1 билет «Химия» пәнінен жаңартылған білім беру мазмұныңдағы 7-11 сыныптардағы үлгілік оқу бағдарламасының мазмұны


Формативті тест. Күнделікті өзін-өзі бағалау жұрналы



бет70/85
Дата08.02.2022
өлшемі0,65 Mb.
#124391
түріБағдарламасы
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   85
Байланысты:
1 билет «Химия» п нінен жа артыл ан білім беру мазм ны да ы 7-11

3. Формативті тест. Күнделікті өзін-өзі бағалау жұрналы
ФОРМАТИВТІ ӘДІС-мұғалім оқушыларды шағын топтарға бөледі.(4-5 оқушыдан). Әрбір қатысушыға тест сұрақтарымен жауап парақтары беріледі.Оқушыларға шағын топта сұрақтарды талқылауға уақыт белгіленеді.Топта талқылағаннан кейін, әрбіреуі жеке жауап парақтарына белгілейді.Әрбір қатысушының ұпайлары бөлек есепке алынады. Топ мүшелерінің жауаптары бірдей болуы міндетті емес екендігі ескертіледі. Әркім өзі дұрыс деп санаған жауабын белгілеуге болады. Сұрақты немесе жауаптарды талқылауда консенсус (бірегей пікір) қажет етілмейді.
Өзін-өзі бағалау – бұл өзінің мықты және әлсіз жақтары, мүмкіншіліктер мен мәселелері жайлы ақпараттарды талдап жинауға бағытталған процесс.
Формативті бағалау оқушылар мен сыныптастардың өзін-өзі бағалау әдісін қолдануды қарастырады. Бұл әдістер формативті бағалаудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Оқушылар өзін-өзі және бірін-бірі бағалау әдісімен машықтанған болса, онда бағалаудың дәлдігімен сенімділігі жайлы сұрақ туындамайды. Оқушыларға өзін-өзі бағалау кезінде эмоцияға берілмей, сын тұрғыдан жүргізуді қалыптастыру керек. Өзін-өзі және бірін-бірі бағалау негізі мынада: оқушылар оқу процесінде алдына қойған мақсаты болғанда ғана өздерін бағалай алады.
Оқушылардың өзін-өзі бағалауы.
Оқушылар үшін оның жетістіктерін бағалау ақпараты төмендегідей элементтерден тұрады:
Алға қойған мақсаты.
Берілген және қалыптасқан межелер (критерий).
Қазіргі қол жеткізген жетістіктер деңгейінің сипаттамасы.
Алдына қойған мақсаттары мен жеткен жетістіктерінің айырмашылығын түсіне білу.
Өзін-өзі бағалаудың тиімділігі үшін:
Оқушылар өз жұмыстары мен оның қабілеті қалай бағаланатыны жайлы түсінігі;
Сын тұрғыдағы көзқарасты дамыту дағдысы;
Әділдікті дамыту;
Оқушылардың өз мақсаттарына зейіндерін шоғырландыруы.
Төменде топтық жұмыстың өзін-өзі бағалауының үлгісі берілген. Бұл үлгіні қолданар алдында мұғалім оқушыларға топ ішіндегі өз жұмыстарын өз бетімен бағалауларын ұсынады (№13 кесте). Үлгі оқушының топтағы өз жұмысын нақтырақ бағалап және оны мұғалімнің қойған бағасымен салыстыруына мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет