1 билет «Химия» пәнінен жаңартылған білім беру мазмұныңдағы 7-11 сыныптардағы үлгілік оқу бағдарламасының мазмұны



бет39/85
Дата08.02.2022
өлшемі0,65 Mb.
#124391
түріБағдарламасы
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   85
Байланысты:
1 билет «Химия» п нінен жа артыл ан білім беру мазм ны да ы 7-11

1.«Азот топшасын» оқыту әдістемесі.
Азот топшасы бойынша топты, топшаны жэне жеке элементті сипаттау, өтілген топшаның элементтерімен салыстырып, ұқсастығы мен айырмашылығын анықтау жөніндегі оқушылардың білімі мен білігі ныгаяды. Периодтық заң жэне жүйе, заттың қүрылысы химиялық байланыс туралы білім дамиды, жаңадан донор-акцепторлы байланыс жайында ұғым қалыптасады. Химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары, химиялық эрекеттерді басқару жэне реттеу мәселелері нақтылы мысалдармен толықтырылады. Ғылым мен өндіріс арасындағы аммиак, азот қышқылы, минералды тыңайтқыштарды алуға байланысты өндірістік материалдарды өткенде оқушылардың политехникалық ой-өрісі кеңейеді. Азоттың табиғаттағы айналымы, өзінің жэне қосылыстарының қүрамы мен қасиеттеріндегі қайшылықтар ғылыми көзкарастың қалыптасуына, өлі табиғат пен тірі табиғаттың байланысын терең түсінуге жэрдемдеседі.Азот топшасының элементтерін галогендермен және оттегі топшасының элементтерімен салыстырганда мыналарға көңіл аударылады. Галогендер тобына жататын элементтердің бірі -бейметалдар, олар күшті тотықтырғыш касиет көрсетеді. Оттегі топшасында - полонийда, азот топшасында, сүрме мен висмутта металдық қасиеттер білініп, элементтердің сипаты өзгереді. Элементтер (атомдар) қасиеттерінің өзгеруі мен жай заттар қасиеттері өзгеруінің арасында айырмашылықтар байқалады. Оттегі жай затының күкіртпен салыстырғанда металдармен белсенді әрекеттесетіні оқушыларға белгілі. Осыған орай азот жэне фосфор жай заттарының химиялык белсенділігін салыстырып, жорамал жасағанда оқушылар азот активті деген қорытындыға келеді. Оқушыларға белгілі жэне жаңадан койылган тэжірибелер жорамалға қайшы келеді. Фосфор ауада жэне оттегінде жанады, 3000°С температура кезінде ғана тотығады. Бүл фосфор жай затындағы химиялық байланыстын осалдығынан болатын жағдай. Азоттың мольдік иондануы 4576 кДж/моль, ал фосфордікі 2910 кДж/моль.
Азоттың молекуласы берік үш электрон жұбы арқылы байланысады, сондықтан оның активтілігі периодта озінен кейін орналасқан оттегі мен фосфордан кем. Фтор сутегімен қараңғыда, оттегімен температура эсерінен, азотпен температура және катализатор қатысқанда ғана эрекеттеседі. Бұдан соң азоттың, оттегінің жэне фтордың сутегімен қосылыстарының химиялық байланысының полюстілігі, беріктігі жэне ерігіштігі, химиялық қасиеттері салыстырылады.Топ ішінде сутекті қосылыстары қасиеттерінің өзгеру бағыты анықталады. Бүдан бұрынғы топшалардағы сутекті қосылыстар қасиеттерінің өзгеру заңдылығын ескеріп, топ бойында жоғарыдан төмен карай түрақтылығының кемитіні, тотықсыздандырғыш қасиетінің артатыны жөнінде қорытынды жасалады.Азоттың оттекті қосылыстары туралы деректі материалдар соңғы бағдарламада едэуір ықшамдалды. Олар аммиактың жэне азот қышқылының химиялық қасиеттерін сипаттағанда тотыгу-тотықсыздану әрекеттерінің өнімдері ретінде қарастырылады.Аммиак оттегінде жанып, бос күйіндегі азотқа, ал катализатор қатысында азот (II) оксидіне дейін тотығады. Азот (II) оксиді ауадағы оттегімен азот (IV) оксидіне дейін тотығып, сумен әрекеттескенде азот қышқылына айналады. Азот қышқылы тотыксызданғанда бұған керісінше әрекет жүзеге асады. Азот қышқылы тотықтырғыш қасиет көрсеткенде өзінен кейінгі тотығу дәрежелеріндегі алты өнімнің бэрін беруі мүмкін. Солардың ішінде ең көп мөлшерде түзілетіндері: NO жэне N02.Бүл арада тотықсыздану енімдері металдардың активтілігіне және қышқылдың концентрациясына тәуелді екенін айтып, мыналарды атап өткен жөн: 1) сүйылтылған азот қышқылы сілтілік жер металдармен және мырышпен, темірмен эрекеттескенде аммиакқа дейін тотықсызданады; 2) сүйылтылган азот қышқылы активсіз ауыр металдармен эрекеттескенде азот (II) оксиді түзіледі; 3) концентрлі азот қышқылы сілтілік жэне сілтілік жер металдармен эрекеттескенде азот (I) оксиді бөлінеді; 4) концентрлі азот қышқылы ауыр металдармен азот (IV) оксидін түзеді; 5) концентрлі азот қышқылы темір, хром, алюминий, алтын, платина, тантал металдарына эсер етпейді. Бүл заңдылықтарды білу азот қышқылының металдармен эрекеттесу реакцияларының электрондық баланс теңдеулерін сауатты жазуға жәрдемдеседі.Фосфор атомының қүрылысы, түзетін жай заттары, сутегі және оттегімен қосылыстары, оксиді мен кышқылдары, орта жэне қышқыл тұздары азотпен салыстырып қарастырылады. Фосфор қышқылының сатылап диссоциациялануына, соган сэйкес түзетін түздарының ерігіштігіне және маңызына назар аударылады. Фосфор жэне азот тыңайтқыштарының қүрамы, қоректік заттары, тиімділігі, қолданылу тэсілдері жөнінде үғым қалыптастырылады. Тыңайтқыштар өндіру өнеркәсібінің дамуы жэне келешегі туралы нақтылы мэліметтер келтіріледі, диаграммалар сызылады.
Оқушылар аммоний ионының жэне азот кышқылының тұздарымен, оларды анықтайтын сапалық реакциялармен танысады. Тұздардың құрамы, қасиеттері және қолданылуына байланысты жаттығулар орындайды, есептер шығарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет