1 билет Математика тарихы мен методологиясы пәні мақсаты және міндеті


билет Ұлықбек мектебі және оның ғылыми табыстары



бет47/53
Дата27.03.2023
өлшемі172,71 Kb.
#173067
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   53
Байланысты:
аяу маттарих (копия)

37 билет



  1. Ұлықбек мектебі және оның ғылыми табыстары.

Ұлықбек мектебінің негізін салушы, тірегі, жетекшісі – әрине, Ұлықбек. Ол өлгеннен кейін мектеп жойылып кетті. Ұлықбекті қылышпен шауып өлтірген жауыздар оның жанұясын быт-шыт етіп, дүниелерін талап алғандығы, обсерваториясын қиратқаны мәлім. Сонымен бірге оның рхивтары мен жазған және пайдаланған кітаптары да жойылған. СондықтанҰлықбектің ғылымға қосқан үлесін сарқа баяндау мүмкін емес. Алайда, бақытымызға қарай, оның ең құнды еңбегі – «Зидж-и Гурәгани» сақталған. Бұл – Евклидтің «Негіздерімен», Птолемейдің «Әлмәгесімен», Бирунидың «Өткен буындар ескерткіштерімен», Галилейдің «Дүниенің екі жүйесі туралы екі кісінің әңгімесімен» қатар қоярлық ұлы шығарма. Ұлықбектің есімін ғылымдар тарихында қалдыру үшін осының өзі де жеткілікті. «Зидж» - парсы сөзі, мағынасы – «астрономдар мен географтар пайдалану үшін жасалған арнайы таблицалар жинағы». Сонда «Зидж-и Гурәгани» Ұлықбек Көреген жасаған таблицалар болып шығады. «Таблицалар» дегенге Ұлықбек еңбегін графаларға жазылған жалаң сандардың жинағы екен деп ойламау керек, онда ғалымның ірі-ірі табыстары бар. Ұлықбек оған ширек ғасыр еңбек сіңірген. Зидж-и Гурәгани» негізінен алғанда 1437 жылы, Жәмшид Кәши мен Қази-зада Руми өлгеннен кейін, жасалып біткен, бірақ оны Ұлықбек өзі өлгенге дейін толықтырып, өңдеп отырған.

Ұлықбек кітабындағы таблицалар үш түрлі: астрономиялық таблицалар, географиялық таблицалар және тригонометриялық таблицалар. Географиялық таблицаларда Испанияның, Суданның, Мысырдың, Сирияның, Византияның, Ирактың, Арменияның, Әзербайжанның, Иранның, Ресейдің, Орта Азияның, Үндістанның тағы басқа елдердің көптеген қалаларының, жалпы алғанда 683 елді пункттің, географиялық координаталары (бойлықтары мен ендіктері) келтірілген. Координаталар аса зор дәлдікпен берілген. Ұлықбек таблицалары карталарды жақсартты, география ғылымын жоғары сатыға көтерді.


Тізіліп қойылған кілең таблицалар түсінікті бола бермейді, олардың қалай жасалғандығын, теориялық негіздерін баяндап беру керек. Осы мақсатпен Ұлықбек өз еңбегіне көлемді кіріспе берген. Кіріспе 4 бөлімнен құралады. 19 тарауға бөлінген уақытты өлшеу әдістері мен күнтізбелер жүйелері айтылған. 21 тарау екінші бөлімде астрономиялық есептеулер мен аспанды бақылау методикасы баяндалған. Үшінші бөлім (13 тарау) Күн мен Айдың, ғаламшарлардың қозғалыстарына арналған. Ақырғы шағын ғана төртінші бөлімде, дәстүр бойынша, астрологиялық «мағлұматтар» келтірілген. Кітаптың құнды мәліметі алдыңғы үш бөлімінде.


Күнтізбесіз ешбір халық шаруашылығын ұйымдастыра алмайды, демек, өмір сүре алмайды. Онсыз тіршілік тек тағылық дәуірге ғана тән. Күнтізбе уақытты өлшеу және есептеп отыру арқылы жасалады. Тарихи жағдайларға қарай әр жерді мекен еткен халықтардың күнтізбелері әр түрлі болған. Күнтізбенің негізгі ұғымдары – тәулік, ай және жыл. Бұлардан күнтізбенің көмекші, туынды ұғымдары шығады. Ұлықбекке дейін де көптеген ғалымдар күнтізбе жөнінде еңбектер жазған. Бұлардың ішіндегі әсіресе мазмұндылары – Әбурайхан Бируни мен Омар Хайямның кітаптары. Күнтізбелердің теориясы мен тарихын оқушылар М.Исқақовтың «Халық күнтізбесі» (Алматы, 1963) атты кітабынан оқып алуына болады.


Ұлықбек кітабының кіріспесіндегі бірінші бөлімдегректердің, римдіктердің, арабтардың, парсылардың, үнділердің, қытайлықтардың, түркілердің, еврейлердің күнтізбелеріндегі жылдың басы мен ұзақтығы, айлардың басы мен ұзақтығы, тәуліктердің басы мен ұзақтығы, уақыт есебіндегі бірінші жылдары, яғни дәуірлері немесе замандары т.с.с. баяндалған. Мәселен, Батыс Еуропа халықтарында жыл басы – қаңтар айының бірі, парсыларда – күн мен түннің жазғытұры теңелетін кезі, арабтарда – мұхаррам айының бірі, бірақ бұл ай бірде қыс, бірде жаз күндерінде келеді. Сондықтан арабтар жаңа жыл мейрамын кейде жаз, кейде күз, кейде қыс, кейде көктемде өткізеді. Айлардағы күндер де әр түрлі. Кейбір халықтардың есебінде тәулік күн батқаннан (арабтар), түн ортасынан (еуропалықтар), күн шыққаннан (парсылар) басталады. Күнтізбе замандарыда шым-шытырық. Батыс еуропалықтар бірінші жыл етіп «Христос туған жыл» деп аталған бір дерексіз уақытты айтады, қазіргі 2009 жыл дейтініміз содан шыққан. Арабтарша бірінші жыл – Мұхаммед айғамбардың Меккеден Мәдинеге қашып барған жылы, хиджра дегеніміз осы. Дүние жүзі халықтары араласпай, бірімен-бірі қарым-қатынас жасамай отырмайды. Сондықтан әрбір халықтың күнтізбесін білу, оларды өзара салыстыру қажет болады. Іс жүзінде бұл салыстыру, араларындағы байланыстар мен айырмашылықтарды табу, оқушыға байяндап беру аса қиын жұмыс болып табылады. «Грек заманы,–дейді Ұлықбек,–хиджрадан 340700 күн, Ездигерд заманынан 344324 күн бұрын басталған. Ал хидджраның өзі Ездигерд заманынан 3624 күн бұрын басталған». Ездигерд заманы – ескі Иран күнтізбесінде айтылған заман. Тарихта мұндай замандардың саны, шамамен айтқанда, 200-дей. Осыларда қанша есеп тұр!


Ұлықбек бір халықтың күнтізбесі бойынша көрсетілген уақытты екінші бір халықтың күнтізбесі бойынша қай жыл, қай ай, қай күн болатындығын табу ережелерін тұжырымдап, мысал келтіріп түсіндіріп отырады, содан соң таблицалар құрастырады. Бұл бөлімде түркі халықтарының мүшел есебі де алынған, мүшелдегі жыл аттары, Ұлықбектің баяндауынша, мынадай: көшкі (тышқан), ұт (сиыр), барыс, туышқан (қоян), ұлу, жылан, юнед (жылқы), қой, сечин (мешін), ит, доңыз.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет