1 билет «Химия» пәнінен жаңартылған білім беру мазмұныңдағы 7-11 сыныптардағы үлгілік оқу бағдарламасының мазмұны


«Педагогикалық технология» ұғымы. Химия курсын оқытудағы педагогикалық технологиялар



бет38/85
Дата08.02.2022
өлшемі0,65 Mb.
#124391
түріБағдарламасы
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   85
Байланысты:
1 билет «Химия» п нінен жа артыл ан білім беру мазм ны да ы 7-11

3. «Педагогикалық технология» ұғымы. Химия курсын оқытудағы педагогикалық технологиялар.
Педагогикалық іс – әрекет саласына “технология” деген сөздікті енгізу “индустриялдық” технология (Ф.Б. Гильбрейт, Ф.У. Тейлор және т.б.) деген идеяға негізделген және ол оқытуда техникалық жабдықтарды қолданумен байланысты. Педагогикалық технологияда берілген басқа да анықтама бар, ол: оқыту процесін жүзеге асырудың мазмұндық техникада (В.П. Беспалько), педагогикалық ұйымдастыру мен жүзеге асырудың жобасы (алгоритмі), оқыту процесін ұйымдастырумен жүргізуді жобалау барысындағы бірлескен педагогикалық іс–әрекетінің моделі (В.М.Монахов), барлық сабақ беру процесін жасаудың, қолданудың және анықтаудың жүйелі әдісі, білімді меңгерудегі техникалық және адам және олардың өзара әрекеттерін ескеру (ЮНЕСКО), мазмұнын қорытындылау (Г.К.Селевко). В.Н.Бордовская мен А.А Реанның көрсетуінше білім беру технологиялары дегеніміз бұл білім беру процесіндегі ұстаздар мен оқушылардың жүйелілік іс–әрекеттеріне, ол мақсат мазмұн әдістерді ұйымдастырудың белгілі бір нақтылы принциптері мен өзара байланыстылығына сай нақталы идея негізінде жасалынады.Г.М. Құсайыновтың есебінше педагогикалық технология әдеттегі түсініктерден басқа – ол мұғалімнің жоспарланған оқыту мен тәрбиелеудегі мақсаттары мен нәтижелерге жету мен сабақ беру процесі емес, ол кәсіби ұстаздың басшылығымен оқушылардың өзінің және өзара оқыту процесі, ол білім берудің мазмұнымен оқу жоспарларымен бағдарламаларында ескерілген іс – әрекеттердің сол түрлерін меңгеру жұмыстарының әрбір сатыларындағы болатын өзгерістер мен қайта құру болады.
Химияны оқытуда жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың теориялық негіздері. Химияны оқыту процесінде инновациялық технологиялар пайдалану арқылы жас ұрпақты тәрбиелеуге көңіл аудару керек. Себебі қазір инновациялық технологиялар заманы даму , арта қалмау қажет.
Ал, мектепте әзір бұл өзгерістердің байқалуы әлсіз. Сондықтан да бұл өтпелі кезеңде, мектепке өзгеріс қажет. Бұл өзгеріске орташа оқушыға бағытталған емес, жеке тұлғаға бақытталған инновациялық технологиялар арқылы қол жеткізуге болады. Сонымен, қазір дүние жүзінде мектептегі білім берудің стратегиялық бағыты жеке тұлғаға бағытталған білім беру арқылы алға қойылған мақсаттар шешілетіндігін дәлелдеп отыр.
Мұндай білім беру кезінде оқушы не студент жеке тұлға мұғалімнің бақылауында болады, оқу білім беру ісі емес, танып білу іс-әрекетіне ауысады. Білім берудің дәстүрлі парадигмасында білім беру: «Оқытушы – оқулық – оқушы» болса, жаңа білім парадигмасында «оқушы – оқулық – оқытушы» жүйесіне ауысуы керек.
Қазіргі кезде көптеген алдыңғы қатарлы елдерде білім беру ісі осылайша құрастылырған. Бұл білім берудегі гуманистік бағыт. Мұнда білім беру жүйесінде негізгі іс-әрекетте жеке адамның ерекшелігі ескеріледі. Жеке адам өзгеріп, отырған өмірдің ішінде, сондықтан да оның өмірді қабылдауы әр түрлі болады.
14 БИЛЕТ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет