1 билет «Химия» пәнінен жаңартылған білім беру мазмұныңдағы 7-11 сыныптардағы үлгілік оқу бағдарламасының мазмұны



бет29/85
Дата08.02.2022
өлшемі0,65 Mb.
#124391
түріБағдарламасы
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   85
Байланысты:
1 билет «Химия» п нінен жа артыл ан білім беру мазм ны да ы 7-11

Тақырыптық бақылау – оқу бағдарламасындағы белгілі тақырыптар бойынша өткізіледі. Сабақта негізінен оқушылардың білімді, іскерлікті, дағдыны игеруі тексеріледі. Сонымен бірге, мұғалім жаңа тақырыптың кейбір бастымәселелерін өткен сабақтардағы оқу материалдарымен толықтырады, кейбір ұғымдарды, анықтамаларды, ғылыми ережелерді оқушылардың есіне салады.
Қорытынды бақылау – барлық пәндкер бойынша жыл аяғында өткізіледі. Бақылау процесінде тақырыптық және тарау бойынша бақылау нәтижелері есепке алынады. Оқушылардың жыл бойында алған теориялық және тәжірибелік білімдері анықталады. Сондықтан, қорытынды бақылаудың негізі-емтихан және оқушылардың жылдық бағаларынан педагогикалық кеңестің шешімі бойынша қорытынды бағалары шығарылады. Бақылау әдістері арқылы оқушылар жұмысының тиімділігі мен мазмұны туралы кері байланыс қамтамасыз етіледі. Бақылау әдістеріне ауызша, жазбаша және графикалық бақылау әдістері жатады. Бұл әдістерге қарғанда бағдарламалап бақылау әдістерінің өзіндік ерекшелігі бар. Олар машинасыз және машиналы бағдарламалап бақылау әдістеріне бөлінеді.Оқыту процесінде бақылаудың фронтальдық, топтық және дербес формалары қалыптасқан. Оның тиімділігі – мұғалімінің оларды дұрыс ұйымдастыруна байланысты.
Фронтальдық (жаппай) бқылау жағдайында барлық оқушыларға сұрақтар немесе мазмұны бірдей тапсырмалар беріледі. Оларды орындау барысындаоқушылар арасында ынтымақтастық, жолдастық, махаббат сезім пайда болады, бір біріне сұрақтар қойып, жауаптарын толдықтырады,орындалғанжұмыстардыөзара тексеріп, іске асырады. Демек, бірігу іс әрекетінде әлеуметтік құнды мотивтер қалыптасады.

Топтық бақылауда белгілі оқушылар тобы сабақ барысында мұғалімнен тапчсырмалар алып орындайды. Кейде, кейбір оқушылартүрлі себептерге байланысты (сабақ жіберу, нашар үлгеру, ауру т.б.), қосымша көмекті қажет етулері мүмкін. Сондықтан, олардың жұмысын ерекше еске алған жөн.



Бақылаудың дербес формасы әрбір оқушының білімін, іскерлігін және дағдысын терең, жан–жақты анықтауға мүмкіндік береді. Дербес бақылау бағдарламалап және дифференциялы оқыту барысында жақсы нәтиже береді. Дербес бақылауда оқушылар жауабының логикалық бірізділігі, олар өз пікірлерін қалай байымдайды, қалай дәлелдейді, міне, осы мәселелерге аса көңіл аудару керек.Оқыту процесінде оқушылардың өзін–өзі бақылауы өте қажет. Өзін–өзі бақылау, олардың оқу бағдарламасы материалы мен игерген іскерлігі және дағдысының беріктігі жайлы ақпарат алуын қамтамасыз етеді. Өзін–өзі тексеру арқылы оқушылардың алған біліміне сенімі артады, орындаған жаттығу, есеп шығару және тәжірибе жұмыстарының нәтижесін бағалайды.Баға білімді есепке алу ғана емес, ол тәрбиелік құрал.Сондықтан, оқушы білімін бағалауда немқұрайлылыққа салынуға болмайды. Баға “балл” есебінде көрсетіледі. Келесі кезекте баға және оның өлшемі қандай, соған тоқталамыз. Қазіргі кезде білім беру саласының барлық құрылымында оқу–таным әрекетінің сапасын анықтайтын дәстүрлі “5” балдық жүйелер қолданылады.
11 БИЛЕТ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет