1-билет Мұғалімдік мамандықтың ерекшеліктері, педагогикалық қабілеттің түрлері. Педагогикалық мамандықтың ерекшіліктері деп


Музыкалық тәрбиенің әдіс-тәсілдері. Төменгі сынып оқушыларына арналған музыкалық қызметтің түрлері



бет46/84
Дата04.02.2023
өлшемі468,87 Kb.
#167409
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   84
Байланысты:
1-áèëåò Ì??àë³ìä³ê ìàìàíäû?òû? åðåêøåë³êòåð³, ïåäàãîãèêàëû? ?àá³

3.Музыкалық тәрбиенің әдіс-тәсілдері. Төменгі сынып оқушыларына арналған музыкалық қызметтің түрлері.
Жалпы музыкалық тәрбиелеу жағдайында балалардың музыкаға қабілеттіліктерін ашу ерекше әдістерді талап етеді. Сондықтан авторитарлық педагогикаға негізделген музыкалық педагогика музыкалық тәрбиелеудің жаңа тәсілдерінің жолына кедергі болады, ол жалпы қабылданған «мен секілді істе, өзгелер секілді істе» тәсілінде көрініс табады. Баланың психикалық табиғатына сәйкес оның музыка өнеріне табиғи жолмен енуіне жағдай жасамастан, оған оқу тәсілдерін таңады. Тәжірибе көрсеткендей: өздерінің тұлғалық табиғи ерекшеліктерінің күшімен музыкаға ашық балалар бар және олардың жетістігін шынайы бағалау музыкалық тәрбие дамуының ынталандырғышы болады. Өзгелері сырттай музыка сабақтарына деген қызығушылықтарын көрсетпейді және өздерінің «қабілетсіздіктеріне» тез арада бойлары үйренеді. Осыған сәйкес, педагогтың алдында музыка сабағында баланың өз сезімдерін, әсерлерін, түйсігін зерттегісі келетін және оларды дыбыспен, сөзбен, әуенмен, қимылмен «жеткізе» және көрсете алатындай жағдай жасау міндеті тұр.
Балалар музыканы жас ерекшеліктеріне қарай әртүрлі қабылдайды. Төменгі сынып оқушылары көңілді, жарқын музыканы және жан-жануарлар мен балалар әлемін суреттейтін музыканы ұйып тыңдайды.
16-билет
1.Оқыту әдістері туралы ұғым, топтастыру.
Әдіс – оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдері. Әдіс арқылы мақсатқа жету үшін істелетін жұмыстар ретке келтіріледі. Оқыту әдістері танымға қызығушылық туғызып, оқушының ақыл-ойын дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді. Оқытуда ең басты нәрсе – оқушылардың танымдық жұмыстары. Оқыту әдістері ең анық фактілерді білуді қамтамасыз етеді, теория мен тәжірибенің арасын жақындатады.
Оқыту әдістері – оқыту процесінің барлық кезеңдерінде оқытудың түрлі мақсат –міндеттерін орындау барысында оқушылардың таным әрекетін арттыруға бағытталуы тиіс. Сондықтан, оқыту процесінде оқушылардың таным әрекетінің белсенділігін арттыруға септігін тигізетін әдістерге айрықша назар аудару қажет.
Оқыту әдістерін жетілдіру бүгінгі күннің басты мәселесі болып отыр. Оқыту әдістерінің тиімділігін арттырып, оқытудың жаңа формалары мен тәсілдерін меңгеру қажеттігіне педагогикалық зерттеулерде айрықша маңыз беріледі.
Алайда, оқыту әдісін қайта құру – күрделі процестің бірі. Кейбір әдістерді қолдануда біржақты асыра сілтеушілікке жол бермеу керек. Тіпті әр тақырыптың өзі де оқытудың ерекше тәсілдері мен жолдарын талап етеді. Сондықтан, оқытуда әртүрлі әдістерді қолдану қажет.
 Оқыту әдістері педагогика саласында күрделі мәселелердің бірі. Соған орай бүгінгі таңда оқыту әдістерінің анықтамасы және оларды топтастыру мәселесінде ортақ пікір қалыптаспаған. Ғылыми педагогикалық әдебиеттерде топтастырудың жиырмадан астам түрі бар:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет