№1 билет Бронхит дегеніміз не ­? Этиологиясы,жіктелуі,клиникасы, диагностикасы


Панкреатит дегеніміз не? Этиологиясы. Жіктелуі.Клиникасы. Емі



бет8/40
Дата24.06.2022
өлшемі0,55 Mb.
#147056
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   40
Байланысты:
ответы терапии-1

Панкреатит дегеніміз не? Этиологиясы. Жіктелуі.Клиникасы. Емі.

Панкреатит — бұл ұйқы безінің
панкреатикалық ферменттерінің
әсерінен бактериальды
емес қабынуы. Этиологиясы
Жедел панкреатиттің этиологиясы әр түрлі себептерден болуы мүмкін: Өт қабы және өт шығару жолдарының аурулары: Холецистит, өт
тас ауруы, холедохтың қабынуы, т.б.
Асқазан және ұлтабар аурулары: Созылмалы гастрит, ойық жара
аурулары т.б.
Алкогольдың жедел панкреатитке әкелу себебі.
Артық ішкен тағам және зат алмасудың бұзылуы
Ұйқы безіндегі қан айналысының бұзылуы
Аллергиялық реакциялар әсерінен
Жарақаттардан соң: Жүктілік және босанғаннан
кейінгі уақытында бұзылады және гормональді өзгерістер салдарынан.
Химиялық заттармен улану: Қышқыл, сілті, фосфор және т.б.
Жұқпалы аурулар: Іш сүзек , қызамық(скарлатина),
сепсис, вирустық гепатит және т.б. Созылмалы панкреатит этиологиясы Ішкілікке салыну (90%). Күн сайын 100 мл-ден алкогольді
немесе 2 литрден сыраны ішу 3-5 жылдан кейін ұйқыбезде
гистологиялық бұзылыстарды дамытады. Алкогольді
үнемі ішетін әйелдерде панкреатиттің айқын көрінісі 1112, еркектерде 17-18 жылдан кейін пайда болады.
Биллиарлық гипертензия — бауырдан төмен биллиарлық
түтіктерде қысымның жоғарылауы (Фатер емізігінің
стенозында, Одди сфинктерінің түйілуінде, холедохта
тастың тірелуінде және он екі елі ішектік
гипертензиясында болатын).
Дуоденобиллиарлық рефлюкс (Одди сфинктерінің
шамасыздығынан, дуоденостаздан болатын).
Алиментарлық фактор — майлы, қуырылған тағамды
асыра жеу, белоктың жетіспеушілігі, витаминдердің,
әсіресе А витаминінін, тапшылығы.
Вирустық инфекция (Коксаки Н, гепатиттің
вирустары).
Дәрмектердің әсерлері (ұзақ қолданылған
цитостатиктер, эстрогендер, нитрофурандар, қабынуға
қарсы дәрмектер, тиазидтік диуретиктер, холинэстераза
ингибиторлары).
Гиперлипидемиялар (ұйқыбездің паренхимасы мен
тамырларына шамадан тыс май жиналуы және бос май
қышқылдарының улық әсер етуі).
Гиперпаратиреоз (ұйқыбездің түтіктерінде тастар
түзілуі, кейіндеу — кальцинозы).
Жедел панкреатиттің созылмалыға ауысуы. -Панкреатит жіктелуі: -Жедел панкреатит -Женіл панкреатит -Ауыр панкреатит -Созылмалы панкреатит Шыққанына байланысты: Бастапқы,қайталама Клиникалық көріністеріне байланысты: Ауыр,жасырын,біріктірілген ремияссия Панкеатит клиникалық көрінісі: Жедел панкреатиттің клиникалық ағымы жеңіл,
орташа, ауыр, өте ауыр болуы мүмкін. Жеңіл түрінде ауырсыну эпигастрий
аймағында, белбеу тәрізді, арқаға беріледі. Көп науқастарда жүрегі айнуы,
құсуы сирек байқалады. Гемодинамика қалыпты, іш пердесінің тітіркену белгісі
жоқ. Жедел панкреатиттің орташа ауырлығында ауырсыну қаттырақ болады,
тіпті кейде науқас еңкейіп шынтағын тізесіне дейін жеткізеді; жеңілдік
бермейтін көп құсу байқалады. Тері жабындысы ақшыл түсті, ps-90-120, қан
қысымы 100/60-90/50с.б.б. Тілі құрғақ, іші кепкен, басқанда ұйқы безі маңайы
қатты ауырсынады. Ішек перистальтикасы естілмейді. Іш пердесінің тітіркену
белгісі оң. Панкреатиттің осы түрінде дененің әр жерінде ақшыл-көк дақтар
пайда болады; Олигоурия байқалады, зәр тәулігіне 1000мл-ден аз; 3-4 ші
тәулікте эпигастрий аймағында инфильтрат байқалады, сарғаю пайда болуы
мүмкін. Ауырсыну синдромын жою, ұйқы безі өзегі және өт жолдары гипертензиясын жою: к/т-ға глюкоза-новокаин қоспасын жіберу, новокаин блокадасы, спазмолитиктер енгізу;
Функциональдық тыныштық және ұйқы безінің секреторлы-ферментті белсенділігін тежеу (аштық, жергілікті гипотермия, антацидті заттар, Н2-рецепторларының блокаторлары (циметидин 1таб х3рет немесе 2мл х 4рет к/т), протез ингибиторлары (контрикал 100-200 мг/тәулігіне №7-10 күн), цитостатиктер (5-фторурацил 5% 5мл күн ара №3 рет.
Панкреатикалық ферменттерді инактивациялау: протеаз ингибиторлары (контрикал, цалол, гордокс т.б.) тәуліктік дозасын жіберу.
Су-электролиттік және сілтілі-қышқылды тепе-теңдіктің бұзылысытарын жою, белок және заталмасу процесін түзету: натрий гидрокарбонаты, плазма, альбумин және т.б. Интро және экстракорпаральді детоксикация: диурезді жылдамдату, лапороскопиялы перитональді диализ, плазмоферез.
Аурудың іріңді асқынуларының алдын алу:
кең спекторлі антибиотиктерді қолдану (цефалоспориндер, макролиттер пенициллин қатырының преператтары және т.б.).



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет