1 билет «Химия» пәнінен жаңартылған білім беру мазмұныңдағы 7-11 сыныптардағы үлгілік оқу бағдарламасының мазмұны


«Қанықпаған көмірсутектер» тақырыбында қос байланыстардың орны бойынша изомерленуін оқыту әдістемесі



бет32/85
Дата08.02.2022
өлшемі0,65 Mb.
#124391
түріБағдарламасы
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   85
Байланысты:
1 билет «Химия» п нінен жа артыл ан білім беру мазм ны да ы 7-11

3. «Қанықпаған көмірсутектер» тақырыбында қос байланыстардың орны бойынша изомерленуін оқыту әдістемесі.
Тақырып: Қанықпаған көмірсутектер . (Сабақ өту барысы)
Топқа бөлу:Оқушыларды «1,2,3,4» арқылы 4 топқа бөлу
Бастапқы білім: сыныппен жұмыс , үй жұмысын қайталау
Саралау: диалог, қолдау, қарқын
БӘ: «Менен сұрақ , сізден жауап» тәсілі

Сұрақ-жауап оқушы-мұғалім


Сұрақтар:
Органикалық өнімдерге мысал келтір
Ароматты көмірсутектер дегеніміз не ?
Бензолдың құрылымдық формуласын көрсет
Бензолды алу реакциясы
Ароматты көмірсутектердің қолданылуы
Көмірсутектер арасындағы генетикалық байланыс
Нормальді алкендерді атағанда көбіне сәйкес алканның -ан жұрнағын -илен жұрнағына алмастырады: этанға сай алкен – этилен, пропанға сай – пропилен және т.б. Халықаралық номенклатура бойынша атағанда, сәйкес алканнның -ан жұрнағы -ен жұрнағына алмастырылады: алкан – алкен, этан – этен, пропан – пропен және т.с.с. Алкендерді халықаралық номенклатура бойынша атауды қарастырайық: 1. Алкенннің құрылымдық формуласын қос байланысы бар ең ұзын тізбек таңдап алынады. Тізбекті нөмірлеу қос байланыс жақын орналасқан шетінен басталады. 2. Орынбасар байланысқан көміртек атомының нөмірі көрсетіліп, содан кейін орынбасар аталады. Бірнеше радикал болса, әрқайсысының орны мен аты аталады. 3. Ұзын тізбек аталады да, атаудың соңында қос байланысы бар көміртек атомының нөмірі көрсетіледі:
1.Алкендерге изомерленудің бірнеше түрі тән: 1. Алкендерге қаныққан көмірсутектердегі сияқты көміртек қаңқасының изомерлері болады. Мысалы, бутеннің (С4Н8) изомерін қарастырайық:
СН2= СН – СН2 – СН3 бутен-1
СН2= С – СН32-метилпропен-1
|
СН3
2. Еселі байланыстың орнына қарай изомерлену.Бутен молекуласындағы еселі байланыстың орнына сәйкес екі түрлі изомерлері болады. Қос байланыс шеткі көміртек атомында немесе ортанғы көміртек атомында орналасуы мүмкін:
СН3 – СН = СН – СН3 бутен-2
СН2 = СН–СН2 – СН3 бутен-1
Тапсырма №
БӘ: «Джигсо» әдісі
Саралау: Өздері таңдаған бөлім арқылы , мәлімет
Компьютердің жұмыс үстелінде «Алкендердің химиялық қасиеттері» тақырыбында презентация бар және оқулық;
Тапсырма: оқулық пен презентация материалдарымен мұқият танысып, Сыныпқа өздерің таңдағанған реакциямен түсіндіру, егер сендер ұсынған реакция басқаларға түсініксіз болса, жауап бере алуға дайын болуларың керек. Ақпараттарды өз қағаздарыңызға белгілеп отырыңыздар;
Әр топтан бір оқушы шығып басқа топқа өз сабақтарын түсіндіреді.

Бағалау: Оқушылардан жылдам сұрақ – жауап жасау арқылы.


1 Қанықпаған көмірсутектер ...
2 Алкендердің алғашқы өкілі ...
3 Жалпы формуласы ...
4 Алкендердің жану реакциясын түсіндір
5 Мономер дегеніміз не ?
6 Полимерлену дәрежесін сипаттаңыз ?
12 БИЛЕТ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет