1-билет Мұғалімдік мамандықтың ерекшеліктері, педагогикалық қабілеттің түрлері. Педагогикалық мамандықтың ерекшіліктері деп


Хор өнері, хормен ән айту, хор дағдыларын қалыптастыру. Бала дауысы және оның ерекшеліктері



бет10/84
Дата04.02.2023
өлшемі468,87 Kb.
#167409
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   84
Байланысты:
1-áèëåò Ì??àë³ìä³ê ìàìàíäû?òû? åðåêøåë³êòåð³, ïåäàãîãèêàëû? ?àá³
6 сынып2 токсан, Дополнительные материалы (мультимедийные материалы, ссылки на электронные ресурсы и т.д.)-1672752761123, Лекция-1670146276988, Рахимгалиева Д. тапсырма, Рахимгалиева Диана. химия есеп
3.Хор өнері, хормен ән айту, хор дағдыларын қалыптастыру. Бала дауысы және оның ерекшеліктері.
Хормен ән айту – ұжымдық орындаушылық қызметтің негізгі түрі Хор өнері ХХ ғасырдың ғасырдың 30-шы жылдарында кәсіби жолға бет алды. Тұңғыш хор айтушыларды А.Ковалев, Д.Мацуцин ұйымдастырды. Қазақ композиторлары Л.Хамиди бұл салада көптеген еңбек сіңірді. Өазаөтың мемлекеттік хор капелласы (аспаптың сүйемелдеуінсіз айтылатын хор) 1939жылы құрылды. Қазір ол «қазақтың мемлекеттік академиялық хор капелласы» деп аталады. Хорға арнап Қазақстанның көптеген композиторлары әндер жазды. Мысалы: С.Мұхамеджанов «Ғасырлар үні» ораториясы, Ғ.Жұбанова «Татьяна әні» т.б. Б.Байқадамов күйді хорға лайықтап өңдеген тұңғыш сазгер. Хормен ән айту – оқушыларға музыкалық білім мен тәрбие берудің ең басты бөлімдерінің бірі. Әрбір оқушының ән айтуға құштарлығы, ынтасын, эстетикалық талғамын қалыптастыруда хормен ән айтудың маңызы зор.
Хормен ән айту кезеңі музыкалық тәрбиенің ортасы ретінде қолданыла отырып, мұғалімге:
-балалардың хормен ән айтуға деген қызығушылығын, сүйіспеншілігін арттыруға;
-музыкаға деген эмоциялық сезімдерін дамытуға;
-көркемдік эстетикалық талғамын дамытуға;
-балалардың әншілік дауыстарын: әдемі табиғи дыбыс шығаруға, диапазондарын дамытуға;
-вокалды хор дағдыларын, мәнерлі, сауатты және көркем орындай білуге;
-музыкалық есту қабілетін жан жақты әуендік, ырғақтық, үйлесімдік бағытта дамытуға тәрбиелеуді міндеттейді.Ән айту кезеңі әуенді тыңдай білу, таза орындай білу және есте сақтауға үнемі жаттығуды талап етеді.Мектеп оқушыларының дауыстарының әлі еркін дамып жетілмегенін еске ала отырып, ән репертуарын, дауыс жаттығуларын өте сақтықпен таңдап алу керек. Ол үшін оқушылардың дауыс диапазондарын ескеру керек. Диапазон дегеніміз – дауыс жақсы естілетін ең төменгі дыбыс пен ең жоғарғы дыбыстар аралығын айтамыз. Олар: альт (төмен) дауыстыларға – ля, си кіші октавадан, до, ре І октава аралығы; сопрано (жіңішке) дауыстыларға – до, ре І октава, ми, фа ІІ октава аралықтары. Хормен ән айту дағдыларын қалыптастыру алдымен демді күш түсірмей бірқалыпты алу. Демді ішке мұрын мен ауыз арқылы жайлап алу.Міндеттерді дұрыс шешу үшін балаларды дағдылар мен шеберлікке үйрету керек, бұлардың қатарына тұлғаны ұстай білу, жеке дауыстың және хор дағдылары енеді.Ән айтқанда денені дұрыс ұстай білу дегеніміз кеудені түзу тік ұстап, басты сәл артқа қарай көтеріп отыру. Қолды тізенің үстіне қою (отырғанда), немесе түзу екі жағына жіберу (тұрғанда).
Хор дағдылары дегеніміз – ансамбль мен құрылымның өзара әрекеті. «Ансамбль» – біртұтастық. Құрылым дегеніміз – әнді дәл, таза интонацияға түсіру деген сөз.
Вокалдық дағдылар дегеніміз – дыбыс шығарудың, тыныс алудың және дикцияның өзара әрекеті.
Дикция (сөзді анық айту) – бірте-бірте қалыптасады. Әннің сөзін түсінікті айту, дауыссыз дыбыстарға көп тоқталмау.
Әнді үйрету тәсілдері мынадай кезеңдерден тұрады:
Үйретілетін әнге байланысты кіріспе әңгіме.
Мұғалімнің ән мәтінін мәнерлеп оқып таныстыруы және оны әуенмен орындауы.
Әнді екі жолдан үйрету кезеңі.
Әннің шумақтарын қосып, түгел оқушылармен қайталауы.
Әнді әр түрлі тәсілдермен қайталап, хормен айту.Вокалдық хор дағдыларын қалыптастыру мақсатында жүргізілетін жұмыстар хор шығармаларын біртұтас ансамбльде айтуға көмектеседі. Жалпы хор ансамблі – музыкалық шығармалардың жылдамдығын дәлме-дәл бере білу болып есептеледі.
Ән айту дағдыларын қалыптастыру әдістемесі.Оқушылардың әншілік дағдыларын қалыптастыру, дамыту барысында олардың жас ерекшеліктерінің дамуы кезеңдеріне байланысты дауыс диапазондарын жақсы білуі керек. Әрине әр баланың ән айту, яғни дыбыс шығару мүмкіндігі әр түрлі. Бірақ әр жасқа ортақ ғылыми зерттеу арқылы қойылған «дыбыстау шегі» болады. Баланың өсіп жетілу барысында, сонымен қатар музыка сабағындағы ән айтуды дұрыс ұйымдастырудың барысында дыбыс шығару мүшелерінің бұлшықеттері дамып, шынығып, бірте бірте бір қалыпты дем алуға қабілеттері де қалыптасады. Бастауыш сынып оқушыларының дауыс аппараттары қыздар мен ер балаларда бірдей дамиды.
Балалардың жасы Диапазондары
1 сынып 6-7 жас
2 сынып 7-8 жас
3 сынып 8-9 жас
4 сынып 9-10 жас
Ре1 – Си1 (До2)
До1 – До2
До1 – Ре 2
Си – Ре2 (Ми2)
Ән айту диапазоны дегеніміз адамның ең төменгі дыбысы мен ең жоғарғы дыбыстарының аралығы. Мектеп бағдарламасы көлеміндегі оқушылардың вокалды хор дағдыларын қалыптастыру әдістері.Бастауыш сынып оқушыларын ән айтуға, әнді хормен айтуға үйрету барысында ән айтудың өзіндік ережелерін сақтай отыра әнді сауатты да мәнерлі, әдемі терең сезіммен, ырғақтық үйлесіммен, сөздерін анық та түсінікті, мазмұнды да мәнерлі орындауға қалыптастыру үшін мынадай вокалдық ережелердің орындалуын үнемі қадағалау керек.Ән айтқанда денені дұрыс ұстай білу дегеніміз – кеудені түзу тік ұстап, басты сәл артқа қарай көтеріп отыру. Қолды тізенің үстіне қою (отырғанда), немесе түзу екі жағына жіберу (тұрғанда).
Дем алу. Ән айтар алдында демді иықты көтермей ішке терең алып, белгілі бір тиянақты ойды білдіретін фразаға дейін үнемдеп жеткізу. Дирижерлап тұрған мұғалімнің қолының көтерілуіне байланыстыруға болады. Дыбыстау немесе дыбыс шығару. Дыбысты таза өз дәрежесінде шығару, хормен айтқанда бірдей бастау, фраза аяғына дейін жеткізу.
Дикция. Дауысты дыбысты таза шығару, дауыссыз дыбыстарды қысқа анық меңгеру, әннің сөзін анық та түсінікті айту, дауыссыз дыбыстарға көп тоқталмау. Мысалы: р-р-р, қ-қ-қ «қандай жақсы» дегенде қ-қ-қанн-д-д-дай деп дауыссыз дыбыстарға отырып алмай қысқа да нақты шығарып, керісінше дауыстыға тез ауысып айту.
Әуен түзеу – әннің әрбір басталуы, дем алысы, аяқталуы, әр әншінің дыбыстарды меңгеруі бірдей, бір кісідей айтылуы, әуеннің бірдей шығуы.
«Ансамбль» француз тілінде бірлік, үйлесімділік деген ұғымды білдіреді. Хормен ән айтуда ансамбль өлең мәтінінің, әуеннің, гармонияның, ырғақтың, екпіннің, дыбыс күшінің, дыбыс үнінің полифониялық үйлесімділігін білдіреді.
Ән үйретудің кейбір әдіс-тәсілдері
Әнді үйретпес бұрын мұғалім әннің мазмұнымен таныстырып не туралы екендігін мәтінін оқу арқылы түсіндіріп, тәрбиелік мәнін ашады. Әннің авторларымен таныстырып, суретін оқулықтан көрсетіп, қысқаша өмірбаянына шолу жасау керек.Әннің мазмұнына сәйкес көрнекілік қолдануға болады. Себебі кейбір оқушылар сөздің мазмұнын түсініп үлгермеуі мүмкін, ал көркем сурет арқылы олар тез қабылдайды. Оқу жылының басында Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны үйретіледі. Мемлекеттік әнұран Қазақстан Республикасында тұратын барлық халық үшін ең негізгі ән болып табылатынын, әнұран салтанатты жағдайларда түрегеліп тұрып орындалатындығы немесе тыңдатылатыны туралы оқушылардың санасына жеткізуіміз керек. Әнұранды бірнеше рет оқушыларға орындарынан тұрғызып тыңдатып, содан соң екі жолдап үйретіледі. Әнұранды үйретумен қатар еліміздің рәміздері Елтаңба, Тумен толығырақ таныстырып кетеміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет