№1 билет Бронхит дегеніміз не ­? Этиологиясы,жіктелуі,клиникасы, диагностикасы


Панкреатит дегеніміз не? Диагностикасы. Емі



бет24/40
Дата24.06.2022
өлшемі0,55 Mb.
#147056
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   40
Байланысты:
ответы терапии-1
1 Методы решения целых алгебраических уравнений, фтиз. 21.12.21-1, тттт
Панкреатит дегеніміз не? Диагностикасы. Емі.

Панкреатит – бұл ұйқы безінің дегенеративті қабыну процессі.
Бұл аурумен ауыратындарың негізгі бөлігі майлы тамақ, алкогольді көп пайдаланушылар, тамақты көп жеушілер. Арнайы өршітетін факторлардың әсерінен ұйқы безінде протелиттік ферменттер белсенді бөлінеді. Салдарынан қабыну процессі пайда болады.
Диагностикасы:

  • ЖҚА: лейкоцит, ЭТЖ көбеюі

  • БҚА: ұйқы безінің ферменттерін анықтайды; АЛТ, АСТ,

  • ЖЗА: амилазаның бар жоғын анықтау

  • УЗИ: ұйқы безі өзгерістері

  • Гастроскопия

  • Белгілер бойынша анықтау: мондора(денеде күлгін түс дақтар), воскресенский, керте, мейо робсон, грея турнера, хольстед т.б.

Емі:

  • Ауырсыну синдромын жою: глюкоза-новокаин қоспасын жіберу, спазмолитиктер енгізу:

  • Тыныштық орнату үшін, ұйқы беінің секреторлы белсенділігін тежеу: циметидин, контрикал, цитостатиктер (фторурацил)

  • Су-электролиттік және сілтілі қышқылды тепе теңдікті бұзылысын жою: натрий гидрокарбонаты, альбумин, т.б.

15 билет

  1. Холецистит дегеніміз не? Этиологиясы. Жіктелуі.Клиникасы.

Холецистит(cholecystіtіs; грек. chole — өт, kystіs — қап және іtіs — қабыну) — өт қабының қабынуы. Өте жиі кездесетін (әсіресе әйелдерде) ауру. Холецистит дұрыс тамақтанбаудың салдарынан өттің дұрыс ағып өтпеуінен, аз қозғалудан, әр түрлі инфекцияның түсуінен (іш таяқшалары, кокктар, т.б. қоздырғыштар ішек не қан арқылы таралады), сондай-ақ өт жолдарында әр түрлі себептерден тас байланудан пайда болады. Холецистит тұқым қуалайды. Аурудың ағымына қарай жедел және созылмалы түрлері ажыратылады. Жедел түрінде оң жақ қабырға асты ауырады, науқастың жүрегі айнып, құсады, іші кеуіп, жиі кекіреді, дене қызуы 38 — 39°С-қа көтеріп, кейде ауырсыну жауырын мен иық-тан сезіледі. 2 — 3 күннен кейін сары аурумен ауырғандай терісі, көздің ақ қабығы сарғайып, кіші дәреті қара қоңыр түске боялады. Егер жедел Холециститті дер кезінде емдемесе, онда созылмалы түріне ауысады. Бұл кезде науқастың сәл майлы тамақ ішсе, оң жақ қабырға асты сыздап ауырады. Жүрегі айнып, құсады, аузы құрғайды.
Клиникасы.
Ауырсыну синдромы
Өңдеу
Aуыруы эпигастрий аймағында басталып,кейін оң жақ қабырға астына ауысады.Кейбір науқастарда іштің ауыруы өт қабы және өт жолдарының тұсында басталып,жоғары немесе іштің оң жақ жартысына тарайды.Кесіп немесе жарып,өте қатты шыдатпайтын ауырсыну болады.
Сипаты: тұйық .
Пайда болуы: үнемі немесе анда санда.
Ауырсыну ұзақтығы :бірнеше минуттан бірнеше күнге дейін созылуы мүмкін.
Ауырсыну оң жақ қабырға астының бұлшықеттерінің ширығумен бірге жүруі мүмкін.
Иррадиациясы
Өңдеу
Ауыру сезімі иррадиациясы оң жақ иыққа,иық үстіне(Березнегевский-Элекер симптомы),жауырын астына,арқаның оң жақ жартысына,мойынға, желкеге,төс сүйегінің ішкі бетіне,жүректің орналасқан аймағына тарайды. Мұндай иррадиация болу себебі өт қабы мен өт жолдарының нервтері диафрагма нервісімен және мойын өрімінің нервісімен байланысты болуда.
Диспепсиялық көріністер

Жүрек айну;


ауамен кекіру;
ауызда ашты дәм сезу;
құсу, тәбет төмендеуі,
кей тағамдарды көтере алмау(майлы , қуырылған, уксусы бар). Құсу жеңілдік әкелмейді.
Жіктелуі:
1.Жіті холецистит- кең тараған хирургиялық аурулардың бірі, жиілігі бойынша аппендициттен кейінгі екінші орында. Жіті холецистит мәселесі соңғы отыз жыл бойы өзекті болып отыр, оның себебі аурудың кең таралуы,әрі шешімін әлі де болса таппаған сұрақтардың болуында.

2.Катаральді холецистит


Оң жақ қабырға астының және эпигастри аймағында ауырсынудың болуы бел аймағына, оң жақ жауырын астына иыққа,мойын аймағына дейін ауырсыну беріледі. Жеңілдік әкелмейтін құсу, лоқсу жиі болады. Субфебрильді дене қызуы, Тахикардия 100 с минутына дейін. Пальпацияда оң жақ қабырға астында қатты ауырсыну сезіледі ерекше өт қабының проекциясында Ортнер-Греков, Мерфи, Мюсси-Георгиевскии симптомдары оң болады Кей кезде ұлғайған өт қабын байқаумызға болады.

3.Флегмонозды холецистит


Клиникалық көрінісі өте айқын, ауырсынуы жөтелген кезде, демалғанда, қозғалғанда байқауымызға болады. Фебрильді дене қызуы, тахикардия 110-120 с мин. Щеткин –Блюмберг симптомы іштің жоғарғы оң жақ бөлігінде оң болады ЖҚА зерттеуінде сәл лейкоцитоз байқаймыз .

4.Гангренозды холецистит


Флегмонозды түрінің асқынуы. Айқын интоксикация, жергілікті немесе жайылған іріңді перитонит көрінісін байқаймыз(өт қабының перфорациясында) Науқастың жағдайы ауыр.
Холециститтің себептері:

Қабық қабырғаларының қатты қабаттарының зақымдануы (тастар), өт тасының тастарын бітеу (кальцистит);


бактериалды флора арқылы өтімді инфекция, инфекцияны дамыту (бактериялық холецистит);
өт қабының ішіндегі асқазан ферменттерін тастаңыз (ферментативті холецистит).



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет