1 билет «Химия» пәнінен жаңартылған білім беру мазмұныңдағы 7-11 сыныптардағы үлгілік оқу бағдарламасының мазмұны



бет77/85
Дата08.02.2022
өлшемі0,65 Mb.
#124391
түріБағдарламасы
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   85
Байланысты:
1 билет «Химия» п нінен жа артыл ан білім беру мазм ны да ы 7-11

Өзін- өзі бағалау
Бұл бағалау өз іс- әрекетінің соңғы нәтижесін ғана емес, сонымен қатар үдерісті де бағалау
Өзіне сенімді, жеке жұмыс жасай алатын тұлғаның дамуына күнделікті оқыту үдерісінде өзін- өзі бағалауды енгізудің ықпалы зор
2. Сабақтағы оқушылардың жетістіктерін өлшемдік бағалау технологиясы бойынша американдық психологтар Дж. Керолл мен Б. Блумның жұмыстары.
Мұғалімдердің алдына қойылып отырған басты міндеттерінің бірі – оқытудың әдіс – тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру. Бүгінгі оқыту жүйесінде әртүрлі жаңа технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп, нәтижелер беруде. Бұлар оқушының жеке қасиетін аша отырып, оқушының танымдық күшін қалыптастыру және білімін кеңейтуге, тереңдетуге жағдай жасайды. Ұстаз болу үшін ең басты мәселе – оқыту әдісін дұрыс таңдау.
Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының жеке тұлғалық күшін арттырып, шығармашылық ойының дамуында басты рөл атқарады. Қазіргі кезде білім мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыға сапалы және терең білім беруіне жағдай жасап отыр. Жаңа технологияларды сабақта қолданудың тиімділігі қашан да анық. Қазіргі кезде білім беру үрдісінде көптеген технологиялар қолданылады. Соның бірі «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясын басшылыққа алдым. Бұл бағдарламаның мені қызықтырғаны , баланың өзі ізденіп, дәлелдеуі. Ол бұрын тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойлаушы, өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім осы әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы.
Осы оқу кезеңінде балалар «Жарайсың!», «Ақылды!», «Сен өте қабілеттісің!» деген сияқты т.б. сөздермен ауызша мадақталады. Білім нәтижелерін бағалайтын негізгі көрсеткіш стандарттың міндетті деңгейіне сәйкестік емес, жеке тұлғаның өсу деңгейі болып саналады. Баға қоймай оқыту жағдайында әр оқушының жетістігін өзгелермен салыстырмалы түрде емес, оның жеке тұлға ретінде өзін-өзі бағалауына мүмкіндік жасау керек делінген. Бірақ мұғалімдерге баға қоймай оқыту жағдайында оқушының оқу жетістігін бағалау әдістерін көрсетпеген. Сондықтан жеке тұлғаның өсу деңгейінің динамикасы жасалынбаған.
Бағасыз оқыту оқушының өзін -өзі бағалауына, өзінің жіберген қатесін өзі түзетуіне мүмкіндік береді. 1- сынып оқушысының оқу жетістігін бағасыз жүйемен оқытуды жақтаушылардың «Баланың тұлғасын емес оның еңбегін бағалау керек» және С.Т.Щацкийдің «Баланың тұлғасын емес орындаған жұмысын бағалау керек» т.б. идеяларды, бағасыз оқыту жүйесіндегі көптеген әдістерді зерттей отырыпоқушыны төмендегі жолмен өзін өзі бағалауын ұсынамыз: -Бұны білемін, ол қолымнан келеді. -Бұны аздап білемін, әлі үйренуім қажет. -Бұны мүлде білмеймін, білуім керек. Оқушы тапсырманы: -егер білсе, толық орындаса торды бояйды: -егер шала білсе, әлі үйренуі қажет болса торды жартылай бояйды. -Егер мүлде білмесе, үйренуі қажет болса торды сызып қояды. Оқушы өзін-өзі бағалағаннан кейін осы әдіспен мұғалім жанына өз бағасын қояды. Оқушы және мұғалімнің қойған бағалауы көрсеткіші
Білімді тексеруге қойылатын талаптар:
• тексерудің және бақылаудың жүйелілігі, тұрақтылығы, міндеттілігі. Бұл талапты орындамау оқушылардың оқуға деген қатынасын нашарлатып, білімнің сапасына кері әсер етеді.
• білім, іскерлік, дағдыларды түрлі тәсілдер арқылы тексеру;
• байқалған кемшіліктерді оқушының өзі түзетуі;
• мұғалімнің оқушыларды білімдерін бақылап, бағалауға, кемшіліктерді жоюдың әдістемесі мен тәсілдерін білуге үйретуі;
• бағаны әділ қойылуы;
• оқушының өзін-өзі және басқаны бақылауы және бағалауы;т.б.
Қалыптастырушы бағалау технологиясын қолдану педагог пен баланың арасындағы кері байланыс, бұл – оқушының білім деңгейінің көтерілуіне ықпал етеді. Оқушы өзін бақылап, өзінің әрекет- тәсілдерін таңдайды, нәтижелерін өзі бағалайды, оны мұғалім жалғастырады.
Өзін – өзі бағалаудың алгоритмі мынадай:
1) Тапсырманы орындауда нені жасау қажет?
2) Тапсырманың барлығын дұрыс орындады ма, әлде қателіктер жіберді ме?
3) Оқушы тапсырманы толығымен жеке орындады ма, әлде біреудің көмегіне сүйенді ме ?
4) Тапсырманы орындау барысында қандай біліктіліктер дамыды ?
«Бағалау» термині жақын отыру дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін -өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады. Бағалауды өткізу үшін оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын, сонымен қатар олар қандай қиындықтармен кездесуі мүмкін екендігін анықтау қажет (мұғалімге арналған нұсқаулық 57-бет).
Қазіргі бағалау түрлі нысанда,түсінікті,психологиялық тұрғыдан жайлы,екі құрамды : жиынтық және формативті болуы керек.
Жиынтық бағалаудың немесе Оқытуды бағалаудың мақсаты оқушы қазіргі уақытта не оқып білгенін жинақтау болып табылады. Оны мұғалім тест,емтихан т.б. түрде өткізіп, өзі бағалайды.
Білімді толык игеру технолоғиясының авторлары американдық психологтар Дж Кэролл, Б. Блум және олардан ізбасарлары. Дж. Кэролл ұсынысы: тәлімнің тұрақты өлшемі – нәтиже болуы тиіс, ал тәлім жүргізу шарттары - әр шәкіртің алдын-ала белгілегеніп, көзделген нәтижеге қол жеткізуіне ыңғайластырылған тапсырмалары ауыспалы болуы қажет. Аталған қөзқарастар тұрғысынан Б. Блум және Л.Андерсен білімдерді толық игеру негізіндегі тәлім әдістемесін ұсынады. Мұндай әдістеменің бастау көзі - осы жүйеде қызмет жасайтын педагогтың келесі ұстанымы: тәлім үдерісі ұтымды ұйымдастырылған жағдайда тәрбиеленушілердің қажетті сабақ материалын толық игеріп алуына қабілеттері жетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет