1-билет Мұғалімдік мамандықтың ерекшеліктері, педагогикалық қабілеттің түрлері. Педагогикалық мамандықтың ерекшіліктері деп



бет3/84
Дата04.02.2023
өлшемі468,87 Kb.
#167409
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   84
Байланысты:
1-áèëåò Ì??àë³ìä³ê ìàìàíäû?òû? åðåêøåë³êòåð³, ïåäàãîãèêàëû? ?àá³

Әңгімелесу әдісі-бақыланып отырған адамның зерттеушіге берген жауаптарынан құралады.
Сауалнамалық әдісі-мұнда сыналушыға бірқатар сұрақтарға жауап жаздыртады.
3.Арифметикалық ұғымдарды оқыту әдістемесі.
Әрбір арифметикалық амал, басқа да математикалық ұғымдар сияқты жиындарға қолданылатын амалдарды орындау процесінде нақтылы негізге сүйеніп айқындалады. Сонда:
- қосу – ортақ элементтері жоқ жиындарды біріктіру;
- азайту – жиынның бір бөлігін (ішкі жиынды) айырып алу;
- көбейту – элементтерінің саны бірдей жиындарды біріктіру;
- бөлу – жиынды саны бірдей қиылыспайтын жиындарға айыру ретінде анықталуы мүмкін.Бұл балалардың тәжірибесі негізінде қалыптасқан білімнің көрнекі негізін салуға мүмкіндік береді. Сондықтан да қосу амалын оқып – үйрену заттардың әр түрлері топтарын біріктірумен, ал азайту – заттардың тобынан қандай да бір белгісіне қарай біраз заттарды алып тастаумен байланысты орындалатын практикалық жұмыс болып табылады. Сонда заттардың тобымен жүргізілетін нақты іс - әрекеттермен санау қатар жүргізіледі. Мұндай жаттығуларды орындау қосу және азайту амалдарын оқып – үйренуге дайындайды, яғни олардың мән – мағынасын ашуға негіз қалайды да, әрі қарай мәтінді жай есептерді шығару барысында жалғасады. Бастауыш сыныптарда көбейту қосу арқылы,ал бөлу азайту арқылы анықталады және олардың да мән мағынасына қарапайым мәтінді жай есептер арқылы ащылады,Сонда көбейту амалы элементтері бірдей топтарды біріктіру ,яғни қосу амалы арқылы жүзеге асырылады.Ал бөлу жайындағы түсінік заттардың тобымен жүргізілетін практикалық екі іс әрекетке: тең бөліктерге бөлуге сүйеніп қалыптастырылады.Арифметикалық амалдардың мән мағынасын ашу ,олардың таңбаларын және сәйкес терминдерді енгізумен жалғасады.
Арифметикалық амалдар олар төртеу:қосу,көбейту,азайту,бөлу.
Қосу қасиеттері:
1.ауыстырымдылық мысалы 5+2=7 2+5=7 сандардың орындарын ауыстырғанмен қосындының мәні өзгермейді.
2.терімділік. мысалы( 6+1)+3=10 енді терімділік қасиетін істесек 6+(1+3)=10
6+3+4+7=оңай болуы үшін 6+4=10 және 7+3=10 деп алсақ оңайрақ болады.
Қосу амалының компоненттері: қосылғыш,қосылғыш,қосындының мәні.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет