1-билет Мұғалімдік мамандықтың ерекшеліктері, педагогикалық қабілеттің түрлері. Педагогикалық мамандықтың ерекшіліктері деп



бет13/84
Дата04.02.2023
өлшемі468,87 Kb.
#167409
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   84
Байланысты:
1-áèëåò Ì??àë³ìä³ê ìàìàíäû?òû? åðåêøåë³êòåð³, ïåäàãîãèêàëû? ?àá³

3. Көркем еңбек пәнінің міндеттері.
Жасөспірімдерді еңбекке тәрбиелеу- күрделі де ұзаққа созылатын процесс. Сондықтан оларды жастайынан еңбек ете білуге, үлкендерді және олардың еңбектерін бағалай, қадірлей білуге тәрбиелеудің маңызы зор. Бүгінгі таңдағы білім беру жүйесіндегі өзгерістер, жаңалықтармен байланысты негізгі мектептің бастауыш сатысы үшін де көркем еңбек пәнінің жаңа білім мазмұны анықталып, бағдарлама жасалды.
Пәнді оқытудағы негізгі мақсат-оқушының негізгі әрекетін қалыптастыру арқылы оның еңбек дағдылары мен шығармашылық қабілеттерін арттыру. Осы мақсатқа орай мынадай міндеттерді іске асыру көзделінеді:
-еңбек біліктілігін қалыптастыру арқылы еңбекке қызығушылығын ояту, мінез-құлқын тәрбиелеу.
-оқушылардың әртүрлі материалдарды көркем өңдеу және құрастыру мен модельдеудегі практикалық дағдысын қалыптастыру;
-қарапайым еңбек құралдарын пайдалана білуге үйрету;
-еңбек әрекетін жоспарлай білу, өзінің және өзгенің ісін бақылау, баға беру, түзету, өзіне-өзі қызмет ету дағдыларын қалыптастыру;
-шығармашылыққа баулу;
-эстетикалық, экономикалық, экологиялық тәрбие беру. Пәннің осы мақсат, міндеттері ата кәсіп, ұлттық қолданбалы қолөнер үлгілеріне, ата-баба дәстүріне негізделе отырып жүргізіледі.
5-билет
1.Баланың дамуына әсер ететін факторлар және оның мәні.
Даму – жеке адамды жетілдірудің өте күрделі және диалектикалық процесі.
Жеке адамды дамытудағы басты факторлардың бірі — тәрбие. Тәрбие балалардың жеке және дербес ерекшеліктеріне, дайындығы мен дәрежесіне лайық іске асырылып, тәрбие адамдардық іс-әрекеттерін ұйымдастырады. Ол үшін тәрбиеші алдын ала жасалған арнаулы жоспар бойынша тәрбие жұмысын мақсатқа бағыттап ұйымдастырып, тәрбиенің құралдары мен әдістерін және формаларын іздестіреді, оларды тиімді етіп пайдаланады.
Қоршаған ортада табиғи және әлеуметтік ортада әсер етуші факторлар болып табылады.
Табиғи орта — бұл түрлі табиғат жағдайының адам тұрмысына қызметіне ықпал жасауы. Жылы және суық климат жағдайы халықтардың тұрмысына әрекетіне елеулі ықпал етеді. Климаты ыстық жерлерде егін шаруашылығымен шұғылданады. Ал солтүстіктегі жерде балық, бұғы шаруашылығымен айналысады. Табиғат жағдайына байланысты олардың мінез-құлықтары да ерекшеліктер байқалады.
Әлеуметтік орта — жеке адамның мінез-құлқының дамуына ықпал жасайтын әлеуметтік қатынас, олардың көп қырлы іс-әрекеттері. Әлеуметтік ортаға мектептің ықпал жасауы нәтижесінде баланың дүниеге көзқарасы, құлықтық, эстетикалық және осы сияқты болымды қасиеттері дамып қалыптасады. Егер адамдардық қалыптасуына ортаның қатысы шамалы болса, онда орта адамдардық талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан адам өзінің дамуы үшін қажетті материалдарды осы әлеуметтік ортадан жинайды. Егер бала әлеуметтік ортадан тыс қалса, онда оның даму дәрежесі жануарлардан жоғары болмайды.
Биологиялық фактор:тұқымқуалаушылық
Тұқым қуалаушылық — ұрпақтың ата-ананың биологиялық ұқсастығын елестетуі. Кейбіреулері баланың сыртқы пішініне қарап, бірден қалай әкесіне не шешесіне ұқсап қалған деп таңданады. Әрине бұл кездейсоқ нерсе емес. Өйткені, баланың шашы мен көзінің бояуы, терісінің пигменті, бет келбеті мен басының формасы, жүрісі мен өзін ұстау қалпы тұқым қуалаушылық арқылы берілетін биологиялық ұңсастықты еске түсіреді. Бала қозғалыс мүшелерін, нерв жүйесінің функциялық қасиеттерін, ал кейде дауыс тембрі, музыкаға, биге, математикаға қабілеттілігі сияқты өте нәзік ерекшеліктерді тұқым қуалау арқылы алады. Бірақ, өте нәзік ерекшеліктердің тұқым қуалау жолымен берілуі өте сирек кездесетін жағдай.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет