1 билет «Химия» пәнінен жаңартылған білім беру мазмұныңдағы 7-11 сыныптардағы үлгілік оқу бағдарламасының мазмұны


Химиялық құрылыс теориясы органикалық химияны оқыту кезінде структуралық көзқарасты дамыту негізі. !!!!! Бул 67 суракко



бет21/85
Дата08.02.2022
өлшемі0,65 Mb.
#124391
түріБағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   85
Байланысты:
1 билет «Химия» п нінен жа артыл ан білім беру мазм ны да ы 7-11

3. Химиялық құрылыс теориясы органикалық химияны оқыту кезінде структуралық көзқарасты дамыту негізі. !!!!! Бул 67 суракко
8 БИЛЕТ
1. «Сутегі. Қышқылдар. Тұздар» тақырыптарының мазмұны мен оқыту әдістемесі.
«Сутек. Қышқылдар» тақырыбында оқушылар бейорганикалық қосылыстардың екі класы туралы түсінік қабылдайды. Олар қышқылдар мен тұздар. Сутекті оқудан олар оның қосылыстары қышқылдарға өтеді. Әдістемелік тәсіл ретінде оқушылардың өмірлік тәжрибесі мен күнделікті тұрмыста қолданатын лимон, қымыздық, сүт қышқылдарын мысалға келтіруге болады.Мұнда оларға тән ортақ қасиет қышқыл дәмі аталады. Олардың аты да осы сөзден шығып тұр. Осыдан кейін күкірт және тұз қышқылдары қарастырылады. Қышқылдардың осындай типтік өкілдері мысалдар саны шектеп қышқылдардың құрамы мен қасиеті туралы жалпы мағлұмат беруге мүмкіндік береді. Оларды оқыту кезінде қышқылдармен жұмыс істеу дағдысын қалыптастырып, оларды айыра білуге үйреткен жөн. Ол үшін қықшқылдарды оқыту кезінде жеке қасиеттеріне көңіл аудару керек.Қышқылдар жайлы түсініктерді қалыптастыру олардың құралы мен типтік белгілерін айқындаудан басталады. Қышқылдарды салыстыру олардың құрамын айқындауға яғни сутек бәріне ортақ ал қышқыл қалдығы әр текті қасиет екендігін белгілеуге мүмкіндік береді. Оқушылар қышқыл қалдықтары мен олардың валенттілігі жайлы түсінік алды.Қышқылдардың жалпы қасиеттерін оқыту олардың индикаторға қатысты анықтаудан басталады. Лакмус пен метилоранж қарастырылады. Кейде оқушыларда қате түсінік қалыптасады. Олар қышқылдар индикатор әсерінен түсін өзгертеді деп есептеледі. Ондай қате пікір қалыптаспас үшін индикатор қағазын қолданған дұрыс.Мектеп бағдарламасы бойынша қышқылдардың металдармен әрекеттесуі оқытылады. Бұл жерде біз металдардың белсенділігі туралы түсінікті беріп, орын басу реакциясы туралы түсінікті кеңінен қалыптастыруды жүзеге асырамыз.
Оқытуды сұрақ қоюдан бастаймыз: 1)Қышқылдар металдармен әрекеттесе ме? 2)Барлық қышқылдар мен металдар бір- бірімен әрекеттесе ме? 3)Бұл реакциялар бірдей жылдамдықпен өте ме? Оған жауапты оқушылар тұз қышқылын Cu, Fe, Mg түйірлерімен әрекеттестіру нәтижесінде алады. Немесе сұйық күкірт қышқылын қолданамыз. Оқытушы тәжрибені параллельді жүргізіп, реакция өнімдерін зерттейді.
Басты назарды нақты тұздарды сипаттауға, олардың құрамы мен номенклатурасын оқуға, тұздар формуласын құруға аудару керек. Тұздар номенклатурасын оқытуды қышқылдар атымен байланыстырған дұрыс себебі олар тұздардың топтық атауын анықтайды.(хлоридтер, сульфаттар, нитраттар). Дағдыларын дамыту үшін (тұздар формуласы мен атын құрғанға) жаттығулар орындату керек. Әсіресе программаланған тапсырмалар, тест тапсырмалары, химиялық диктанттарға көп көңіл бөлінеді.
2. 11 - сынып. Химия пәнінен жаңартылған білім мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы бойынша 14 тарау құрылымы. «Жасыл химия». Жасыл химияның 12 принципі. Атмосфера, гидросфера, литосфераның ластануы. Жердің озон қабатының бұзылуы, Ғаламдық жылыну.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет