Өзіңізге белгілі білім саласында мектептердегі үш ауысымда оқытуды жою мәселесі өзекті болып қала береді. Себебі өңірде туу көрсеткіші жоғары. Мектеп оқушыларының контингенті де жыл сайын өсіп отыр
Өзіңізге белгілі білім саласында мектептердегі үш ауысымда оқытуды жою мәселесі өзекті болып қала береді. Себебі өңірде туу көрсеткіші жоғары. Мектеп оқушыларының контингенті де жыл сайын өсіп отыр.
Бұл мәселені шешу бағытында Басқұдық ауылынан 600 және 1200 орындық мектептің құрылысы басталды, осы жылы 600 орындық мектепті қолданысқа бергелі отырмыз. Қазіргі таңта Маңғыстау ауылындағы №5 мектепке Басқұдық ауылынан 850 бала тасымалданып отыр. Басқұдық ауылындағы 600 орындық мектеп қолданысқа берілгеннен кейін оқушы тасымалы 150-ге дейін азаятын болады.Қызылтөбе -2 ауылынан 1200 орындық мектеп құрылысын бастау жоспарлануда. Сонымен қатар 850 орындық 3 жекеменшік мектеп салыну жоспарлануда.Батыр және Маңғыстау ауылының
Бесшоқы тұрғын үй массивінен әрқайсысы 1200 орындық мектеп құрылысының жобалық-сметалық құжаттамалары мектептік сараптамаға тапсырылды.