Психологиялық фактор: акселерация Баланың денесінің өсіп-жетілуінің негізгі көрсеткіштері баланың өсімталдығы, салмағының артуы, бұлшық еттерінің шынығуы, кеңейіп ұлғаюы, әр жас кезеңде түрлі өзгерістерге түседі. Өсіп дамып келе жатқан баланың ағзасында болатын барлық өзгерістерді жүйке жүйесі мен секреция бездерінің қызметі реттеп отырады. Балаладың дене және психикалық дамуында соңғы жылдары айқындалған күрделі өзгерістердің бірі ағзаның жедел дамуы. Бұл құбылыстардың акселерация (лат. Жеделдеу ) деп аталады. Акселерация құбылысы тұрғысынан қарағанда қазіргі жеткіншек балалардың бойы биік, иықтары қисыңқы, кеудесі қысқа, аяқтары ұзын келеді. Осындай тез өсетін ағзаға жүрек-тамыр жүйесінің дамуы бірнеше есе қалыс қалады да, өз міндеттерін атқара алмайды. Ал баланың психикалық жетілу деңгейі артта қалады.
2.Жеке адам. Жеке адамның қалыптасуы. Жеке адам – қоғамдық дамудың нәтижесі, нақтылы тарихи жағдайлармен байланысты еңбек, қарым-қатынас және таным субъектісі.
Жеке адамның қалыптасуы – күрделі, қарама-қайшы процесс. Ол өзінеорганизмніңөсуі мен жетілуін, стихиялы әсерлерді, мақсат, ұйымдасқан тәрбиені қамтиды.
Жеке адамның қалыптасуы туу сәтінен басталады, жеткіншек және жасөспірімшақта айрықша интенсивтіжүреді де, ересек болған кезде өзінің біршамааяқталу кезеңіне жетеді.
Сондай-ақ жеке адамның дамуы деген ұғымды анықталық.
Даму ұғымына организмнің өсуі мен пісіп жетілу процесін жатқызады. Бұл процестер психикалық дамумен өзара тығыз байланыста өтеді, оған ықпалжасайды, бірақ адамның жеке адам ретінде қалыптасуын белгілепбере алмайды.
Жеке адамның дамуы бұл оның рухани өсуінің жетілуінің процесі жеке адам үшін елеулі болып табылатын барлықсфераларды іс-әрекетте, өзін қоршаған құбылыстарға, адамдарғадеген қарым – қатынасқа, танымдық процестерінде болатын сапалық өзгерістер процесі.
Жеке адамның, әсіресе балалық және жасөспірім шақтарында дамып, жетілуі ең алдымен тәрбиенің ықпалы арқылы жүріп отырады. Бірақ тәрбие әсерінің дәрежесі мен сипаты көп жағдайда тәрбиенің даму заңдылықтарын қаншалықты ескергеніне байланысты болады. Сөйтіп, тәрбие мен дамудың арасында екі жақты байланысты болады. Сондықтан жеке адамның даму заңдылықтарын тереңірек қарастырған жөн.