1-билет. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні, мақсаты мен міндеттері, қоғамдық тарихи қалыптастырудағы орны


Атап айтсақ, бүкіл басқару жүйесі қайтадан құрылды



бет67/78
Дата09.10.2022
өлшемі229,31 Kb.
#152294
түріСабақ
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   78
Байланысты:
Тарих сессия жауаптары

Атап айтсақ, бүкіл басқару жүйесі қайтадан құрылды:
Екі палаталы Парламент қалыптасып, оның нақты мәртебесі айқындалды;
Тәуелсіз сот жүйесі нығайтылды және құқықты реформа жүр­гізілді;
Министрлер кабинеті құрылып, министрліктің өкілеттіктері бекітілді;
Билік органдарының өкілеттілік құзырлығы кеңейтілді;
Жергілікті басқару жүйесі және оны дамыту мәселесі заңна­малық шеңберде бекітілді;
Мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін өкілетті орган­дар құрылды.
Демократияландыру мен саяси либераландырудың негізгі элементтері өмірімізге енді:
Сайлау заңнамалары жетілдіріліп, еркін және әділ сайлау жүйесі өмірге келді;
Елдің саяси өмірінде партия­ның рөлі күшейді;
Азаматтық қоғам институттары нығайтылып, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдар пайда болды;
Адам құқығын қорғау қамтамасыз етілді;
Бұқаралық ақпарат құралдары еркіндігі мен тәуелсіздігінің негізі, қаланды;
Қоғамдағы әйелдердің рөлі көтерілді.
Аталған үдерістер нәтижесінде еркін, тиімді және қауіпсіз қоғам қалыптасты.Ерекше тоқталатын жайт, ол – Қазақстан халқы ассамблея­сын құрылуы болды. Бүгінгі бірлігі жарасып, тату-тәтті өмір сүріп жат­қан халқымыз бен баянды мемлекеттілігіміз арқауы да президент­тік басқарудың нәти­жесі. Қа­зақ­стандық қоғам қарым-қатынас­тың барлық аспектілерінде толеранттылықты темірқазық етіп қалады.Президенттік басқару моделі әлемде мемлекет басқарудың кең тараған және тиімді тәжірибесі ретінде Қазақстанда ширек ғасыр уақыт ішінде өзінің өмір­шеңдігін және тиімділігін толықтай дәлел­деді. Еліміздің даму парадигмасына өлшеусіз оң өзгерістер енді. Мем­лекетіміздің өркендеу жолында ілгерілей даму қағидасын ұсынды және үздіксіз жүзеге асыртуда. Мән-мағынасы мен мазмұны жағынан аса маңызды және өте ықпалды биліктің басқару институты еліміздің экономикалық өсуі, әлеумет­тік өрлеуі, саяси бекемдігі және қоғамның демократиялық, зайырлы, құқықтық дамуы мен бірлігінің нығаюын қамтамасыз етті. Стратегиялық нысандағы бағдарламалар қабылданды. Мемлекеттік мақсатты бағдарламалар жүзеге асырылды.
94. Индустриалдық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы, оны жүзеге асырудың алғашқы табыстарын талдаңыз (2015-2019 жж.). ЭСПО-2017 өткізудің Қазақстан үшін маңызын ашыңыз: Дүниежүзiлiк экономиканың ғаламдануы аясында Қазақстан экономикасы бiрқатар проблемаларға тап болып отыр. Негiзгi проблемаларға мыналарды жатқызуға болады: «бiр жақты шикiзат бағыттылығы, әлемдiк экономикаға ықпалдасудың әлсiздiгi, ел iшiндегi салааралық және өңiраралық экономикалық ықпалдасудың босаңдығы, iшкi рынокта тауарлар мен қызметтерге деген тұтыну сұранысының мардымсыздығы (шағын экономика), өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымның дамымауы, кәсiпорындардың жалпы техникалық және технологиялық тұрғыдан артта қалушылығы, ғылым мен өндiрiстiң арасында ықпалды байланыстың болмауы; ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға қаржының аз бөлiнуi, менеджменттiң экономиканы ғаламдану процестерiне және сервистiк-технологиялық өтуге бейiмдеу мiндеттерiне сәйкес келмеуi.»Еліміз жоғарыдағы проблемаларды шешу мақсатында бәсекеге қабілетті алдыңғы қатарлы елдер санатына қосылу үшін, тұрақты экономикалық өсуді және экологиялық тиімді өндірісті қамтамасыз ету үшін «Қазақстан Республикасының Индустриялды-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған ұзақ мерзімді стратегиясын» қабылдады және ол алғашқы жылдан бастап оң нәтижелер бере бастады.
Стратегияның негізгі мақсаты – ғылым мен техника жетістіктерін пайдалану негізінде елдің ұзақ мерзiмдi әлеуметтiк-экономикалық дамуының бiрыңғай мемлекеттік саясатын қалыптастыру мен жүргiзу. Бағдарламасына сәйкес біз экономиканың шикізаттық бағытынан арылып, Қазақстанның индустриялануын тездетуге, машина жасау мен өнеркәсіп жабдықтарын жолға қоюға тиіспіз. Яғни инновация – негізгі қозғаушы күш болмақ. Бағдарламада сауда саясаты, инвестициялық саясат, еңбек ресурстары, білім беруді дамыту, кадрлар даярлау, денсаулық сақтауды дамыту, қаржы рыногын дамыту, фискалдық саясат, ғылымды дамыту, ғылыми-техникалық және инновациялық саясат, стандарттау және сертификаттау саласындағы саясат, инфрақұрылым, электр энергетикасы саясаты, ақпараттық саясат,телекоммуникацияларды дамыту, көлкті дамыту, тариф саясаты мен бәсекелестікті қорғау, экологиялық саясат мәселелері де қарастырылған.Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты жолдауында елдің индустриалдық-инновациялық дамуының нәтижелері мен бағыт-бағдары анық көрінеді: «Оның жүзеге асуының бірінші жылының нақты нәтижелері бар. Біз 152 кәсіпорынды қолданысқа бердік, 24 мыңға жуық қазақстандықтарды тұрақты жұмыспен қамтамасыз еттік. Ел бойынша барлығы сегіз жүз әртүрлі өндіріс ошақтары құрылды. Мемлекетіміздің даму стратегиясындағы инновациялық бағыт – бұл ұрпақ үлесін ғасырлар қойнауына апаратын сара жол. Тәуелсіздік алғаннан бері 21 жыл ішінде еліміз ғасырға татитын жетістіктерге жетіп, дамудың инновациялық жолына түсті. Қазіргі таңда Қазақстан дүниежүзіндегі қарқынды дамып келе жатқан мемлекеттердің бірі болып табылады. Бұл ретте Қазақстан өзінің тәуелсіздігін одан әрі нығайту мақсатында мемлекеттік құрылымның әр түрлі саласында өркениетті елдердің үлгілеріне сай келетін түбірлі инновациялық жаңаруларды жүзеге асыру кезеңін басынан кешіріп отыр .
«Экспо-2017» халықаралық көрмесін өткізетін ел мәртебесі Қазақстанның елордасы Астана қаласына бұйырғандығы 2012 жылдың 22 қарашасында Францияның астанасы Париж қаласында өткен ХКБ-нің EXPO халықаралық бюросы Бас ассамблеясының 152-ші сессиясы барысында белгілі болды. Біздің елдің ұйымдастырушыларының тарапынан ұсынылған Future Energy, яғни Болашақ қуаты тақырыбы сарапшылардың көпшілігінің көңілінен шығып, «Экспо-2017» халықаралық көрмесінің тақырыбы ретінде қолдау тапты. Қазақстан тарапынан барған ұйымдастырушылар Астанада өткізілетін «ЭКСПО-2017» көрмесінінің басты тақырыбы ретінде «Болашақтың энергиясы» атты тақырыпты ұсыну себебі, ол ең алдымен, баламалы энергия көздерін дамытуды қоса алғанда, энергетикадағы сапалы өзгерістер жолы мен оны тасымалдау тәсілдерін іздестіруге бағытталғандығы болып табылады. Екіншіден, орнықты энергиямен жабдықтау осы күнде жаһандық көлемдегі негізгі мәселе болып саналады және оны шешу экономикалық өсімді қамтамасыз ету және қоршаған ортаға келер зиянды төмендетуге септігін тигізеді. Үшіншіден, Қазақстанның бұл тақырыпты таңдауының басты негізі — еліміздің дәстүрлі энергиялық ресурстардың елеулі қорына ие бола отырып, баламалы энергия көздерін пайдалану жөніндегі шараларды дәйекті түрде қабылдауда және «жасыл» экономика құру бағытын ұстанғандығы. ЭКСПО — индустрилиазацияның символы. Техникалық жетістіктер мен техниканың өзін назарға салатын халықаралық көрме. «ЭКСПО» көрмелерінде әлемнің барлық мемлекеті өздерінің ең үздік технологиялық, ғылыми, мәдени жетістіктерін көрсетеді. Олар жаһандық дамудың жаңа күн тәртібін қалыптастырады. Мұндай іс-шараға барлық құрлықтың ондаған елінен миллиондаған адам қатысады. Бәсі биік бәсекеде Астананың жеңіп шығуы бекерден бекер емес. Оған бірнеше факторлар ықпал еткендігі аян: Біріншіден, елордамыздың әлемдік-деңгейдегі шараны лайықты өткізе алатын орталық ретінде қалыптасқаны баршаға белгілі болды. Екіншіден, таңдаудың Қазақстан пайдасына шешілуі мемлекетіміздің табыстары жоғары бағаланғанын білдіреді және Еуразия өңірінде-де оның даму келешегі кемел екенін айғақтай түседі. Үшіншіден, біздің «Болашақтың энергиясы» атты өзекті тақырыпты ұсынуымыз жеңіске жетуімізге көмектесті. Көп жылғы тарихы бар «ЭКСПО» көрмесі техникалық және технологиялық жетістіктерді, сондай-ақ оған мүше елдердің тарихын, дәстүрі мен мәдениетін көрсету үшін өткізіледі. Бұл көрме бүкіл әлемдік қоғамдастықтың және оны тамашалаушы миллиондаған адамның назарын өзіне аударатын ірі оқиға болып саналады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет