1-билет. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні, мақсаты мен міндеттері, қоғамдық тарихи қалыптастырудағы орны


Большевиктер, кадеттер, эсерлер, «Алаш», «Үш жүз», «Шуро-и-ислам», «Шуро-и-иулемия» саяси партияларының қоғамда атқарған қызметтерінің ерекшелігі



бет22/105
Дата28.04.2022
өлшемі260,21 Kb.
#141189
түріСабақ
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   105
Байланысты:
тарих сессия жауаптары-1

22. Большевиктер, кадеттер, эсерлер, «Алаш», «Үш жүз», «Шуро-и-ислам», «Шуро-и-иулемия» саяси партияларының қоғамда атқарған қызметтерінің ерекшелігі. Большевиктер саяси ұйымы-1917 ж.ақпан төңкерісінен кейін құрылды.В.И.Ленин бастаған саяси қозғалыс пен ойдың ағымы.Құрамында солдаттар,жұмысшылар,шаруалар болды.Партия мақсаты капитализмге өтпей-ақ социализмді орнату. Кадет партиясы-1917 жылы ақпан революциясына кейін құрылды.Құрамында буржуазия мен помещиктер.Семей қаласында “Свободная речь” газетін шығарды.Қазақстанның солтүстік облыстарында әрекет етті.Бөлінбес біртұтас Ресейді ,конституциялық монархияның қоныстардыру саясатын жақтаған партия. Эссерлер партиясы-1917 ж.көктемінде құрылды.Құрамында социал-революционерлер болды.”Жер-бүкіл халықтың меншігі”,”жер өңдейтіндерге берілсін”- деген мақсатта құрылған. Бұл партиялардың барлығы 1920 жылы большевиктер таратып жіберді. «Алаш» партиясы -1917—1920 құрылды. Тұңғыш жалпықазақ съезін шақыру туралы шешім 1917 жылғы сәуір айында өткен Торғай облыстық қазақ съезінде қабылданып, съезд оны даярлауды Ә.Бөкейханов пен А.Байтұрсынов бастаған бір топ қазақ зиялыларынан құрылған айрықша бюроға тапсырды. XX ғасырдың бас кезіндегі ұлт-азаттық қозғалыс тарихының өзекті мәселелерінің бірі – Алаш партиясының құрылуы, оның тарихи негіздері, саяси әлеуметтік сипаты және тарихта алатын орны. Қазақ зиялылары саяси партия құру әрекетін бірінші орыс революциясы жылдарында-ақ қолға алған болатын. Төрағасы — Әлихан Бөкейханов. Алаш партиясының басты мақсаты – қазақ еліне өзін-өзі басқару мүмкіндігін беретін мемлекеттік жүйе құру, яғни оның ұлттық мемлекеттікке құқы бар екендігін метрополияға мойындату, ал түбінде дербес мемлекеттікке қол жеткізу, қазақ жеріне ішкі Ресейден қоныс аударушылар толқынын тоқтату, әлемдік озық тәжірибеге сүйене отырып қазақ қоғамы жаңа өмір сұранысына сай өзгерту (модернизация), демократиялық принциптерді қадір тұтумен бір мезгілде, әсіресе, білім мен ұлттық мәдениеттің өркен жаюына жол ашу болды. «Үш жүз» партиясы — Қазақстанда 1917 жылы қазан-қараша айларында дүниеге келген ұлттық-саяси ұйым. «Үш жүз» саяси ұйымындағы жетекшілік рольдерді бұрынғы қорғаушы адвокат, журналист және драматург Көлбай Төгісов, фельдшер және тілмаш Шаймерден Әлжанов, Әбілқайыр Досов, Ысқақ Көбеков, Мұқан Əйтпенов атқарды. ОК-тінің алғашқы төрағасы М.Әйтпенов, орынбасары К.Төгісов, хатшысы Ы.Көбеков болды. Орталық органы «Үш жүз» гәзеті, оған Төгісов редакторлық етті. Өзінің әлеуметтік тегі жағынан ұсақ буржуазияшыл демократтардың саяси ұйымы болды. Қазіргі уақытта көп тараған пікірге қарамастан, «Үш жүз» саяси ұйымы құрылған күнінен бастап социалисттік партия болған жоқ. 1917 жылы Мұқан Əйтпенов партия төрағасы болған кезде, партия өз гәзетінде русофобтық ойлар айтса, 1918 жылы Мұқан Əйтпенов қызметінен босатылып, орнына К.Төгісов тағайындалғаннан кеін Сталинмен тілдесудің нәтижесінде эсерлерді қолдап, олармен бірігуге ұмтылады. «Шура-и ислам», , Ислам кеңесі - 1917 жылғы мамырда Мәскеуде өткен бүкілресейлік мұсылман съезінің шешіміне сәйкес құрылған қоғамдық-саяси ұйым. Бұл ұйым Уақытша үкімет жағдайында, мұсылмандардың және олардың қоғамдық ұйымдарының Құрылтай жиналысына дейінгі іс-әрекеттерін қадағалап, үйлестіріп отырды. Құрамына Түркістаннан 7, Кавказдан 2, қазақ облыстарынан 5, Литва татарларынан 1, ішкі Ресей мұсылмандарынан 10 адам кірді. Шура-и исламның Петроград каласында орналасқан 12 адамнан тұратын атқару комитетінің төрағалығына Ж.Салихов, орынбасары болып Ж.Досмұхамедұлы сайланды. Атқару комитеті мүшелері қатарында алғашында У.Танашев, Жақып Ақбаев, Зәки Уалиди Тоған, Ғ.Ходжаев, Көлбай Төгісов, Ш.Мұхамедияров, И.Лиманов секілді қайраткерлер болды. Шура-и ислам Бүкілресейлік мұсылмандар съезінің шешімдерін басшылыққа алды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет