!!!!Кесте койылмай жатр кыздар !!!! 37 сурақ
3. Заманауи сабақтың құрылымы. ҚМЖ бөліктері.
Заманауи сабақты оқытудың мақсаты – ғылыми танымның нәтижелерін ғана емес, сол нәтижелерді алу үрдісін меңгеру, оған оқушының интеллектуалдық, уәждік, эмоционалды және т. б. басқа орталарын қалыптастыру мен дамыту, оның жеке қабілеттерінің дамуы, оқушыларға ғылымның дайын қорытындыларын беру емес, баланың жалпы дамуына көңіл бөлінеді.
ЗАМАНАУИ САБАҚТЫҢ НЕГІЗГІ КОМПОНЕНТТЕРІ: Әр сабақта болуы қажет компоненттер.
1.Ұйымдастыру – сабақ бойы сыныпты ұйымдастыру, оқушылардың сабаққа дайындығы, тәртібі.
2.Мақсатты – сабаққа және оның жеке кезеңдеріне мақсат қою.
3.Мотивациялық – берілген тақырыпта, сонымен қатар курста оқытылатын материалдар маңыздылығын анықтау.
4.Коммуникациялық – мұғалімнің сыныппен қарым-қатынас деңгейі.
5. Маңызды – оқыту, бекіту, қайталау, өзіндік жұмыстары т.с.с. үшін материалдар таңдау.
6.Технологиялық – берілген сабақтың түрі, берілген тақырыбы және берілген сыныбы үшін оқытудың ең тиімді әдістерін және тәсілдерін таңдау.
7.Бақылау-бағалау – сабақта оқушы жұмысының белсенділігін ынталандыруына және танымдық қызығушылық дамытуына арналған бағалар.
8.Аналитикалық – сабақты қорытындылау, сабақтағы оқушылар жұмысын талдау, сабақ ұйымдастыру бойынша өз жұмыс нәтижесін талдау.
Жаңаша оқытудағы оқу үдерісінде мұғалім емес оқушы неғұрлым белсенді болады, мұғалім оқу материалын дайын күйінде бермейді, ашық сұрақ қою, назарын шоғырландырып оқу, шолу жасау, тәжірибе және зерттеу жасауға бағыттап отырса, сабақ жемісті болады. Осындай жемісті сабақтың әр кезеңде белгілі бір оқыту мақсатын қоя отырып, мұғалім оқушыларға мақсатқа жетуге, мәселені анықтауға, жауаптарды іздеуге, мәселені талқылауға, қорытынды жасай отырып, өз ойын білдіруге үйрете отырып, ашық қоғамның бәсекеге қабілетті азаматы етіп тәрбиелейді. Мысалға әр түрлі оқытудағы әдістердің мүкіндіктеріне тоқталып кетсек:
-Оқылым және жазылымға негізделген сабақтарды құрылымды етіп құру сын тұрғысынан ойлауға мүмкіндік береді, яғни ол қызығушылығын ояту, мағынаны ажырату және рефлексия кезеңдерінен тұрады.
-Интерактивті оқыту әдіс -тәсілі арқылы оқушы интелектісіне әсер ету, яғни ақпарат мұғалімнен оқушыға, оқушыдан мұғалімге өтіп отыруына мүмкіндік береді.
-Белсенді оқытуда оқушылар өз пікірін айта білуді және өзгенің пікіріне құрметпен қарауды үйренеді.
-Ұжымдық оқыту технологиясы жаңа идеяларды ұсынуға және жаңа мүмкіндіктерді қолданып көруге бағыттап отырады.
Ұжымдық оқыту технологиясының мақсаты – қиын істерді атқаруда, топтық жұмыстарда, келісімге келуде, өзін-өзі басқару және ұйымдастыра білуде қажет болатын оқушы дағдыларын қалыптастыру.
№10 БИЛЕТ
Достарыңызбен бөлісу: |