1. Жоғары концетрленген эмульсиялардың қасиеттері. Мұндай жүйелер үшін бөлшектердің қозғалысымен байланысты мәселелер (диффузия, седиментация) болмайды, эмульсиялар өздерінің қасиеттері бойынша құрылымданған – коллоидтық жүйелерге, яғни гельдерге (сірнелерге) ұқсас болады. Тамшылар концентрациясы 100%-ға жақындай бастағанда, дисперсиялық орта – сұйықтықтың өте жұқа қабаты – эмульсиялық қабыршақтар түзеді. Мұндай эмульсиялар құрылымы бойынша көпіршіктерге жақын, олардың қасиеттері ең алдымен эмульгатормен тұрақтандырылған эмульсиялық қабыршақтар қасиеттерімен анықталады.
Сұйылтылған эмульсияның қасиеттері. (Cd<0,1 көлемдік %). Мұндай эмульсиялар әдетте, жұқа дисперстілікті және қасиеттері бойынша лиофобтық зольдерге ұқсас болады. Мұндай эмульсияларда тамшы өлшемдерінің кішкентай болуына байланысты броундық қозғалыс, диффузия, жарық шашырату және т.б. байқалады, олар седиментациялық тұрақты болып табылады. Олардың агрегаттық тұрақтылығы лиофобтық зольдердегідей диффузиялық электрлік қабаттың болуымен анықталады. Электролиттердің әсерінен коагуляция Щульце-Гарди ережесіне бағынады. Сонымен, эмульсияларға лиофобты зольдердің тұрақтылығының теориясын қолдануға болады. Сұйылтылған эмульсияның кеңінен белгілі мысалы – бу машинасындағы жұмсалған бу конденсаты, мұнда машина майының майда тамшылары майдаланған. Басқа мысал – шикі мұнай, мұнда судың тамшылары екінші ретті эмульсия түзеді.
2. Конденсациялық әдістер.
Конденсациялық әдіс бойынша екі не одан да көп электролит-тер ерітіндіде химиялык, реакцияласқанда және осы өнімнің бірі түнбаға шөгінді күйінде түскенде қолданылады. Мысалы, Nа2СОз + СаС12 = СаСО3| + 2NаС1. Сондай-ақ, кейбір жоғары дис-перстіліктегі ұнтақтарды өртеп, мысалы, мырыш оксидін, алады. Бүл реакция 300°С-та жүреді. Ал газ және сұйық отындарды оттек жеткіліксіз жағдайда жаққанда күйе алынады. Егер конденсация-лык әдіс кезінде алынған зат ірі болса, оны ұнтақтайды.