1-билет. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні, мақсаты мен міндеттері, қоғамдық тарихи қалыптастырудағы орны


жылғы Қазақстандағы халық санағы, халықтың этникалық және әлеуметтік құрылымындағы өзгерістерге талдау жасаңыз



бет73/78
Дата09.10.2022
өлшемі229,31 Kb.
#152294
түріСабақ
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   78
Байланысты:
Тарих сессия жауаптары

101. 2009 жылғы Қазақстандағы халық санағы, халықтың этникалық және әлеуметтік құрылымындағы өзгерістерге талдау жасаңыз:
1999 ж ақпан , наурыз айларында Қазақстанда әр он жыл сайын жүргізілетін тұрғындар санағы жүргізілді . Санақтың БҰҰ ның статистикалық комиссиясының нұсқауларына сай , халықаралық практикада қабылданған әдістемемен өткізілгені жарияланды . Санақ қорытындысы бойынша Қазақстанда 14 млн 952.7 мын адам тұратыны анықталды .
2009 жылғы халық санағы бойынша Қазақстан Республикасының халқы 17 200 000 санына тең болды, ал 2011 жылдың 1 қаңтарына 16 441 959 адамды құрады. 2010 жылдың басында халық саны 16 204 617 адам болатын.Оның ішінде, 8763,9 мың (57,3%) адамды қалалық тұрғындар, 7537,5 мың адамды (42,7%) ауылдық тұрғындар құрап отыр.2006 жылдың қаңтар-маусым аралығында республика халқының табиғи өсімі 63370 адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 тұрғынға 8,3 (8,1) адамнан келді.2006 жылдың қаңтар-маусымында АХАЖ органдары тіркелу көрсеткіші бойынша 143210 (138882) туу фактілерін тіркеді. Туғандардың саны қалалық және ауылдық елді-мекендерде өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда, 3,3%-ға және 2,9%-ға өсті де, тиісінше 83566 және 59644 адамда құрады. Бала туудың жалпы коэффициенті 1000 тұрғынға 18,6 (18,4) сәбиді құрады.
Осы кезең ішінде өлгендер саны 79840 (80978) адамды құрап отыр, соның ішінде қалалық елді мекендер үлесі — 51186 (51661) және ауылдық жерлер — 28654 (29317). Өлімнің жалпы коэффициенті 1000 тұрғынға 10,29 (10,33) адам.Өлімінің негізгі себептері қан айналымы жүйесі аурулары болып табылады, олардың үлесіне барлық тіркелген өлім оқиғаларының 52,9% (52,5%) тиесілі екендігі хабарланып отыр.Осы кезең ішінде республикада 1 жасқа дейінгі 2049 (2087) баланың шетінеуі тіркелген. Нәрестелер өлімінің коэффициенті 1000 туғанға 14,7 (14,5) шетінеу. Перинаталдық кезеңде пайда болатын жағдайлар нәрестелер өлімінің ең көп тараған себептері болып табылады, одан ағымдағы жылдың қаңтар-маусымында 1037 (1021) нәресте шетінеді. Цифрлар тілімен айтқанда, барлық нәрестелер өлімінің 50,6% (48,9%)-ы осы жағдайға тиесілі болып табылады.Биылғы жартыжылдықта некелесу мен ажырасулар саны, тиісінше 54994 және 17467 (48271 және 15183) құрады. Некелесу мен ажырасудың жалпы коэффициенті 1000 тұрғынға 8,5 (7,7) некені және 2,3 (2,1) ажырасуды құрады.
102. Ұлттық саяси топ өкілдерінің Уақытша өкімет органдары құрамындағы қызметін айшықтаңыз:
Патшалық билікті құлатқан Ақпан революциясын қазақ қоғамы зор қуанышпен қарсы алды. "Қазақ" газеті 9 наурыздағы санында: "...Киіз туырлықты қазақтың оң жағынан ай, сол жағынан күн туды, жақсылық, қуаныш тек қана орыстікі емес, отаны Руссия болған жұрттың бәріне тегіс жақсылық, бәріне тегіс қуаныш" - деп жар салды. Ақпан революциясы қалың бұқараның саяси құқықтарын кеңінен пайдалануына мүмкіндік жасады, олардың саяси күреске ашық араласуын қамтамасыз етті. Елдегі қоғамдық өмірде саяси партиялардың ролі орасан өсті. Революция патшалық цензураны жойды. Жұртшылық сөз және жиналыс бостандығын кеңінен пайдаланды.
Уақытша үкіметтің ұлттық мәселе бойынша қабылдаған алғашқы актілерінің бірі 1917 жылы 20 наурызда Ресей азаматтарының құқындағы діни наным-сеніміне, ұлтына қарай шектеушілікті алып тастауы болды. Көктен іздегендері жерден табылғандай болған халық Уақытша үкіметке барынша қолдау көрсетуге даяр екендіктерін білдіріп, империяның түпкір-түпкірінен құттықтау жеделхаттар жөнелте бастады. Қызылжар қаласы мен уезінің мұсылмандары қалалық мешітте жұма-намаз күні бүкіл халыққа шаттық әкелген Уақытша үкімет мүшелеріне ұзақ өмір беріп, бақытты етуін Алладан өтініп, жаңа үкіметке адал қызмет етуге серт берді. Ресей тарихында бірінші рет діни нанымдық, нәсілдік кемсітушілік жойылды деп, ұлттар теңдігін қағаз жүзінде болса да жария еткен бұл акт бұрынғы бұратана атанған езгідегі елдердің орыстармен терезесін тең сезінуіне жол ашты. Қазақ халқының Ақпан төңкерісін зор қуанышпен қарсы алуының мәні де осында болатын. Ақпан төңкерісінің қазақтар үшін қаншалықты маңызды болғанын А.Байтұрсынов: "Алғашқы революцияны қазақтар тура түсініп, қуанышпен қарсы алса, ол, біріншіден, бұл революцияның оларды патша өкіметінің қанауы мен зорлығынан құтқаруында және, екіншіден, оларды өзімізді басқарсақ деген ескі үмітінің нығая түскенінде еді", - деп түсіндіреді. Халықтың Уақытша үкіметке барынша қолдау көрсетуіне оның 1916 жылғы 25 маусым жарлығының күшін жойып, енді бұратаналарды қара жұмысқа алуды тоқтатуын, ал 7 наурызда 1916 жылғы көтеріліске қатысушыларға амнистия жариялау сияқты шаралары да ықпал етті
1917 жылдың басында Россияда революциялық жаңа толқын көтерілді. Империалистік соғысты азамат соғысына айналдыру ұраны кеңінен насихатталды. Патша өкіметі бұқараның жаппай қарулануынан қатты сескене бастады. Революциялық дағдарыстң пісіп-жетіліп келе жатқандығы ұлт аймақтарында оның ішінде Қазақстанда да сезіне басталды.
1917 жылы 27 ақпанда Россияда Ақпан буржуазиялық - демократиялық революция жеңіске жетті. Монархия құлатылып, Романовтар әулеті биліктен кетті. Бұл жағдайды Қазақстан халқы қуанышпен қабылдады. Қанқұйлы Николай тақтан құлатылғанын білгеніміздегі біздің қуанышымызды айтып жеткізу қиын, -- деп көрнекті мемлекет қайраткері Б.Алманов өз естелігінде айтты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет