Қорытынды:
Қазақ тілінің байырғы төл сөздердің құрамында тоғыз (а,ә,е,о,ө,ұ,ү,ы.і) дауысты дыбыстар барлығы (мұның өзі жоғарыдағы пікірлердің бәріне ортақ) ешқандай дау тудырмайды. Бұл дауыстылар әсіресе тіліміздің кешегі В.В Радлов, П.М. Мелиоранский сипаттайтын тұрғысына толық сай келеді. Алайда қазір қалпын таныта алмайды.
Қазіргі тілімізде он бір, он екі дауысты бар деушілер шындыққа жақын тұр. Бұлардың біріншісіне екіншісінің қосқан – тек э дыбысы. Қалған жағдайда іштей жіктеу, сипаттауға келгенде бір-бірімен үндесіп жатады. Екі топқа да тән үлкен жаңсақтық – қазақтың байырғы сөздерінің құрамында и, у (мысалы: бу,су, ки, қи т.б) дауысты дыбыстары кездеседі деп қарауы. Бір қызығы, зерттеушілер мен оқулық авторларының көбісі бұл екі әріптің әрқайсысы екі дыбыстың ұу, үу, ыу, у, ый, ій қосындысы екенін біле отырып, дауыстыға жатқызып жүр. Жатқызып қана қоймай, оларды (и,у әріптерін) дифтонг, дифтонгоид деп дәлелдеуге тырысады.
Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстардың эксперименттік жолмен зерттеп жүрген Ә.Жүнісбеков және басқа ғылымдар байырғы сөздеріміздің құрамында кездесетін осы екі (и,у) әріпті дауысты дыбыстар деп қарамайды. Мұндай дауыстылар бар десек, басқаны айтпағанда тіліміздің екі үлкен заңының түп-тамырына балта шапқан болар едік. Біріншіден, сөздердің құрамында екі дауысты қатар тұра беретін болады: суы, буын, келуі, миы, тиын, тиін. Екіншіден, сөз ішінде буын дауыстыдан басталып (бару-ым, келу-ім, оқи-ын, су-ық) және дауысты жеке буын құрайтын (су-ы, бару-ы, келу-і,қи-ы) болады. Мұның екеуі де тіліміздің табиғатына қайшы екенін дәлелдеп жатудың қажеті жоқ. И, у байырғы сөздеріміздің құрамында дыбыс бола алмайтын Ә.Жүнісбеков еңбектерінде әбден дәлелденген. Ал, қазақ тілінде 15 дауысты бар дейтін пікір тіпті де сын көтермейді. Бұл дыбыс пен әріптің шатастырудың нәтижесі ғана.
Пайдаланыған әдебиеттер:
Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Лингвистика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. ISBN 9965-08-235-9
Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5
Орысша-қазақша түсіндірме жалпы сөздік: Көлік / профессор Е. Арын — Павлодар : «ЭКО» ҒӨФ. 2006.
Достарыңызбен бөлісу: |