1-билет Мұғалімдік мамандықтың ерекшеліктері, педагогикалық қабілеттің түрлері. Педагогикалық мамандықтың ерекшіліктері деп



бет1/84
Дата04.02.2023
өлшемі468,87 Kb.
#167409
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   84
Байланысты:
1-áèëåò Ì??àë³ìä³ê ìàìàíäû?òû? åðåêøåë³êòåð³, ïåäàãîãèêàëû? ?àá³
6 сынып2 токсан, Дополнительные материалы (мультимедийные материалы, ссылки на электронные ресурсы и т.д.)-1672752761123, Лекция-1670146276988, Рахимгалиева Д. тапсырма, Рахимгалиева Диана. химия есеп

1-билет
1.Мұғалімдік мамандықтың ерекшеліктері, педагогикалық қабілеттің түрлері.
Педагогикалық мамандықтың ерекшіліктері деп әсіресе педагогтың ізденімпаздығын, білуге деген құмарлығын, артық білуге ұмтылуын айтады. Басқа мамандық иелерінен мұғалімнің айырмашылығы – ең алдымен оның жұмысында да, үйде де білімін ұлғайтып, тереңдетуге айрықша қабілетті болуы талап етіледі. Ғылыми материалмен жұмыс істей отырып, мұғалім әрдайым оны педагогикалық ой елегінен өткізуге тырысып, оқушылардың өз пәніне деген ынта-ықыласын қалай туғызып, тереңдету жағын ойлайды.
Мамандық қасиеттері: балаларға деген сүйіспеншілігі, қабілеті (ұйымдастырушылық, коммуникативтік, перцептивтік, экспрессивтік).
педагогикалық қабілеттің бірнеше түрі кездеседі.
Дидактикалық қабілет - мұғалімнің оқушыға оқу материалын жеткізу- қабілеті, оқушының білім дәрежесін, іскерлігін, дағдысын дұрыс анықтай білу, өз пәніне қызығушылығын арттыру, таным белсенділігі мен ойын дамыту.
Академиялық қабілет - мұғалім қабілетінің пән саласына (математика, физика, химия, биология, тарих, т.б.) сәйкестігі, өз пәнін ғылым дамуына сай біліп, өз бетімен қарапайым зерттеу жұмыстарын жүргізуі.
Перцептивті қабілет – оқушының ішкі дүниесін, сабақ үстіндегі психикалық жағдайын тани білу.
Сөйлеу (экспрессивті) қабілеті – тіл арқылы өз ойын, ішкі сезімін нақты, түсінікті етіп жеткізе білуі.
Ұйымдастырушылық қабілетісабақты тыңдауға, білімді қабылдауға оқушыларды әзірлей білуі, ұжымды дұрыс басқарып ұйымдастыра білуі, оқу-тәрбие процесін дұрыс ұштастыру, оқушыларға бағыт беріп рухтандыру ісіне басшылық беру, ата-аналармен жұмыс істей білу, сынып ұжымын оқушыларға педагогикалық ықпалды құралға айналдыруы, мұғалімнің өз жұмысын ұйымдастыру білуі.
Коммуникативті қабілет – оқушылармен қалыпты дұрыс қарым-қатынас жасай білу, педагогикалық әдептілікті жетілдіру.
Конструктивті қабілет – оқу және тәрбие міндеттерін шешудің тиімді жолдарын іздестіру, оқу және тәрбие жұмысының түрлері мен әдістерінің мазмұның анықтау, өз ісіне саналылық, жауапкершіліукпен қарап педагогикалық тапқырлық таныту.
Қолданбалы қабілет – мұғалім өз мамандығына қатынасы жоқ спорт, көркемөнер, бейнелеу өнері, туындаларын білетіндігімен оқушыларды қызықтырып, оларға қатыстырып, баланы жан-жақты дамыту ісіне өз үлесін қосуы тиіс. Мұғалімдердің кәсіптік деңгейіне арқау болатын кәсіп құрылымы (профессиограммасы) - жеке басының сапалық негізгі қасиеттері: мемлекеттің, әлеуметтік ортаның идеясын, насихаттаушы; өз кәсібіне жан-тәнімен берілгендік; мемлекет ісіне адалдық, ұжымшылдық, кәсіптік-педагогтік бағыттар. Сапалық белгілері: мұғалімдік қызметке бейімділік, қабілеттілік, баланы сүю, байқағыштық, ұйымдастырушылық, орынды талап қою, ұстмдылық,әдептілік, сенім арту, бедел, мақсатты айқындау, ізгілік.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет