Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы



Дата08.09.2017
өлшемі34,08 Kb.
#31766
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы:Салт және сабақты етістік.

Мақсаты:

Білімділік:Салт және сабақты етістіктердің жасалуы туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Тапқырлыққа, өз көзқарасын жүйелі де тиянақты баяндауға, мәлімдеуге, өнер-білімге құштарлығы мен дүниетанымын кеңейтуге баулу.

Тәрбиелік: Адамгершілікке, Отанын сүюге, өнерлі болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, баяндау, қызығушылығын ояту, мағынаны тану, ой-толғаныс.

Сабақтың барысы:



І.Ұйымдастыру бөлімі

-оқушылармен сәлемдесу;

-оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру;

-оқу құралдарын ретке келтіру, бақылау.



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

А) Болымды және болымсыз етістіктер туралы қайталау.

-Болымды етістік дегеніміз не?

-Болымсыз етістік дегеніміз не?

-Болымсыз етістік қандай жұрнақтар жалғану арқылы жасалады?



Ә)Жаттығуларды тексеру:

.ІІІ.Жаңа сабақ: Салт және сабақты етістік.



Мағынасына қарай

Салт етістік

Сабақты етістік

Өзінің алдынан табыс септігіндегі сөзді қажет етпейді.Салт етістіктер:барыс, жатыс, шығыс, көмектес септігіндегі сөздермен тіркесуі мүмкін, бірақ табыс септігіндегі сөзбен байланыспайды.

Мысалы: үйге кел, үйден шық, үйде отыр, үймен хабарлас, үй өртенді.



Өзінің алдынан табыс септігіндегі сөзді қажет етеді. Кімді?нені? деген сұрақтарға жауап береді.

Мысалы: хатты оқы, ақшаны сана, есепті шығар, шашыңды сана, төсекті сал.



Ескертпе:

1.Кейде етіс жұрнақтары салт етістіктерді сабақты етістіктерге, сабақты етістікті салт етістікке айналдыру қызметін атқарады.



Өзгелік етістің жұрнақтары:ғыз,-гыз,-қыз, -кіз,-дыр,-дір,-ыр,-ір,-р салт етістікке жалғанса оны сабақты етістікке айналдырады:
салт етістік сабақты етістік

шам сөнді шамды сөн-дір-ді

бала кетті баланы кет-ір-ді

гүл өседі гүлді өс-ір-ді



  1. Ырықсыз етістің жұрнағы сабақты етістікке жалғанып, салт етістікке айналдырады:

Сабақты етістік салт етісті

Әңгімені айтты әңгіме айт-ыл-ды

Хатты жазды хат жаз-ыл-ды

Кітапты түгел оқыды кітап түгел оқы-л-ды



ІҮ. Тақтамен жұмыс:

Оқы, жаз,кел, айт деген сөздерге табыс септігін қажет ететін, етпейтін сөздерді тіркестіріп жаз.

Кітапты оқы, өлеңді оқы, кітап оқылды, әріпті жаз, үйге кел, маған кел, құпияны айт, әңгіме айтылды т.б.


Ү.Жаттығулар орындау:

218-жаттығу: мақал-мәтелдердегі ойды таратып айтыңдар, құрамындағы етістіктерді тауып, олар қай септіктегі сөзбен тіркесіп тұрғанын сұрақ қою арқылы анықтаңдар. Қайсысы сабақты, қайсысы салт етістік екендігін ажыратыңдар.

219-жаттығу: Мақал-мәтелдерді көшіріп жазып, салт етістіктердің астын ирек сызықпен сызыңдар.

ҮІ.Сабақты Венн диаграммасы арқылы салыстыра отырып қорытындылау.
Сабақты етістік ұқсастығы Салт етістік


Өзінің алдынан табыс септігіндегі сөзді қажет етпейді.Салт етістіктер:барыс, жатыс, шығыс, көмектес септігіндегі сөздермен тіркесуі мүмкін, бірақ табыс септігіндегі сөзбен байланыспайды.

Өзінің алдынан табыс септігіндегі сөзді қажет етеді. Кімді?нені? деген сұрақтарға жауап береді




Екеуі де етістіктің мағынасына қарай түрлері.

Етістің жұрнағы жалғанғанда екеуі де өзгеріске ұшырайды




ҮІІ.Үйге тапсырма:1. Ережені түсініп оқу;

222-жаттығу



ҮІІІ.Бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет