1 билет «Химия» пәнінен жаңартылған білім беру мазмұныңдағы 7-11 сыныптардағы үлгілік оқу бағдарламасының мазмұны


Атом молекулалық ілім, орта мектепте кіріспе курсының ғылыми негізі



бет10/85
Дата08.02.2022
өлшемі0,65 Mb.
#124391
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   85
Байланысты:
1 билет «Химия» п нінен жа артыл ан білім беру мазм ны да ы 7-11

3.Атом молекулалық ілім, орта мектепте кіріспе курсының ғылыми негізі.
Атом-молекулалық ілім — жаратылыстану және зат бөлшектері туралы теориялардың жинағы. Атом-молекулалық ілімнің қалыптасып дамуына өз заманында М. В. Ломоносов, А.Авогадро, Й.Берцелиус, Д. И. Менделеев, А. М. Бутлеров секілді ғалымдар зор үлес қосқан. Aтом мен молекула түсініктеріне нақты анықтама беріліп, атом-молекулалык ілімнің негізі 1860 жылы қаланған. Германияның Карлсруэ қаласында химиктердің халықаралық съезінде осы ілім қабылданды.Заттың қасиетін сақтайтын ең кіші бөлшек «молекула» деп аталатыны сендерге белгілі. Ал молекулалар атомдардан тұрады. Молекулалар химиялық реакциялар кезінде бөлінеді, ал атомдар бөлінбейді. Химиялық элементтің салыстырмалы атомдық массасы-өлшеусіз шама,олар көміртек бірлігімен өлшенетін атомдық масса болады. Атомның массасы көміртек массасы бірлігінің оның салыстырмалы массасының көбейтіндісіне тең.
Авогадро заңы. Моль-заттың мөлшері. Көміртектің С12 изотопының 6,02*1023 атомдары бар.Мына сан 6,02*1023 Авогадро тұрақтылығы деп аталады.яғни,моль-заттың мөлшер, ол құрылыстық бірлікке 6,02*1023 дискретті.Авогадро заңы-бірдей жағдайда алынған газдардың тең көлемінде молекулалар саны да бірдей болады. Авогадро заңынан мына салдар шығады:молекулалық сандар бірдей газдардың ,бірдей жағдайда,көлемі де бірдей болады.
Атом – элементтің химиялық қасиетін сақтап тұратын ең кіші бөлшегі.Атомдар химиялық әрекеттескенде молекула түзеді. Молекулалар бір атомды (мысалы, гелий молекуласы Не, екі атомды (азот N2, СО көміртегі оксиді), көп атомды (Н2О су, С6Н6 бензол) және полимерлі болып келеді. Соған сәйкес атомдар әртүрлі қатынаста байланысып көптеген заттар түзе алады.
4 БИЛЕТ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет