1 билет Қазіргі Қазақстан жазушылары мен композиторларының шығармашылық еңбектері


билет 1. Қазақстан территориясындағы сталиндік қуғын-сүргін: әлеуметтік-мәдени, демографиялық салдарлары



бет4/28
Дата08.02.2022
өлшемі147,59 Kb.
#119642
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
1 билет азіргі аза стан жазушылары мен композиторларыны шы ар

4 билет
1. Қазақстан территориясындағы сталиндік қуғын-сүргін: әлеуметтік-мәдени, демографиялық салдарлары.
2. Қазақстан Республикасы Президентін тұңғыш бүкілхалықтық сайлау.
3. Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның экономикалық дамуы.


1) 1990 жылдың 13 тамызы күні Совет Одағының тұңғыш әрі соңғы президенті Михаил Горбачев Сталиндік қуғын-сүргін құрбандары болған миллиондаған адамдарды ақтау туралы жарлық берді. Сталиндік репрессия зобалаңы 1937-38 жылдары өзінің шырқау шыңына жеткен болатын, бұл кезеңді бүгінде ұлы зұлмат-зобалаң жылдары деп атайды. «Азаттық» радиосы осы террор кезеңіне арналған бірнеше бөліктен тұратын сериялы хабарларында Сталиндік репрессия саясатының құрбандарына айналған отбасылардың тағдырлары жайында сөз етеді.
Сталиндік режим әр ұлттың оқыған, көзі ашық азаматтарына қырғидай тиді. 1992 жылы археологтар Қырғызстанның астанасы Бішкекке жақын жерде құрбандар жаппай жерленген бейітті тапты. Онда құпия жағдайда атып өлтіріліп, жасырын жерленген 138 адамның көмілген екен, олардың бәрі де сол кезде жоғары дәрежелі қызметтер атқарған, ұлттың зиялы өкілдері болған.
Сталиндік репрессия кезеңінде шешендер Орта Азияға жер аударылып, аман қалды десе болады. Этникалық шешендер 1944 жылы күштеп көшірілсе, корейлер 1937 жылы қоныстарынан көтеріле көшуге мәжбүр болған еді. Советтік Қиыр шығыста күн кешкен 170 мың корей 1937 жылы-ақ жер аударылған, ал олардың басшылары ұсталып, атылып кеткен. Оларға тағылған негізгі айып - "жапон шпионы" деген атақ болатын. Қырғызстандық заңгер Роман Шиннің ата-анасы осы депортация жасалған корейлердің қатарында болған.
Бұрынғы Совет одағының құрамында болған елдер өз құпия мұрағаттарын ашып жатқандықтан құрбандарды ақтау процесі баяу болса да жүруде. Ал миллиондаған адамның тағдырына өзінің жарасын салған сталиндік зұлмат жылдары олардың естерінен ешқашан шықпайды.


2) Тәуелсіздік тарихындағы ең шешуші қадамның бірі - Тұңғыш Президент сайлауы еді. 1991 жылдың 16 қазанында Жоғарғы Кеңес «Қазақ ССР Президентін сайлау туралы» заңды қабылдады. Президент лауазымына үміткер ретінде сайлауға 3 кандидат ниет білдірген болатын. Олар: Нұрсұлтан Назарбаев, Олжас Сүлейменов және Хасен Қожа-Ахмет. Кейіннен сайлау күніне аз қалғанда ақын, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов Нұрсұлтан Назарбаевты қолдайтынын мәлімдеп, сайлаудан өз кандидатурасын алып тастады. Ал Хасен Қожа-Ахмет өзін қолдайтын сайлаушылардың ең төменгі шегін жинай алмай, Орталық сайлау комиссиясы оны тіркеуден бас тартты. Осылайша, Нұрсұлтан Назарбаев іс жүзінде бірден-бір кандидат болып шықты. Президенттің сайлауалды бағдарламасындағы тезистер мыналарды қамтыды: 1. Біздің өркениетті қоғамға қадамымыздың басты тетігі - мемлекеттік егемендікті жүзеге асыру, бәсекелестік пен әртүрлі меншік формасына негізделген әлеуметтік нарықтық экономиканы қалыптастыру, сонымен қатар, терең реформалар және өміріміздің басқа да қырларын демократияландыру. 2. Қазақстанның егемен тәуелсіз мемлекеттермен достастықта болуы көпұлтты халқымыздың мүддесіне жауап береді. 3. Қазақстанның сыртқы саясаттағы негізгі бағыттарының бірі барлық көршілермен және шет мемлекеттермен достық қарым-қатынасты нығайту, бірыңғай еуразиялық экономикалық, интеллектуалдық және мәдени кеңістік құруға белсене қатысу, мемлекеттік және аумақтық тұтастықты қамтамасыз ету, республика территориясы мен экономикасын демилитаризациялау болып табылады. 4. Нарықтық қатынастарға көшу - біздің стратегиямыз бен экономикалық дамуымыздың негізгі бөлігі. Бұл ретте жеке кәсіпкерлікті қолдау, нарықтық тетіктерді шапшаң құрып, енгізу маңызды, адамдар әлеуметтік масылдықтан арылып, өзінің жағдайына жауапкершілік сезімі оянуы, кәсіпкерлікке белсене араласып, іскерлікті жандандыру үшін ауылдағы жер және өндірістік қатынастарды реформалау үдерісін шапшаңдату керек. 5. Қазақстанда айрықша алаңдатарлық экологиялық ахуал қалыптасып отыр. Президент жарлығымен қазақ жерінде ядролық қаруды сынақтан өткізу тоқтатылды. Арал мен Семей өңірінің, өнеркәсіптік орталықтардың проблемаларын кешенді түрде шешу, табиғи байлықтарды, әуе және су бассейндерін қорғау үшін мемлекеттік органдардың, ғылыми және медициналық мекемелердің күштері жұмылдырылады. Экологиялық жұтты жоюға халықаралық ұйымдарды, ғалымдар мен іскерлік ортаны тарту үшін қолдан келгеннің барлығы жасалады. 6. Саяси жүйе мен мемлекеттік құрылымдарда тиісті реформалар жүргізілмей тұрып, салмақты экономикалық қайта құруларға қадам жасау мүмкін емес. Осыны түсіне отырып және парламентпен, тұрақтылық пен азаматтық және ұлтаралық келісімді қолдайтын барлық қоғамдық қозғалыстармен, партиялармен бірлесе отырып, мен Қазақстанды нағыз демократиялық құқықты мемлекет ретінде бекіту үшін күресемін, онда күшті әрі тиімді атқарушы билік заң шығару және сот билігі тармақтарымен бірлесе үйлесімді жұмыс істеп, ал адам құқықтарына сенімді түрде кепілдіктер берілетін болады. 7. Мен үшін тату-тәтті ұлтаралық қатынастарды, халықтар арасындағы сенім мен достықты сақтаудан артық маңызды міндет болған емес болмайды да! Онсыз біз ештеңеге қол жеткізе алмаймыз. Ұлттық мемлекеттілікті нығайту үшін, қазақ халқының тағдыры үшін өзімнің жауапкершілігімді сезіне отырып, мен әрқашан халқымның мәдениеті, тілі мен тарихын өркендетуге қызмет ететін боламын. Сонымен бірге, Қазақстанның Мемлекеттік егемендігі туралы декларацияға сәйкес, республикамызда оның барлық азаматтарына теңдей жағдай жасалуына, мәдениеттердің, тілдер мен дәстүрлердің еркін дамуына барлық күш-жігерімді жұмсаймын. 8. Мен өз қызметімде көпұлтты Қазақстан халқына, халық билігі арқылы сайланған органдарға, аға ұрпақтың тәжірибесі мен жастардың қуатына, алуан түрлі ойлайтын адамдарға арқа сүйеп, батыл да құзыретті шешімдер қабылдайтын боламын.
Сұралғандардың 89 пайызы Қазақстанның бірінші лауазымды тұлғасы дәрежесінде Нұрсұлтан Назарбаевты көргісі келеді. Республиканың басқа танымал тұлғалары арасында ақын Олжас Сүлейменов те үлкен қолдауға ие. Осылайша, Нұрсұлтан Назарбаев барша халық сайлаған Қазақстанның Қазақ ССР-ның Вице-президенті болып Н.Назарбаевпен бірге сайлауға түскен Е. Асанбаев сайланды, оның кандидатурасын Мемлекет басшысының өзі қолдаған болатын.


3) Қазақстанда нақты жұмыс істейтін нарықтық экономика құрылған. 2006 жылғы мамырда экономикадағы жұмыспен қамтылғандар саны 7991,4 мың адам болды. Өнеркәсіптің жетекші салаларының қатарына түсті және қара металлургия жатады. Қазақстанның мысы, қорғасыны, мырышы және кадмийі сапасының жоғары деңгейде болуына байланысты әлемдік нарықта сұранысқа ие және бәсекеге қабілетті.
Еуропа елдері Қазақстан экспорты көлемінің негізгі бөлігін алады. Қазақстан ірі отын-энергетикалық өңір болып табылады. Еуропа елдері арасында Қазақстан экспортын негізгі тұтынушылар Швейцария, Италия, Польша, Германия болып табылады. Еуропа елдеріне экспорт жасау мұнай, ферроқорытпалар, металлургия өнеркәсібі өнімдерін, бидай сату есебінен артып отыр. 1998-2005 жылдар аралығында ЖІӨ-нің нақты көлемі 1,8 есе артты, ал ЖІӨ-нің орташа жылдық өсімі 9,1% болды. 1998-2005 жылдары ЖІӨ-нің жан басына шаққандағы көлемі 2,5 есе артты. Қазақстанның ЖІӨ-нің көлемі 2006 жылы 76 млрд. долларға жетті, ол жан басына шаққанда 5,1 мың АҚШ долларын құрайды.
Қазақстанның қаржы жүйесі ТМД елдерінің ішіндегі ең озық жүйенің бірі деп танылды. Банк секторы өз дамуында Достастықтың басқа елдерінен айтарлықтай алдыңғы қатарда келеді. Қазақстан банктерінің жиынтық активтері (50 млрд. АҚШ долларынан астам) Украина банктерінің жиынтық активтеріне теңеседі. Қазақстан Шығыс Еуропа елдерінің бірқатарынан алдыңғы қатарда. Елдің алтын валюталық қоры Ұлттық қорды қоса есепке алғанда 2006 жылғы 30 қарашада 15,086 млрд. АҚШ долларына дейін өсті.
Республика экономикасына 50 млрд. АҚШ долларына жуық тікелей шетелдік инвестиция тартылған. Қазақстан ашық сыртқы сауда саясатын дәйекті жүргізуде. Мәселен, 2004 жылы сыртқы сауда айналымының көлемі 7 млрд. доллардан астам оң сальдомен 33 млрд. АҚШ долларына жақындап, 1994 жылмен салыстырғанда 3 еседен астам өсті.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында сыртқы сауда географиясы негізінен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығымен шектелсе, ол қазір айтарлықтай кеңейді. 2004 жылы Қазақстанның тауар айналымы құрылымында бірінші орынға ЕО-қа мүше елдер, Ресей, Швейцария және Қытай шықты.
Қазақстан бүгінгі таңда ТМД елдерінің ішінде бірінші болып Moody’s Investors Service, Standard & Poor’s и Fitch Rating’s Ltd сияқты жетекші халықаралық рейтингтік агенттіктердің инвестициялық класс рейтингін алды.
2005 жылғы 20 желтоқсанда Fitch Rating’s рейтингтік агенттігі Қазақстан Республикасының инвестициялық рейтингін шетел валютасындағы ұзақ мерзімді облигациялар бойынша «ВВВ» деңгейіне дейін және ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді облигациялар бойынша «ВВВ+» деңгейіне дейін жоғарылатты, сондай-ақ шетелдік валютадағы қысқа мерзімді облигациялар бойынша «Ғ3» деңгейін растады. Осы агенттіктің соңғы есебіне сәйкес, Қазақстанда минералдық ресурстардың қомақты қорының болуы оның экономикалық келешегі зор екенін айқындайды.
Қазіргі уақытта Қазақстан Бүкіл әлемдік банктің жіктеуі бойынша, кірісі орта деңгейден жоғары елдердің тобына жатады. Тұрмыс сапасының негізгі көрсеткіштерін салыстырсақ, соңғы 10 жыл ішінде қазақстандықтардың ақшалай табысы орта есеппен 5 есе өсті; орташа айлық жалақы 6 есеге жуық өсті; ең төменгі жалақы 25 есе өсті; ең төмен жалақы мөлшері 25 есе; зейнетақының орташа айлық мөлшері 4,6 есе артты.
2006 жылғы мамырдағы жұмыссыздық деңгейі 7,7% мөлшерінде қалыптасты (2005 жылғы мамырда – 8,2%). Мемлекеттің 2005 жылы тегін медициналық көмектің кепілді көлеміне бөлінген шығыстары 2003 жылмен салыстырғанда 1,7 еседен астам өсті.
1997 жылдың қазан айында Президент Н.Ә.Назарбаев республика халқына “Қазақстан — 2030” деген атпен жолдау қабылдады. Бағдарламада еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуының жақын арадағы және стратегиялық ұзақ мерзімдегі даму жолдары мен мүмкіндіктері жан-жақты көрсетілді.Мемлекеттің дамуындағы ұзақ мерзімді жеті басымдықты іске асыру көзделген. Олар: 1) ұлттық қауіпсіздікті сақтау; 2) ішкі саяси түрақтылық пен қоғамның топтасуын нығайту; 3) нарықтық қатынастар негізінде экономикалық өсу; 4) Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқатын көтеру; 5) энер­гетика ресурстарын жете пайдалану; 6) инфрақұрылым, көлік және байланысты дамыту; 7) демократиялық кәсіби мемлекетті құру. Тек осы аса маңызды шараларды іске асырғанда ғана Қазақстан халқының өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы мүмкін екендігіне сенім білдірілді. Қазіргі уақытта Қазақстан Бүкіл әлемдік банктің жіктеуі бойынша, кірісі орта деңгейден жоғары елдердің тобына жатады. Тұрмыс сапасының негізгі көрсеткіштерін салыстырсақ, соңғы 10 жыл ішінде қазақстандықтардың ақшалай табысы орта есеппен 5 есе өсті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет