1-билет. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні, мақсаты мен міндеттері, қоғамдық тарихи қалыптастырудағы орны


«Ақтаңдақ» кезеңдер тарихымызда аз болған жоқ



бет83/105
Дата28.04.2022
өлшемі260,21 Kb.
#141189
түріСабақ
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   105
Байланысты:
тарих сессия жауаптары-1

«Ақтаңдақ» кезеңдер тарихымызда аз болған жоқ...
Біз халқымыздың тари­хын­­дағы ақтаңдақтарды 1980 жыл­дар­дың екінші жартысындағы жария­­лылық, демократияландыру деп аталатын кезеңде айта баста­дық. 1989 жылы Колбин кетіп, Орта­лық Коми­теттің басшылығына Нұрсұлтан Әбішұлы келді. Коммунис­тік партияның Орталық Комитеті арнайы қаулы шы­ғарып ұлттық тарих­тың ақтаңдақ­та­рын, Ұлт-азаттық қоз­ғалыс мәселе­ле­рін еркін айтуға мүмкіншілік туды.
Алаш қозғалысына қатысқан шығар­ма­шылық топтың Шәкәрім, Міржа­қып, Мағжан шығар­малары­ның ақталуы да 1989 жылдан басталды. Ұлттық тарихты қалпына кел­тіру тәуелсіздіктен бұрын ойласты­рыл­ған еді. Бұл жолда Елбасымыз көп еңбек сіңірді. 1998 жыл «Ұлттық тарих» жылы деп жарияланып, 2004 жылдан бастап «Мәдени мұра» бағдарла­масы қолға алынды. Оның аясында шетелдегі тарихи дерек­терді елге қайтару жүзеге асты. Көп кешікпей бұл жоба «Халық тарих толқы­нын­да» деген пре­зи­денттік бағдарлама­ға жалғас­ты. Елбасының тікелей қолда­уымен ­бұ­рын беймәлім болған тарихи дерек­терді жинақтауда көп шаруа атқарылды. Тарихи-мәдени мұралар жинақталды, ақтаңдақтар ашылды. 1993 жылы репрессия құрбандарын ақтау жөнінде арнайы заң қабылданса, 1997 жылы Елбасымыз Н.Назарбаевтың Жарлығымен 31 мамыр – ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып белгіленді.Ұлт тарихындағы «ақтаңдақтарды» жоюға бағытталған шаралар мен тарихымызды ұлықтауға арналған мемлекеттік бағдарламалар тәуел­сіздігіміздің алғашқы жылдарынан бастап рухани құндылықтарымызды дамыту жолында қызмет жасап ке­леді. Осы қатарда 2004 жылдан бас­талған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы және 2017 жылы жа­рық көрген «Болашаққа бағдар: ру­хани жаңғыру» бағдарламалары ұлттық тарихымызды зерделеу мен жаңғыртуды көздеп, рухани құн­ды­лығымызды дәріптеуге тікелей атсалысып отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет