбарлардың арасында ең ұлықтары, құрметтілері бар. Олар: Нұқ пайғамбар, Ибраһим, Мұса пайғамбар, Иса, Мұхаммед пайғамбар (ғ.с.) (Табари тәпсірі; 26-т., 37-б.). Аллатағала тарапынан Пайғамбарларға жүз төрт кітап түсірілген. Төртеуі ұлық кітап, олар: Таурат, Інжіл, Зәбур, Құран Кәрім, қалған жүзі парақ күйінде болған.
Ей, перзентiм, бiлгенiң жақсы, Алла Тағала күллi өзiнiң құдiрет күшi әдiлдiгiн әмбеге паш еттi. Әрбiр зат, жан-жануарға қадiр-қасиет, түр-тұлға, көрiк, сипат бердi. Алла Тағала бiлiмсiзден - бiлiмдiнiң, көрiксiзден - көрiктi сұлудың, жоқшылықтан - баршылықтың абзалдығын танытып, адам мен хайуанның парқын аспан мен жердей ете бiлдi. Әрбiрiне өзiне тән түр-тұлға, сыр-сипат бердi.
Және ол қасиеттi өзiнен соңғы үрiм-бұтақтарына да дарытты. Көру үшiн көз, сөйлеу үшiн сөз, ойланып пайымдау үшiн ақыл-ес бердi. Алла Тағаланың құдiретi күштiлiгiн, күнсiз сәуле және жылылық таратуға, бұлтсыз күн жаудыруға шамасы келетiндiгiнен байқауға болады. Алла Тағаланың кереметiнiң шегiн болжауға ешкiмнiң де ақылы жетпейдi. Жұлдыздар әсерiмен дүниеге iзгiлiк немесе апат жiберуге құдiретi бар. Жақсылық пен жамандыққа өзiнен басқа бiр қалыс заттарды себепшi етедi. Мәселен, бұлт - жаууға, күн - дүниенiң нұрлануына, түн - қараңғылануына, жұлдыздардың ағуы - қараңғыда жарқырап көрiнуге себепшi болады.
Бұлардың алма-кезек ауысып тұратын қозғалысына тән жүйелi заңдылықтар бар. Егер бұл заңдылықтар бұзылса, жүйесiздiк, тәртiпсiздiк белең алып, дүние астан-кестең болады. Осы табиғи заңдылықтардың сақталу нәтижесiнде күллi әлемде жүйелi тәртiп орнайды. Осыған орайлас дүние түйсiгiн де жаратқан. Дүниеде бiр нәрсе пайда болса, ол екiншi нәрсеге айналып, Алла Тағаланың әмiрiне дәлел болады.
Ей, перзентiм, қалайда дүние заңдылықтарына немқұрайды бейтарап қарауға болмайды. Оның оңы мен терiсiнен, өңi мен астарынан хабарың болсын. Мысалы, тұқымның өнiп шығуына топырақ пен су себепшi. Егер жерге сепкен ұрығың уақтылы бөртiп шықпаса, ол тек қана жердiң кiнәсi деп түсiнбе. Сол сияқты ойлаған мақсатың орындалмаса, оған жұлдыздар немесе замана айыпты деп ойлама. Олардың кейбiр керi әсерi болғанымен, тiкелей қатысы болмауы ықтимал. Мәселен, ұрықтың өнiп шығуына жердiң тiкелей қатысы бар, бiрақ бидай ексең, одан арпа өндiруге шамасы келмейдi. Жұлдыздардың да ықпалын осылай түсiну керек.
Дүние түзiлгенде ұлы даналықпен түзiлiп, оған көркемдiк пен сұлулықты үйлестiрдi. Егер оған жiтi көзбен назар салсаң, көркемдiк көкжиегiнiң шексiз екендiгiн байқайсың.
Дүниедегi өсiмдiк пен жан-жануар iшiп-жемек, киiм кимек, жақсылық пен жамандықтың бәрi де дүниенiң мүлкi, көркi, сұлулығы деуге болады. Алла Тағаланың кереметiнен де осыларды байқау керек.
Ей, перзентiм, бiлгенiң жақсы, Алла Тағалам дүниенi жаратумен бiрге, ризық-несiбенi қоса жаратты, iшiп-жеудi, нәпсiнi жаратты. Бұлар болмаған жағдайда дүние бiр ойыншық сияқты ғана болар едi. Алла Тағала адамзатты жаратты, оған қажеттi заттық игiлiктердiң алуан түрiн пайда қылды. Адамның өмiр сүруiне қажеттi өнер, бiлiм, саясат ағымдарын жаратты. Егер саясат салтанат құрмаған жағдайда, адам баласы көп нәрседен хабарсыз қалған болар едi. Сондықтан адамзатқа саясат ауадай қажет болады. Саясатсыз қоғамда әдiлетсiздiк үстемдiк құруы сөзсiз. Алла Тағала саясатты дұрыс алып бару үшiн, пенделерiне пайғамбарларды (елшiлердi) жiбердi. Халыққа, құдайға құлшылық етудiң жолдарын үйретсiн дедi. Алла Тағаланың берген ризық-несiбесiне, түр-тұлға, көрiк-сипатына шүкiрлiк етiп, мойынсұндыру үшiн жiбердi. Адамның қасиетi басқа түрлi жан-жануардан әлдеқайда жоғары дәрежеде. Сондықтан да адам баласы өзiн тура жолға салушыларды танып-бiлуге мiндеттi. Ризық-несiбенi жеткiзушiнi ойында сақтауы шарт. Пайғамбарлардың бар екенiн ақиқат деп түсiнiп, әзiрет Адамнан Мұхаммед пайғамбарға дейiнгiлердi бiрiнен бiрiн кем демей, дiнге шын көңiлiмен сенiп, Алла Тағалаға құлдық етушiлер дүниеде өзiнен соңғыларға жақсы атақ қалдырады.
Әбу Әли Хусейн ибн Абдоллаһ бен Сина мұсылман философтары арасында ең үлкен философ болып саналады. Ислам әлеміне әйгілі ирандық ғалым Ибн Сина философиядан басқа медицина, астрономия және математика ғылымдарын да менгерген. Ол хижра-қамари жыл санағы бойынша 370-ші жылы (980 ж.) Бұхарада дүниеге келген. Америкалық жазушы әрі тарихшы Джордж Сартон оны исламдық жерлердегі ең белгіілі ғалым деп тауып, исламдық өркениет араб күштерінің ирандық өркениет (Ибн Сина) ағашымен будандасуының нәтижесі деп санайды. Сартон Әбу Әли Синаны барлық ғасырлардың әйгілі ғалымы деп санайтын. Әрине, Әбу Әли Синаның исламдық өркениеттің құнды мұрасы және ирандықтардың өркениеттің дамуына қосқан үлесінің айқын үлгісі екенінде күмән жоқ. Ол тек ирандық және исламдық өркениетттің ғана емес, бәлкім бүкіл әлем өркениетінің тарихындағы үлкен ғалым саналады. Ибн Синаның әртүрлі ғалымдардағы білімі мен оның өзінен кейінгі ғалымдарына тигізген ықпалдарына көңіл бөле Ислам әлемі, Еуропа және Батыста оны ең әйгілі мұсылман ғалым деп еске алады. Ибн Синаның ең маңызды ерекшеліктерінің бірі – ол Ислам мен Шығыс әлеміне философияның негізгі түсініктеріне арнайы және дәлелді анықтамалар ұсынған. Сол себепті ол тұрақты философия жүйесін құрды. Ибн Синаны Ислам әлеміндегі Аристотель секілді философия жүйесін құрған тұнғыш философ деп атауға болады. Ибн Сина грек философтарының мұраларын зейін салып зерттеп, олардың арасында ең дұрыс деп тапқандарын қабылдап, исламдық философия ретінде реттеп, мұсылман ойшылдардың қолына тапсырды. Ибн Сина Аристотель философиясының ізбасары болды, сонымен қатар оның көзқарастарының ұстазы Фарабидің пікірлеріне ұқсас болуын көруге болады. Ұлыбританиялық алхимик Роджер Бэкон Ибн Синаны Аристотельден кейінгі ең үлкен философ деп санайтын. Сол себепті оған Аристотель мен Фарабиден кейінгі "үшінші мұғалім" деген атақ берілді. Әлбетте Ибн Сина өмірінің соңында Аристотель идеяларынан алыстап, Платон мен исламдық мистикаға қарай жақындады. Оның дастандары мен "Шығыс қисыны" деп аталған кітабы осы мәселені растайды [15].
Әбу Әли Синаны Фарабидің белгілі ізбасары және исламдық өркениеттің әйгілі өкілі деп санау жөн. Басқаша айтқанда, Ибн сина Фарабиден кейін өмір сүргенімен оны Фарабиден жоғары санауға болады. Өйткені ол жаратылыс пен жаратылған заттар туралы жаңа теорияларды ең жақсы түрде сипаттады, Фараби бұл мәселеге көңіл бөлмеген. Ибн Синадай ешбір мұсылман ғалым философияның барлық салаларын зерттей алмады. Ол бұл жұмысты іске асырған бірінші адам болды. Ибн Синаның көзқарастары Шығыс пен Батыс философиясына ықпалын тигізді. Әбу Әли Синаның пікірлерінің бірі дене мен нәпсі туралы, олар Аристотель көзқарастарының ықпалын көрсетеді. Бірақ ол Аристотельге қайшы дене мен нәпсінің толық айырмашылығы бар екенін дәлелдеді. Ол бұл мәселені дәлелдеу үшін тікелей өз білімінен пайдаланды. Айта кететін жәйт, Шығыс Аристотель философиясын пайдаланбаған жағдайда, Иранда оның мұраларының аудармалары Ибн Сина сынды философтардың арқасында дамыды. Ибн Сина Батыстың философиясының кемелдікке жетуіне маңызды рөл атқарды. Өкінішке орай, көбісінде оның еңбегіне дұрыс көңіл бөлінбеді.
Ибн Сина ішкі және сыртқы танымның айырмашылығы бар деп санайтын. Осыған орай амалдарды сапасына қарай бөліп реттеген. Оның пікірінше, сезім мен қиал заттың түсі мен дәмі секілді сипаттарын ажыратады. Ибн Синаның кейбір пікірлері Исламның ұлық пайғамбарының пайғамбарлық міндетіне байланысты. Оның набават туралы көзқарастары ақыл, қиал, ғажайып және саяси-әлеуметтік мәселелерге сүйенеді. Ол Грекия философиясы мен Ислам дінінің негіздерін құрайтын ақыл мен дінге сүйенетін. Ибн Синаның сенімінше, пайғамбарға берілген ақыл мен қырағылық ең жоғары нығмет. Оның пікірі бойынша, пайғамбар халыққа иман таратты. Ибн Сина Алла мен әлем туралы теориясында Жаратушының болуын уәжіп әрі қажетті деп білетін. Негізінде оның көзқарасы бойынша, әр жаратылыс Жаратушыға мұқтаж. Әбу Әли Сина өз өмірінің әр мезетінде зерттеп, жазудан бас тартпаған, тіпті күндкрін үкімет пен төрешілік жұмыстармен өткізседе, түндерін шәкірттерімен бірге жазу, зерттеу және сабақ берумен өткізген. Ибн Синаның философиясы саласындағы ең маңызды мұралары "Дауа кітабы", "Өсиеттер мен кеңестер кітабы", "Білім кітабы" болып саналады. Айта кететін жәйт, Ибн Синаның 230-дан астам әртүрлі мұралары бар. Бүгін бұл үлкен философтың еңбектерінің көбісіне ұлттық ұйымдар мен ирандық белгілі зерттеушілердің көмегімен тәпсір жасалып, қайтадан басылып шықты. Әбу Әли ибн Синаның ең маңызды философиялық мұраларының бірі "Дауа" кітабы. Американың белгілі тарихшысы әрі шығыстанушысы Уильям Дуронт ибн Синаның "Дауа" және «Дәрігерлік ғылымның ережелері» кітаптары туралы: "Ибн Синаның "Дауа" және «Дәрігерлік ғылымның ережелері» кітаптары адамзат тарихындағы сенімді зерттеу енбектері қатарына кіреді. "Дауа" кітабында әледегі жаратылыстар және құрам мен заттың арасындағы қарым-қатынасты жақсы көрсеткен. Негізінде бұл кітап Әбу Әли Синаның ойларын исламдық мәдениеттен Батыс мәдениетіне жекізе алған философия саласындағы энциклопедия болып саналады. Ол көптеген мұраларымен қатар әртұрлі ғылымдар, әсіресе философия саласында көптеген шәкірттер тәрбиеледі. Олардың көбісі өз ғасырының үлкен ғалымдары болды. Әбу әл-Хасан Бахманиар және Мұхаммад Бөзжани Әбу Әли Синаның белгілі шәкірттері, олар ибн Сина қайтыс болған соң оның еңбектерін жинақтаған.