1-билет. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні, мақсаты мен міндеттері, қоғамдық тарихи қалыптастырудағы орны


ХХ ғ. басында қалыптасқан қазақ қоғамындағы саяси ойдың дамуы ерекшелігінің мәнін ашыңыз



бет99/105
Дата28.04.2022
өлшемі260,21 Kb.
#141189
түріСабақ
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   105
Байланысты:
тарих сессия жауаптары-1
111 Ісіктер, Саясаттану п ні бойынша тест с ра тары. Барлы ында а жауабы д ры-1
103. ХХ ғ. басында қалыптасқан қазақ қоғамындағы саяси ойдың дамуы ерекшелігінің мәнін ашыңыз:
XX ғасырдан бастап Қазақстанның әлеуметтік және қоғамдық өмірінде күрделі өзгерістер болды. Қазақ қоғамында демократиялық ой-пікір , ұлттық сана өсті . Отаршылдық –әкімшілік басқару жүйесі қазақ халқының алдыңғы қатарлы азаматарының сана –сезімі , ұлттық намысының оянуына түрткі болды.Патша үкіметінің Қазақстандағы саяси тәртібі , оның салдары және соған байланысты қазақ қоғамында саяси –қоғамдық ой –пікірдің қалыптасуы дамуы туралы ғылыми зерттеулер жазылып, кеңестік дәуірге сәйкес бағасын алды. Бірақ оларда қазақ ағартушыларының және зиялыларының еңбектеріндегі саяси-құқықтық идеяларына ұлттық мүдде тұрғысынан баға берілмеген.XX ғасырдың алғашқы ширегінде орын алған I орыс революциясы, ұлт –азаттық қозғалыс, Ақпан және Қазан төңкерістері ж/е т.б оқиғалар қазақ қоғамдық- саяси ойдың дамуына зор ықпал тигізді . Осы оқиғалармен қатар ел өміріндегі саяси өзгерістер қазақ ұлттық интеллигенциясының қалыптасуына әсерін тигізді . Ұлттық интеллигенция тобы қазақ қоғамдық –саяси ойдың дамуына елеулі ықпалын тигізді . Қазақ халқының қоғамдық- саяси ойдың дамуы қазақ ұлттық интеллигенциясымен тығыз байланыста болды . Ол болмаса қазақ халқының қоғамдық –саяси сауаты ашылмай , мәңгі түнекте қалар еді.
Қазақ балалары үшін білім алу өте маңызды рөл атқарды . Елдің дамуы үшін,саяси көзқарастың өзгеруі үшін , қазақ халқының жер бетінен ұлт болып жойылып кетпеуі үшін саяси интеллигенцияның тұрақты түрде қалыптасуы, білімділердің саны артуы маңызды рөл атқарды. Тарих сахнасына жаңа білімді, саяси интеллигенция толқыны келген сайын , саяси көзқарас өзгеріп отырды. А.Бөкейханов , Т.Рысқұлов бастаған саяси топ осының дәлелі еді. Ол кездегі басты мақсат ҚАЗАҚ ұлтын сақтап қалу , Егеменді тәуелсіз ел құру еді
104. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауы: басымдықтары мен маңызды кешенді міндеттерін айқындаңыз:
Елбасының халыққа жолдаған жаңа «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауымен таныстырып, жолдаудағы басты мәселелерге тоқталу. Оқушыларды патриоттыққа баулу, ел тарихын білуге, елімізді өркендету үшін білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жылда халыққа өз жолдауын арнап отырады. 2017 жылы 31қаңтарда «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауын жариялады.
Қазақстан Республикасы президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасы халқына арналған кезекті Жолдауында - адам елдің басты байлығы екендігін айта келіп, білім беру, денсаулық сақтау, өмір сапасын жақсарту қажеттігін атап көрсетті. Елбасының «Ұлт болашағы білімді ұрпақ қолында» деп айтқан сөзі бізді жарқын болашаққа апарар жолды меңзеп тұрғандай. Шын мәнінде бүгінгі жас - ертеңгі елдің мызғымас тірегі, келешек келбеті. Сол себепті олардың білімді, бәсекеге қабілетті, жан-жақты болуы ел дамуындағы аса маңызды фактор болып табылатыны анық. Дарынды балаларды қолдау мақсатында мектебімізде жүйелі де, маңызды жұмыстар Қазақстан – жас, көп ұлтты, болашағына сенімді және қарқынды дамып келе жатқан мемлекет! Біз тәуелсіз Қазақстанның 25 жылдық даму жолынан өттік. Алдағы 25 жылда бұдан да биік белестер күтіп тұр. Мемлекет құру жолында теңдессіз, мол тәжірибе жинап, жаңа кезеңге қадам басып отырмыз. Алдымызда қандай қиындықтар кездессе де, оларды еңсере алатынымызға сенімдімін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет