1-билет Мұғалімдік мамандықтың ерекшеліктері, педагогикалық қабілеттің түрлері. Педагогикалық мамандықтың ерекшіліктері деп



бет9/84
Дата04.02.2023
өлшемі468,87 Kb.
#167409
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   84
Байланысты:
1-áèëåò Ì??àë³ìä³ê ìàìàíäû?òû? åðåêøåë³êòåð³, ïåäàãîãèêàëû? ?àá³
6 сынып2 токсан, Дополнительные материалы (мультимедийные материалы, ссылки на электронные ресурсы и т.д.)-1672752761123, Лекция-1670146276988, Рахимгалиева Д. тапсырма, Рахимгалиева Диана. химия есеп
2.Ми және психика.
Адамның психикасы мен жан дүниесінің сырын жақсы түсініп, оның мән-жайына қанығу үшін ми мен психиканың, материя мен сананың қарым-қатынасын біліп, жүйке жүйесінің құрылысы мен қызметі жайындағы мәліметтерді білу керек. Жоғары жүйке жүйесінің қызметі және оның заңдылықтары психология ғылымының табиғи-ғылыми негізін қүрайтын іргетас. Жануарлар мен адамдардың психикалык әрекетінің материалдық негізі -мидың және оның бөліктерінің құрылысы екендігі тәжірибелік зерттеулер арқылы ғылыми тұрғыдан анықталған. Жүйке жүйесі организмнің сыртқы ортамен байланысын жүзеге асырып, айналадағы әсер еткен тітіркендіргіштерге жауап қайтарады. Жүйке жүйесі нейрон деп аталатын жеке клеткалардан құралған. Нейрондардың ұзын тармақты аксон қысқа тармақты дендрит дейтін екі түрлі тармагы бар. Нейрондардьщ тарамдала келіп, өзара түйінделіп бітетін жерін жүйке орталықтары дейді. Бұлар орталық шеткі (перифериялык) және ішкі (вегетативтік) жүйке жүйелерінің өн-бойына орналасқан.
Ми - психиканың анатомиялық негізі болса, ал сырттан келетін әсерлерге байланысты оның кабығында пайда болатын козу мен тежелу - психиканын физиологиялық негізі. Мидың талдау және біріктіру қызметі. Талдау мен біріктіру - организмнін үнемі езгеріп отыратын ортаға бейімделіп шартты рефлекс жасауы үшін қажетті жүйелі процестер. Сондай әрекеттері арқылы организм өзінін, мінез-кұлқын тіршілік ортасымен сәйкестендіріп отырады.
И.П.Павлов ми қабығында жүріп отыратын қозу және тежелу процестерінің ішкізаңдылықтарын ашты. Ол осы процестердің алғаш пайда болған жерінен жайылатынын (иррадиация), кейін бір жергешоғырланатынын (концентрация) эксперименттік зерттеулер арқылы дәлелдеді. Иррадиация құбылысы шартты рефлекстердің мида жайылып, оның әлі берік жасалмаған кезінде көрінеді.
· Мысалы, бала әліппеге үйрену кезеңінде «ы», «і» әріптерін айыра алмай қиналады, мұның себебі алғашқы кездеқозу процесінің бір орында тұрмай, жан-жаққа жайылуында болып отыр. Ми қабығында қозу мен тежелудің бір жерге жинақталып, шоғырлануы да (концентрация) үнемі болып отырады. Бірақ ол баяулау пайда болып, едәуір жүйке күшін қажет етеді.
· Мысалы, жаңағы «ы», «і» әріптерінің таңбасын, олардың естілу ерекшеліктерін бала бірнеше рет қайталағаннан кейін ғана шатастырмай танитын болады. Қозу мен тежелу процестерінің жайылу және шоғырлану заңы организмөмірінде аса маңызды биологиялық рөл атқарады.
Психика және жүйке жүйесінің эволюциясы. Организм бейнелеуінін, дәлдігі мен тендігі сезім органдарының және жүйке жүйесінің құрлысына, сондай-ақ, тітіркендіргіштің түрлерін сезіну мен оған әсерлену рецепторларының жетілу деңгейіне байланысты. Мысалы, көру рецепторы күн жарығының шапағын бейнелеу арқылы калыптасады.
Сана - психика дамуының жоғары сатысы.Сана - адамның материя дамуының белгілі бір сатысында пайда болған қасиеті. Ол - ең көлемді қалыпқа келген және жоғары деңгейде кемелденіп жетілген мидың қызметі, материялық дүниенің жетілген бейнесі. Ф.Энгельстің анықтауынша, адамның жануарлар дүниесінен бөлініп шығуына әсер еткен шешуші факторлар - тіл мен еңбек.Жүйке жүйесінің қызметі рефлекс арқылы жүзеге асып отырады. Рефлекс туралы алғаш айтқан француз ғалымы Рэне Декарт. Рефлекстің биологиялық сипатын чех ғалымы Иржи Прохаске өз еңбектерінде дұрыс көрсетті. Рефлекс терминін ғылымға ендірген де осы кісі. Рефлекс латын сөзі- қазақша бейнелеу деген мағына білдіреді. Рефлекс сырттан немесе іштен келетін тітіркендіргіштерге организмнің қайтаратын жауап реакциясы.Жануарлар мен адамдарда туысынан көптеген рефлексткр болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет