Холецистит дегеніміз не? Диагностикасы. Емі.
Холецистит(cholecystіtіs; грек. chole — өт, kystіs — қап және іtіs —
қабыну) — өт қабының қабынуы. Лабораторлық зерттеулер
Лабораторлық зерттеу мəліметтері: лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы ауру басталғаннан 2 тəуліктен кейін, өтқуық эмпиемасы кезінде нейтрофилдік лейкоцитоз. Жіті холециститпен науқастарда сарысуда сілтілік фосфотаза мөлшерінің жоғарылауы 23% жағдайда, билирубин - 45%, АСТ - 40%, АЛТ - 13%. Несепте сарғыштық кезінде уробилиноген, ал сарғыштық кезінде - билирубин анықталады.
Иснструменталдық зерттеулер
Иснструменталдық зерттеулер мəлімттері:
Рентгенографияның тиімділігі аз. Шолу рентгендік суретте кейде контрасттық тастар анықталады. Холецистография теріс нəтиже береді, себебі холецистит өтқуық түтігінің тығындалуымен жүреді.
Өтқуықты УДЗ тастың барын, ағзаның көлемін, оның қабырғасының қалыңдығын, өтқуық жанындағы инфильтратты, өтқуық ішіндегі өттің концистенциясын анықтауға мүмкіндік береді.
Кеуделік тор рентгенографиясы мен ЭКГ дифференциалды диагностика өткізу үшін жүргізіледі.
Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер
Инфекциялық немесе уыттық гепатитке, созылмалы гепатитке күдік болса инфекционист кеңесі, гемолиздік сарғыштық болғанда гематолог кеңесі, онкологиялық үрдіс кезінде онколог кеңесі қажет. Дəрі-дəрмектік емес ем: төтестік тəртіп, №5 емдім, тағам мəзірінен ащы-тұщы, жануартектес майлар шектеледі, науқас тағамды күніне 5-6 рет кішкентай мөлшерде қабылдайды, минералдық сулар тағайындалады.
Дəрі-дəрмекті ем:
Консервативтік - "суық, аш қарын жəне тыныштық".
Спазмолитиктер.
Интоксикацияны жою жəне су-электролиттік əрі энергетикалық жетіспеушілікті қалпына келтіру үшін инфузиялық терапия.
Антибактериалдық терапияның түрлері:
1. Ципрофлоксацин ішке 500-750 мг күніне 2 рет, 10 күн бойы.
2. Доксициклин ішке немесе т/і тамшылатып. 1-нші күні 200 мг/тəул., əрі қарай науқас жағдайының ауырлығына қарай 100-200 мг тəулігіне. Препаратты 2 аптаға дейін қабылдайды.
3. Цефтазидим инъекцияға арналған ерітіндіні дайындауға арналған ұнтақ 500 мг, 1 гр, 2 г.
4. Эритромицин ішке. Бірінші мөлшер - 400-600 мг, одан кейін 200-400 мг 6 сағат сайын. Емдеу курсы инфекция ауырлығына байланысты 7-14 күн. Препаратты тамаққа дейін 1 сағатта немесе тамақтан кейін 2-3 сағаттан соң қабылдайды.
5. Ұзақ əрі күшті антибиотикотерапия нəтижесіндегі микозды емдеу немесе алдын алу үшін итраконазол ішуге арналған ерітінді 400 мг\тəул., 10 күн.
6. Қабынуға қарсы препараттар 480-960 мг тəулігіне 2 рет, əр 12 сағат сайын. Емдеу курсы 10 күн.
7. Цефалоспориндер, ішке қабылдауға арналған, мысалы, цефуроксим 250-500 мг тəулігіне 2 рет, тамақтан кейін. Емдеу крусы 10-14 күн.
Симптоматикалық дәрілік терапиясы (көрсеткіштер бойынша қолданылады):
1. Цизаприд 10 мг күніне 3-4 рет немесе дебридат 100-200 мг күніне 3 рет, немесе метеоспазмил 1 капс. Күніне 3 рет. Курс ұзақтығы - 2 аптадан кем емес.
2. Хофитол 2-3 табл. күніне 3 рет тамақтың алдында немесе аллохол 2 табл. күніне 3-4 рет тамақтан кейін, немесе холерез бен холекинезді күшейтетін басқа да препараттар. Курс ұзақтығы 3-4 аптадан кем емес.
3. 3 апта бойы тамақтың алдында 1-2 мөлшері қабылданатын полиферменттік препарат, клиникалық əсерге жəне онекіелі ішекті зерттеу мəліметтеріне байланысты терапияны түзету қажет болуы мүмкін.
4. Тағам қабылдағаннан кейін 1,5-2 сағаттан кейін қабылданатын антацидтік препарат.
5) Симптомдық терапия (анальгетиктер, спазмолитиктер, антацидтік заттар жəне т.б.), клиникалық əсерге байланысты терапияны түзету қажет болуы мүмкін.
№7 билет
Достарыңызбен бөлісу: |