Байланысты: 1 билет «Химия» п нінен жа артыл ан білім беру мазм ны да ы 7-11
Күнделікті бақылау оқыту процесінде күнделікті қолданылады және сабақ барысында оқушылардың оқу–танымдық әрекетіне басшылық жасайды. Ол ішкі және сыртқы байланысты жан–жақты жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады, соның негізінде оқушылардың келесі оқу әрекетіне ықпал етеді. Күнделікті бақылау мұғалімнің жалпы немесе жекелеген оқушылар жұмысына жүйелі түрде бақылау жасау көмегімен жүргізіледі. Бақылаудың бұл түрі оқушылардың сынып немесе үй тапсырмаларын өз бетінше орындауға деген ниеттері мен берілген тапсырманы орындауға деген олардың қызығушылығы және жауапкершілік сезімін ынталадыруда үлкен маңызға ие болады.