Реферат тақырып: Дыбыстарды жіктеу Орындаған : Аманкелді Қарақат Тексерген :Қалиев. Б. А 2022 жыл Жоспар



бет1/3
Дата28.10.2022
өлшемі25,93 Kb.
#155412
түріРеферат
  1   2   3
Байланысты:
Дыбыстарды.Жіктеу.Қарақат.Ки11


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

РЕФЕРАТ


Тақырып: Дыбыстарды жіктеу
Орындаған:Аманкелді Қарақат
Тексерген:Қалиев.Б.А

2022 жыл
Жоспар:
1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
3.Қорытынды
4.Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе:


Тілдердің барлығында да дыбыстарды дауыстылар және дауыссыздар деп екі топқа бөлу – ертеден келе жатқан дағды. Дыбыстарды дауыстылар және дауыссыздар деп топтастырудың тіл білімінде ұзақ тарихы болғанымен , бұлайша топтастыруға негіз болатын басты белгілер әлі де болса жете айқындалмай келеді. Бұл мәселе жайында жалпыға бірдей ортақ көзқарастың жоқтығы да осыдан болып отыр.
Әр түрлі тілдердегі дыбыстарды дауыстылар және дауыссыздар деп топтастыруға негіз болатын жалпылама ортақ белгі ретінде , әдетте, олардың буын құрау қызметі аталады. Буын құрау тұрғысынан алғанда , дауыстылар буын жасай алатын негізгі ұйтқы , басты тұлға ретінде , ал дауыссыздар өздігінен буын жасай алмайтын , дауыстылардың жетегіндегі көиекші элементтер ретінде ғана қаралады . Кейбір тілдерде , мысалы , готтентот тілінде және неміс тілінің кейбір диалектілерінде , дауысты дыбыстан соң келген сонар дыбыс өз алдына дербес буын құрай алады. Алайда , дауыссыздың дауысты дыбыспен тіркесінде , дауыссыздың буынға ұйтқы боларлықтай жғдайы бірде-бір тілде кездеспейді. Дауысты дыбыспен барабар сонар дыбыс дауысты дыбыспен тіркескенде дифтонг жасай алмайды да , дауыссыз дыбыс дыбыс қызметінде қалады.
Дауыстыларға тән акустикалық ерекшелік – оларда музыкальды тонның болуы. әрбір дауысты дыбыста ырғағы жағынан түрліше болып келетін тонның белгілі бір мөлшері болады.Бұлардың бәрінің жиынтығынан дауыстының әуені немесе сапасы жасалады. Дауыстылардағы тон жұтқыншақ үстіндегі қуыстың тоны болып табылады да , ол етене тон немесе дауыстының формантасы деп аталады.
Негізгі бөлім:
Сөйлеу каналында екі резонатор пайда болады : оның біреуі ауыз қуысында , екіншісі жұтқыншақ қуысында болады. Бұлардың әрқайсысында өзіне тән тон бар және осылардың ұштасып келген тізбегі дауыстылардың әуенін немесе сапасын белгілеп айқындайды да, құлаққа естілу жағынан дауыстыларды , мысалы а дыбысын о дыбысынан ажыратады. Дауыстылардың жасалуының анатомия-физиологиялық жалпы жағдайының ерекшелігі мынада: сөйлеу каналында салдыр тудырарлықтай елеулі кедергінің болмауы және ауа ағысының баяу өтуі . Ауа ағысының болуы дауыстылардың жасалуының қажетті және басты шарты болып саналады.
Дауыстылардың классификациясының екі түрі бар : оның бірі физиологиялық (немесе генетикалық) классификация , екіншісі – акустикалық классификация. Қандай да бір тілде болсын , дауысты дыбыстарға қарағанда , дауыссыз дыбыстар көп . Дауыстылармен салыстырғанда , дауыссыздардың классификациясы әлдеқайда күрделі. Сондықтан дауыссыздарды сипаттап мінездеме беру және оларды топтастырып классификация жасау акустикалық жақтан да , артикулияциялық жақтан да көптеген жақтарды есепке алуды қажет етеді.
Дауыссыздардың кейбіреулері дауыстың қатысуымен жасалса , қайсыбіреулері дауыстың қатысуынсыз жасалады. Осыған орай , дауыссыздар екі топқа бөлінеді: оның бірі қатаң дауыссыздар , екіншісі – ұяң дауыссыздар.Қатаң дауыссыздар деп дауыстың қатысуынсыз жасалған дауыссыздарды айтамыз да , ұяң дауыссыздар деп дауыстың қатысуымен жасалған дауыссыздарды айтамыз. Дауыссыздар жұмсақ таңдайдың қалпына қарай ауыз жолды және мұрын жолды дауыссыздар болып екіге бөлінеді. Егер жұмсақ таңдай жоғары көтеріліп , жұтқыншақтан мұрын қуысына баратын кіре беріс жолды жауып тұрса , онда ауа ауыз қуысымен өтеді де , осының нәтижесінде ауыз жолды деп аталатын дауыссыздар (мысалы: б,д және т.б.) жасалады. Егер жұмсақ таңдай төмен түсіп , жұтқыншақтан мұрын қуысына баратын кіре беріс ашық болса , онда ауа мұрын қуысынан өтеді де , осының нәтижесінде мұрын жолды деп аталатын дауыссыздар жасалады (мысалы: м, н…).
Артикуляциялық жолына қарай салдыр дауыссыздар (қатаңдар мен ұяңдар) шұғыл дауыссыздар (взрывные) және ызың дауыссыздар (щелинные )болып екіге бөлінеді.

Шұғыл дауыссыздарды айтқанда , дыбыстау мүшелері бірі-біріне жабысады да, бірден кілт ажырасып кетеді, осының нәтижесінде ауа үзіліп , шұыл шығады. Шұғыл дауыссыздардың осы қасиеті ескеріліп , олар эксплозив дауыссыздар депте аталады. Шұғыл дауыссыздар мыналар: п,б,т,д,к,г,қ.


Адамның қоғамдағы қатынасының ең маңыздысы – тілдік қатынас. әрбір халықтың өзіндік ерекшелігімен байланысты болатын тілдік қатынас ауызша және жазбаша түрде жүхзеге асады. Ауызша тілдік қатынас сөйлеу арқ орындалады. Сөйлеу – адамзат іс-әрекеттің ерекше формасы. Сондықтан сөйлеу психология, физиология , логопеди, тіл білімі т.б. ғылымдардың қарастыратын нысаны. Сөйлеу тілдік бірліктерге сүйенеді. Тілдік бірліктердің ең кішісі және негізгісі – фонемалар. Жеке тұрғанда ешбір мәні жоқ дыбыстар белгілі бір жүйемен тіркесіп сөзді құрайды, яғни сөздің өмір сүру амалы тілдік дыбыстарға тікелей байланысты болады.
ХІХ ғ түркітанушыларының еңбектерінде қазақ тілінің дыбыстық жүйесі жөнінде біраз пікірлер айтылған. Бұл туралы ең алғашқы мағлұмат берген Н.И.Ильминский болды. Ол : «Қазақ тіліндегі дыбыстарды екі топқа бөліп, сегіз дауысты дыбыс, 29 дауыссыз дыбыс», -деп атап көрсетті. Ильминский негізінен дыбыстардың орналасу тәртібіне қарап, ол артикуляциялық жағынан жақындығын ескерген деген болжамдар да бар.
В.В.Радлов «Солтүстік түркі тілдер фонетикасы» -деген еңбегінде «қазақ тілінде 9 дауысты, 20 дауыссыз дыбыстарды атап»,- акустика-артикуляциялық топқа бөледі. В.В.Радлов қазақ , түркі тілдерінің жалпы дыбыстық жүйесіне, дыбыстардың сөз ішінде қолданылу ерекшеліктерін олардың дистрибуция кезеңінде, фонетикалық процесстердің заңдарына, сингормонизм құбылысына, екпін категориясына тоқталады.
А.М.Мелиоранский қазақ тілінің дыбыстық жүйесін зерттеп, дыбыстардың жасалу орны мен комбинаторлық алмасуы үндестік заңы екпін мәселесіне қысқаша мәлімет береді. Ол; «Қазақ вокализмі 9 дауысты, консононтизмі 21 дауыссыз»,-деп Мелиоранский де Радлов сияқты Л сонор дыбысын жуан-жіңішке болып айтылатын дербес дыбыс деп түсіндіреді.
М.Терентьевтің грамматикасында қазақ тіл дыбыстарының айтылуында комбинаторлық алмасулары (Ч-Ш, Ш-С, М-Б, Л-Д, К-Г) жөнінде қысқаша мәлімет береді.

Басқа да В.Катаринскийдің , И.Лаптевтің, Н.Сазоновтың еңбектерінде де фонетика туралы біраз материалдар беріледі, бірақ жоғарыдағы пікірлер қайталанады.


Н.Катановтың «Опыт Иследований Урянхайского языки» Қазан 1903 жыл деген еңбегінде де қазақ тіліне тән өзгешеліктерді көрсетеді. Басқа түркі тілдерімен салыстыра зерттеген.
Т.Қордабаев «Қазақ тіл білімінің қалыптасу, даму жолдары деген зерттеуінде (фонетиканың зерттелуіне) арнайы осы жүйесіне қатысты 1-2 пікір бар. қазақ тілі туралы әр жерде алғашқы шаруалардан, жиһанкездердің жазбаларынан басталған. Сондықтан бұл тақырыпты қазақ тіл білімінің ең байырғы және оның дамуының барлық дәуірінде де қайталана қаралып, келе жатқан әрі көне, әрі жаңа тақырыбы деуге болады.
Қазақ тілі фонетикасы қалыптасуының алғашқы қадамы тілімізде қандай дыбыстар барлығын айқындаудан басталған. өйткені 20 жылдың аяғына шейін (1929ж) пайдаланып, араб графикасын ешқандай өзгеріссіз араб тілінде қандай болса, сол қалпында қолд келдік. айқап журналының 1912 жылғы бірнеше санында пікіралысу ұйымдастырылды. айтылған пікірлер қазақ тілінде қанша дыбыс бар, олардың 5 дауысты дыб деп жазды. Сөйтіп орыс түркітанушыларының дайын пікірлерін дұрыс пайдалана алмады. Фонетикаға байланысты 20 жылдар ішінде айтылған пікірлерде қазақ тіліндегі акустикалық жағынан жіктеу төңірігенде ғана болды. осы бағытта айтылған пікірлерді жинақтай келе 1929 жылы заңды негіздерге әліппеде қазақ тілінде 29 дыбыс бар. олардың 9 дауысты, 20 дауыссыз деп көрстетті.
Қазақ фонологиясында дыбыстардың бірбірінен айырмасын іздеп, оларға сипаттама жасау тұңғыш тіл маманы А. Байтұрсынұлының зерттеулерінен басталады. А.Байтұрсынұлы қазақ фонетикасының іргелі ұғымдарын жүйелеп берді. Əрбір ұғымды қатаң терминологиялық мəнде көрсетіп, оларды арнайы атаулармен атады. Қазақ фонетика ғылымының айырым белгі терминдерін жасап, жүйелеп қалыптастырды. А. Байтұрсынұлының 1912 жылы Орынборда жарық көрген «Оқу құралында» (қазақша əліппе) буын, дыбыс, нүкте, дауысты дыбыстар, жарты дауысты дыбыс, дəйекші, жіңішкелік белгісі, харіп секілді терминдер берілген. Ал, 1914-1915 жылдары жəне одан кейінгі жылдары 1928 жылға дейін бірнеше рет басылған «Тіл құрал» оқулықтары (қазақ тілінің сарфы) қазіргі таңдағы қазақ тіл біліміндегі зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, қосымша, жалғау, жұрнақ сияқты терминдердің негізін қалаған оқу құралдарының бірі.
А. Байтұрсынұлы терминдерінің күштілігі сөздің ішкі мағыналық құрылымына негізделген. Фонетикалық принциптің ең негізгі авторы А. Байтұрсынұлы. Дауысты дыбыс дегеніміз не? Кез-келген нəрсенің естілуі дыбыс, өзеннің сылдырап аққаны естілсе, дыбыс, ағашқа ұя салған құстардың тамылжыта əн салғаны естілсе, дыбыс, яғни естілген нəрсенің барлығы дыбыс. Дауысты дауыс бар деген сөз, ал дауыссыз дауыс жоқ деген сөз. Қазақ грамматологиясының негізін қалаған А. Байтұрсынұлы. Ақымет төте жазуды дыбыс əдіс жолына негіз еткендігін ескерсек, дыбыс негізді əдіс арқылы метатіл орын алады. А. Байтұрсынұлы қазақ тіл білімі ғылымында грамматологияның метатілін қалыптастырды.
Тілдің дыбысталу мүшелері арқылы айтылып, құлақпен естілетін үн дыбыс деп аталады да, оны жазу тілінде белгілейтін шартты белгі əріп деп аталады. Демек, дыбысты айтамыз жəне естиміз, ал əріпті жазамыз жəне көреміз. Əріп – жазуда дыбысты белгілейтін шартты таңба. Айтылғанда, өкпеден ауа ешбір кедергісіз, еркін шығатын дыбыстар дауысты дыбыстар деп аталады (Isaev, 2007: 11). 1912 жылы жарияланған «Айқап» журналының № 4-5 санында қазақ тілінде 24 дыбыс, оның ішінде 5 дауысты, 17 дауыссыз, 2 жарты дауысты бар деп беріледі. Дыбыстар дауысты, дауыссыз һəм жарты дауысты болады. Соған қарай харіфтер де дауысты, дауыссыз һəм жарты дауысты болып бөлінеді (Baitursynov, 1992:147). Қазақ тіліндегі жиырма төрт түрлі дыбысты таңбалаудың өзіндік ерекше жолы мен жүйесін ұсынған А. Байтұрсынұлы «қ» мен «ғ» дыбыстарының ылғи жуан, «к» мен «г», һəм «е»-нің ылғи жіңішке айтылатынын ескерте отырып, былай деп жазады: «Егерде бұл 19 дыбыстың жуан айтылуы үшін бір белгі, жіңішке айтылуы үшін бір белгі керек десек, мысалы: ت (т), س (с) сықылды, онда 19 дыбысқа 38 белгі керек болар еді. Бұған дəйім жуан айтылатын «қ» мен « ғ»-ны қосқанда дəйім жіңішке айтылатын «к», «г», «е»-лерді қосқанда, бəріне 43 белгі (харіп) керек» (Baitursynov, 1992: 324).
Дыбыс пенен харіфтің бір зат еместігін Ақыметтің еңбектерінен байқауға болады. Яғни, екеуі екі бөлек нəрсе. А. Байтұрсынұлының «Оқу құралындағы» тілдегі бар дыбыстың басбасына арналған белгісі /əрпі/ бар болуы керек деген тұжырым үнемі жазу тəртібінде негізге алынды. Емле – жазу үшін шығарған нəрсе, жазу – тіл үшін шығарған нəрсе. Олай болса, тілді бұзып емлеге ыңғайлау емес, емлені тілге ыңғайлау керек деген пікірін негізге алсақ, тіл харіф үшін шығарған нəрсе емес, харіф тіл үшін шығарған нəрсе болып табылады. Олай болса харіфі жоқ деп, тілдегі дыбысты жоғалту емес, ол дыбысқа жоқ харіфті іздеп табу керек. Харіфке бола тілді бұзбайды, тілге бола харіфті бұзып өзгертеді. Осы қағида Ақымет жасаған төте жазуда көрініс табады. Əліпби ережесіне сəйкес дауысты дыбыстар сөз басында келсе, олардың харіфтерінің алдына сүйеу таяқ қойылып жазылады.
Дауысты харіфтер: а –ا, о –و, ұ –ؤ, ы –и –ی, е –ڍ, ه. Мысалы, «ұ» əрпінің алдында берілген ا таяқ сүйеу болу үшін қойылған. Бұл «ұ» əрпі сөз басында келсе ғана қойылатын таяқ, бұл таяқ оқылмайды, тек сүйеу үшін ғана қойылады деп ережеде арнайы айтылған.
Дауыстылардың ерекшеліктері- дауыстылардың жасалатын орны - тамақ тұсы;
- дауыстыларды айтқанда, фонациялық ауа сыртқа - біркелкі, баяу шығады;
- дауыстылардың ішкі сапасы - таза үннен тұрады;
- дауыстылардың үн сапасында - жаңғырық (резонация) мол болады;
- дауыстыларды жан-жақты құбылтуға болады;
- дауыстылар сөз ішінде буын жігін құрайды және дауыссыздармен тіркесе алады.
Дауыссыз дыбыстар (Kонсонантйзм) орыс. согласные звуки — тек салдыр немесе салдыр мен үн қатысы арқылы жасалатын, буын құрай алмайтын дыбыстар. Дауыссыз дыбыстарды айтқанда көмейде кедергіге ұшырмаған фонациялық ауа ауыз қуысына күшті қарқынмен келеді. Ауыз тар ашылғандықтан, көмей арқылы келген қарқынды ауа әр түрлі артикуляциялық мүшелермен соктығысады. Қазіргі қазақ тілінде 25 дауыссыз бар: б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п,р, с, т, һ, ф, х, ц, ч, ш, (у), Бұлардын ішінде һ дауыссызы кейбір шығыс сөздерінде, в, ф, х, ц, ч дауыссыздары негізінен орыс тілі арқылы кірген халықаралық сөздерде, қалған 19 дауыссыз қазақтың байырғы сөздерінде қолданылады.Айтылу кезінде ауаның еркін шықпай, кедергіге ұшырап шығуынан жасалған дыбыстарды дауыссыз дыбыстар дейді. Дауыссыз дыбыстар сөйлеу мүшелерінің бір-бірімен жанасуы немесе толық қабысуы арқылы пайда болады.

Дауыссыздардың басты ерекшеліктері:


- дауыссыздардың жасалатын орны – ауыз және көмей қуыстары;
- дауыссыз қатаңдарда мүлде үн болмаса, ұяңдарда үннің қатысы жартылай болады да, ал үнділерде бәсең үн болады;
- дауыссыз қатаң және ұяңдардың ішкі сапасы таза салдырдан тұрады ал, үнділерде сөйлеу мүшелерінің (тіл, ерін, жақ) бір-біріне жуықтауы, түрленуі, көлемін өзгертуі көмей арқылы келген ауаға пәлендей кедергі бола алмайды;
- дауыссыз қатаң және ұяңдарды көтеруге, созуға, әуенін өзгертуге мүлде болмаса, ал үнділерді керісінше көтеруге, созуға, әуенін өзгертуге болады;
- дауыссыздардың үн сапасында жаңғырық болмайды;
- дауыссыздар сөз ішінде жалқы тұрып буын құрай алмайды.
1.Дауыссыз дыбыстар дауыс қатынасына қарай үшке бөлінеді:
Қатаң дауыссыздар (глухие согласные) — дауыс шымылдығы қатыспай, тек салдырдан жасалатын дауыссыз дыбыстар: п, к, қ, т, с, ф, х, ц, ч, ш;
Ұяң дауыссыздар (звонкие согласные) — дауыс шымылдығының қатысуымен жасалатын, салдыр мен үн тең болатын дауыссыздар: б,в, г, ғ, д, ж, з;
Үнді дауыссыздар (сонорные согласные) — дауыс шымылдығының қатысуымен жасалатын салдырға қарағанда үн басым дауыссыздар: р, л, м, н, ң.
2. Айтылуына (жасалу тәсіліне) қарай:
Шұғыл дауыссыздар: б, п, д, т, ц, г, к, қ, ч.
Ызың дауыссыздар: в, ф, з, с, ж, ш, щ, ғ, х, һ.
3.Айтылу (немесе артикулациялық) орнына қарай:
1. Ерін (билабиаль) фонемалары: п, б, м, (у).
2.Тіс пен ерін (лабиальденталь) фонемалары: ф, в.
3. Тіс (денталь) фонемалары: т, с, з, д, ц.
4. Тіл ұшы (альвеоляр) фонемалары: н, л, ч.
Тамақ қуысы жоғарыда айтқандай тамақтың жоғары жағында, ауыз қуысының арт жағында болады. Тамақ қуысынын жиырылуынан салдыр пайда болады. Тамақ қуысы дауыстылардың әуенін жасауға қатысады. Ауыз, мұрын қуысы да дыбыстарға жаңғырық қосып, резонаторлық қызмет атқарады. Ауыз қуысындағы мүшелер: бұл мүшенің бастысы - тіл. Тіл өте жылжымалы келеді. Ауыз қуысындағы өзге мүшелерге қақтығысып ілгері - кейін жүйткіп отырады. Тіл қимылы арқылы жуан, жіңішке дауысты дыбыстар жасалады. Тіл мен тістің қимылы арқылы т, д дыбыстары жасалады. Мысалы: к, ғ, к, г сияқты тіл арты дыбыстары жасалады. Ауыз қуысындағы мүшелердің бірі - ерін. Дыбыстарды шығаруда үстіңгі еріннен гөрі астыңғы еріннің қызметі мол. Ерін қызметі аркылы еріндік дауыстылар жасалады. Мысалы: о, ө, ү, ү, у. Сондай-ақ дауыссыз дыбыстар да жасалады. Мысалы: б, м, п. Ауыз қуысындағы тағы бір мүшенің бірі - таңдай. Дыбыстардың жасалу орнына қарай бұл мүше үш топқа бөлінеді: 1. Алғы таңдай. 2. Орта таңдай. 3. Артқы таңдай.
Алғы таңдай. Үстінгі күрек тіс тұрған қызыл иекпен (альвеолярмен) ұштасады. Дауыссыздар альвеоляр арқылы көп жасалады. Артқы тандай кішкене тілмен жалғасады. Кішкене тілдің екі түрлі қызметі бар: 1. Кішкене тіл ауыз жолын бөгейді. Мұнда іштен шыққан ауа мұрын жолы арқылы өтеді, яғни м, н, н дауыссыздары жасалады. Іштен шыққан ауаны фонациялық ауа деп атайды.
2. Кішкене тіл мұрын жолын бөгейді. Онда фонациялық ауа ауыз жолы арқылы өтеді. Ауыз қуысы бірде тартылып, бірде керіліп тұрады. Мұндай кезде иектің қызметі мол. Иекпен ұласып жатқан мүше - тіл. Ол кейде төмен түседі. Онда ауыз мол ашылады. Ал, иек жоғары көтерілсе, ауыз тар ашылады. Тіліміздегі дауыстылар ауыздың кең және тар ашылуына байланысты ашық және қысаң дауыстылар болып екіге бөлінеді. Мұрын қуысы арқылы көбінесе үнді дауыссыздар жасалады.Үнді дауыссыздар жасалу орны ауыз қуысы болғанмен фонациялық ауа мұрыннан шыққандықтан оларды мұрын жолды үнділер дейді. Дыбыстау мүшелерінің қызметі кейде актив, кейде пассив болады. Актив мүшелер жылжымалы келеді. Ал, пассив мүшелер онша көп әрекет жасалмайды. Тіліміздегі дыбыстардың көбі актив мүшелердің қимылынан пайда болады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет