1-билет. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні, мақсаты мен міндеттері, қоғамдық тарихи қалыптастырудағы орны


«Мәңгілік ел» идеясының негіздері: тарихи сабақтастық; қазақ мәдениеті; еркіндік; бірлік; күшті мемлекет; жоғарғы мақсаттар; Ұлы болашақ туралы баяндаңыз



бет76/78
Дата09.10.2022
өлшемі229,31 Kb.
#152294
түріСабақ
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   78
Байланысты:
Тарих сессия жауаптары

106. «Мәңгілік ел» идеясының негіздері: тарихи сабақтастық; қазақ мәдениеті; еркіндік; бірлік; күшті мемлекет; жоғарғы мақсаттар; Ұлы болашақ туралы баяндаңыз:
Еліміздің мұратына айналған «Мәңгілік ел» идеясы - халықтың әл-ауқатын жақсартып, ынтымағын арттыратын, елді дамудың жаңа сатысына жетелейтін жаңа қадам. «Мәңгілік ел» идеясының маңыздылығын Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауының негізі етіп алып, бұл туралы өз сөзінде: «Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат - Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол - «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті... Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де «Мәңгілік Ел» деген құдіретті ұғымға сыйып тұр» деген болатын. Халықты бір мақсатқа, бір мүддеге, бір болашаққа үндеген Елбасының бұл жолдауында ел халқына үлкен жауапкершілік жүктелген. Мәңгілік елге айналу үшін тәуелсіздікті сақтап, елдігімізді нығайту басты мақсат болып табылады. Өйткені, тәуелсіздік ұғымы халқымыздың мұраты, ғасырлар бойғы арманына айналған, сонау алаш тұлғаларының зердесі мен өнегесімен келген аманат дүние болатын.
107. Біртұтас экономикалық кеңістік құру идеясы және оны жүзеге асыру туралы баяндаңыз.
2003 жылғы 19 қыркүйекте Беларусь, Қазақстан, Ресей және Украина президенттері Біртұтас экономикалық кеңістікті құру туралы Келісімге келіп, оның Тұжырымдамасына қол қойды. Ол Достастық кеңістігінде экономикалық интеграцияның жаңа оңтайлы жолдары мен тәсілдерін қарастырудың нәтижесінде жүзеге асырылды. Осылайша Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (бұдан әрі – ТМД) елдері Жалпы ішкі өнімінің 90% үлесіне ие экономикалық дамыған 4 ТМД мемлекеті интеграцияның жаңа сапалы әрі жоғары деңгейіне көшу туралы шешім қабылдады.Қол қойылған құжаттар тек экономикалық сипатқа ие. Олар инфрақұрылымдық жүктемені төмендетуге бағытталған. Ал бұл өз кезегінде ортақ кеңістікте тауар өндірушілердің өзара қарым-қатынасын жеңілдетіп, бәсекелестік қабілетін көтереді. Біртұтас экономикалық кеңістікті қалыптастыру туралы келісімде және Тұжырымдамасына енген интеграциялық үлгі әлемдік экономиканың қазіргі заманғы талабына жауап беріп, әлемдік шаруашылықтың ғаламдану үрдісіне енеді.
Біртұтас экономикалық кеңістікті (бұдан әрі – БЭК) қалыптастыру туралы келісім 2004 жылғы 20 мамырда заңдық күшіне енді.Президенттердің 2003 жылғы 23 ақпандағы мәлімдемелеріне сәйкес БЭК-ті құру бойынша Жоғары деңгейдегі топ құрылды (ЖДТ).Жоғары деңгейдегі топтың міндетіне тауарлардың, капиталдың, қызмет көрсетудің және жұмыс күшінің еркін қозғалысын қамтамасыз етуге және экономиканың әртүрлі саладағы мемлекеттік Заңнамаларын үйлесімдендіруге бағытталған, құжаттарды, тетіктерді және институттарды дайындау кіреді.Осыған орай БЭК-ті қалыптастыру жөніндегі негізгі шаралар кешені (құжаттар 22 бөлім мен 116 шарадан тұрады), техникалық тапсырма, сонымен бірге жұмыс жоспары дайындалып бекітілген.Құжаттар өзара қарым-қатынастың негізгі бағыттарын - кедендік- тарифтік реттеуден жеке тұлғалардың қозғалыс еркіндігін қамтамасыз етуге дейінгі басты бағыттарды анықтайды.
108. Жастардың рухани, мәдени, бiлiм алуы, кәсiби қалыптасуы мен дене тәрбиесiн дамытуы үшiн әлеуметтiк-экономикалық, құқықтық, ұйымдастырушылық жағдайлар мен кепiлдіктер жасау, бүкiл қоғам мүддесi үшiн олардың шығармашылық ой-өрісін ашудың маңызы:
Жастар — келешегіміздің негізі ретінде өз білімімен, жасампаз еңбегімен және күш-жігерімен өз болашағын құрудың жаңа мүмкіндіктерін алу қажет. Ол ХХІ ғасырда Жаңа Қазақстанның — дамыған, бәсекеге қабілетті және әлемдегі сыйлы мемлекетті қалыптастыруды белсенді жалғастыруы қажет.Жастар саясатын жүзеге асыру елді жаңашылдыққа,интеллектуалды бәсекелестікке жетелейді.Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев: «кез-келген ел өз келешегін болашақ ұрпағымен байланыстырады »,-деген болатын.Қазақстан Республикасының Президентінің №73 жарлығымен 2009 жылдың 28-ші тамызында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты» туралы концепциясы бекітіліп бүгінгі күнге дейін жастар мәселесін шешетін негізгі құжат болып келеді. Қазақстан Республикасының Үкіметінің қолдауымен осы концепцияны жүзеге асыруда 2010-2012 жылдарға «Қазақстан жастары» атты нақты бағдарлама қабылданды. Басым бағыттарға ең бірінші азаматтылық пен патриотизмді дамытуға, жастардың рухани-адамгершілік қасиеттерін жоғарылатуға көп орын берілген.
Облыстарда, Астана және Алматы қалаларда «Ауыл жастары» жалпы ұлттық бастамасын іске-асыру мақсатымен үлкен жұмыс жасалады.Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 29 мамырдағы №76 өкімімен ауыл жастарының дамуына жағдай жасау және қолдау мақсатында 2009-2011 жылдарға арналған «Ауыл жастары» жалпы ұлттық бастамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілген. 2009-2011 жылдарға арналған «Ауыл жастары» жалпы ұлттық бастамасының іске асуына бағытталған қаржының жалпы көлемі - 10 млрд. 738 млн. теңге, соның ішінде 2009 жылға – 2 млрд. 806 млн. теңге, 2010 жылға – 3 млрд. 379 млн. теңге, 2011 жылға – 4 млрд. 552 млн. теңге.Ауылдық жерге жұмысқа келген жас мамандарға көтерме жәрдемақысын беру қарастырылған.2009-2011 жылдарға арналған «Ауыл жастары» жалпы ұлттық бастамасын және ауылға жас мамандарды тарту мақсатымен «Дипломмен – ауылға!» жоба бойынша кең іс-шаралар жүргізіледі.Бүгінгі таңда Елбасының қолдауымен мемлекеттік жастар саясаты концепциясы бекітіліп, барлық облыстарда жастар саясаты бағдарламасы қабылданып, үкіметте және жергілікті басқару органдарының ішінен жастар ісі бөлімі ашылып, жұмыс істеуде. Мәселен, осындай бағытта бекітілген «Қазақстан жастары –2009» бағдарламасы жеті бағытты қамтыған:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет