Дауыстың акустикалық негіздері



бет1/6
Дата29.01.2022
өлшемі0,57 Mb.
#115995
түріСеминар
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Логопедия негіздері 2
Мүмкіндігі шектеулі балалардың дамуының клиникалық ерекшеліктер2, Мүмкіндігі шектеулі балалардың дамуының клиникалық ерекшеліктер2, Саясаттану 2-3 тапсырма 23.09, 8 csysg, Биология сабағында жаңа технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың пәнге

Семинар8

Дауыстың пайда болу теориясын талдау. Дауыстьң органикалық және  функциональды бүзылуының сипаттамасы, механизмі, этиологиясы. Түзету жүмысынын негізгі бағыттары.



Дауыстың акустикалық негіздері

Дауыс – бұл өзінің күрделілігіне және әлеуметтік маңыздылығына байланысты емес адам көмейінен шығатын кез келген дыбыс. Дауыс генераторлық бөлім ретінде қызмет ететін көмейде пайда болады. Тыныс алу мүшелері – энергетикалық бөлім. Энергия көзі ретінде дауыс шымылдығының тербелісін тудыратын ауа ағыны болады. Қойылмалы түтік (жұтқыншақ, мұрын және ауыз қуысы) – мұнда дыбыс өз күшін және мәнерін алатын жаңғырықтыру бөлімі. Дыбыстың акустикалық қасиетін ажырату есту қабілетінің көмегімен іске асырылады.

Үн дыбысы – қалыңдай түскен толқын және тітіркендіріш түрінде жайылатын ауа бөлшектерінің тербелісі.

Дауыстың жоғарылығы - есту мүшелерінің тербелгіш қозғалыстарының жиілігін субъективті түрде қабылдауы.

Ауа тербелісі неғұрлым жиі болса, солғұрлым дыбыс жоғары болып шығады. Дауыстың жоғарлығының сапасы дауыс перделерінің бір секунд үшінде түсетін тербеліс жиілігіне байланысты болады. Негізгі үн (тон) жиілігі герцпен өлшенеді. Жай сөйлеу тілінде еркектерде 85-тен 120 Гц-ке дейін, ал әйелдерде 160-тан 340 Гц-ге дейін өзгереді. Негізгі үннің өзгерістері сөйлеу тілінің мәнерлігіне әсер етеді.



Дауыстың күші,қуаты дауыс шымылдығының діріл қарқынына байланысты болады. Децибеллмен өлшенеді. Дауыс перделерінің діріл қарқыны неғұрлым көп болса, солғұрлым дауыс күшті шығады. Дыбыс тембрі немесе дыбыс ренкі дауыстың сапасының маңызды сипаты болып табылады. Ол күрделі дыбыстардың акустикалық құрамын көрсетеді және тербеліс күші мен жиілігіне тәуелді болады.

Дауыс үшін ең маңызды болып оны шығару тәсілі – «дыбыс шабуылы» деп аталатын тәсіл. Дауыс шығарудың үш түрін ажыратады: 1) алғашқыда жеңіл дем шығару, кейін дауыс перделері қабысып, тербеліске түседі. Дауыс болмашы шудан кейін естіледі. Бұндай тәсіл «қырылдақ (көмей) шабуыл» деп аталады; 2) дауыс перделерінің қабысуы мен дем шығару кезі қатар келеді. Бұл дыбыстың «жұмсақ шабуылы»; 3) алғашқыда дауыс перделері қабысып, содан кейін оларды тербеліске түсіріп дем шығарылады. Бұл түрі «қатты шабуыл» деп аталады.

Көп қолданылатын және физиологиялық негізделген «жұмсақ шабуыл» деп саналады. Бірақ дыбыс шығарудың қалған екі тәсілін де қолдануға болады. Ол дауыс міндеттеріне және адамның эмоциялық күйіне байланысты болады. Сонымен қатар кейбір жағдайда түзету жұмысында дауысты қою мақсатымен пайдаланылады.

 

Дауыс аппаратының қалыптасуы мен қызметінің биологиялық негіздері.

Дауыс өмір әрекетінің интегралды биоәлеуметтік өнімі ретінде адамның биологиялық дамуының кезеңдерімен тығыз байланысты. Бұл категоряларды сәйкестендіре отырып, дауыс функциясының дамуында жеті кезең ажыратуға болады:

- мектепке дейінгі (туылғаннан жеті жасқа дейін) кезең. Бұл кезең үшінде нәрестелік, ерте жас (3 жасқа дейін), мектепке дейінгі ересек жас кезеңі деп бөлінеді;

- мутацияға дейін (жеті жастан он үш жасқа дейін) кезеңі;

- мутация кезеңі (13 жастан 15 жасқа дейін);

- мутациядан кейінгі (15-тен 17-ге дейін) кезең;

- қарастырып отырған қызмет пен адам организмінің қалыптасу кезеңі (18 ден 35 жасқа дейін);

- сенімді қызмет атқару кезеңі (35-тен 60 жасқа дейін);

- басылу кезеңі – кәрілік дауыс (60 жастан кейін).

Дауыстың дамуында қиын-қыстау кезеңі – нәрестелік, мутация және басылу кезеңі болып есептеледі.

Мектеп жасына дейінгі кезеңде дауыс аппараты үшін нәрестелік шақ қиын-қыстау кезеңі болып табылады. Сәбидің айқайы – алғашқы автономдық тыныс алудың маңызды белгісі деп білеміз. Айқай – адам затына өмірмен берілген түпті рефлекторлы-шарттсыз актісі. Бұның іске асуына жүйке, тыныс алу, эндокринды жүйелері қатысады. Ауыру сезгіш, температуралық, тактильді қоздырғыштардың және қанда көмірқышқыл газының артылуынан тыныс алу орталығының қызынуы пайда болады, өкпе ашылып, дауыс перделері алғаш рет қабысады.

Сәбидің дауыс жиілігі орташа есеппен 425 Гц құрайды. Дауысының тембрі жоқ, сондықтан есту арқылы сәбидің жынысын ажыратуға мүмкін емес.

Сәбилік шақта (туылғаннан 28 күнге дейін) көмейдін жүйке-бұлшық ет аппаратының жетік дамымауынан және тыныс алуының тұрақтылықсыздығынан айқай интонациясын өзгерту мүмкіндіктері шектеулі болады. Балалрда тұрақты интонацияларын өзгерту қабілеті 2-3 айынан қалыптаса бастайды. Мектеп жасына дейінгі балалардың фонациясы көмей бұлшық еттерінің әлсіздігінен дауыс перделерінің шеттерінің керілуінің нәтижесінде мүмкін болады. Дыбыстауының диапазоны 5-6 нотаны құрайды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет