1-билет Мұғалімдік мамандықтың ерекшеліктері, педагогикалық қабілеттің түрлері. Педагогикалық мамандықтың ерекшіліктері деп



бет7/84
Дата04.02.2023
өлшемі468,87 Kb.
#167409
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   84
Байланысты:
1-áèëåò Ì??àë³ìä³ê ìàìàíäû?òû? åðåêøåë³êòåð³, ïåäàãîãèêàëû? ?àá³

Проблемалық сабақ—бұл сабақ түрі оқушылардың шығармашылық жеке дамуына қалыпты ықпал етеді.Сабақта бір немесе бірнеше проблемалық жағдай туғызып,оны шешу арқылы оқушының өз-өзіне деген сенімі артып,шығармашылық тұрғыдан дамиды.Мысалы, «Жергілікті жерді бағдарлау»тарауында төмендегідей проблемалық жағдай туғызылса «Біз саяхат кезінде қызығушылықпен өз жолымыздан шығып кетіппіз.Кері қайту үшін жолымызды табу үшін не істеуіміз керек?»Мұнда оқушы сабақ үстінде алған білімді аталған проблемалық жағдайды шешуге пайдаланады,яғни көкжиек бағыттары,жергілікті жерге қарап бағдарлай беру дағдылары дамиды.
Оперативтік(шешімді ) сабақ.Мұғалім сабақты ұйымдастыра отырып,оқушыларды теория мен практиканың арасын ажыратуға,адамдардың іс-әрекетін түсінуге,оны өз практикасында пайдалана білуге үйретеді.Мысалы,топырақ қабаттарын,кенді пайдалы қазбалар,мұнай және газ тақырыптарын өткенде жасалатын тәжірибелер мұғалімнің басшылығымен орындала отырып, оқушының білімін тереңдете түседі.
Сайыс сабақ.Тарау бойынша оқушылардың алған білімдерін пысықтау,логикалық ойлау қабілетін дамыту мақсатында қайталау сабағын сайыс сабақ ретінде өткізудің маңызы зор.
Бастауыш сынып үшін тиімді дәстүрлі емес сабақ түрлері : саяхат сабақ,брейн-ринк ,жарыс сабақ,КВН сабақ,аукцион сабақ.
Экскурсия сабақтары.
Бастауыш оқу-білім мен дағды берудің,іскерлік қалыптасудың бастамасы.Дүниетану пәні «Адам» «Табиғат» «Қоғам»туралы оқушыларда ой-пікір қалыптастырады,олар адам-табиғат-қоғам арасындағы тығыз байланысты зерделейді.Дүниетануды оқытуда топсаяхаттардың маңызы өте зор.
Топсаяхаты-сабақ түрі,мұнда балалар табиғатпен шынайы танысады.Топсаяхаты кезінде балаларды таза ауада болу,далада хош иісті,көз тартар әдемі гүлдер арасында қыдыру-терең ой,ширақ қозғалыс,көтерінкі көңіл-күй тудырып,оларды жан-жақты тәрбиелеуге ықпал етеді.
3-билет
1.Педагогика ғылымының салалары және басқа ғылымдармен байланысы.
Педагогика дамып, тәрбие мен білім беру жайлы ғылыми тарауларға бөліне бастады. Мысалы, педагогиканың жалпы негіздері, тәрбие теориясы, дидактика,т.б.
Тәрбие мен оқыту ісінің одан әрі дамуына байланысты педагогика ғылымының түрлі салалары, атап айтсақ мектепке дейінгі педагогика, мектеп педагогикасы, педагогика тарихы, дефектология және пәндерді оқыту әдістемесі, кәсіптік-техникалық білім беру педагогикасы, жоғары мектеп педагогикасы, әскери педагогика, мәдени-ағарту қызметкерлерінің педагогикасы, түзеліс-еңбек педагогикасы пайда болды.
Мектеп педагогикасы мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеу мен оқуытуыдың мақсаттары мен міндеттерін, әдістері мен принциптерін, формаларын, мазмұнын және нәтижесін айқындайды. Мектеп педагогикасы төрт бөлімнен тұрады. Олар:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет